Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады.
Кіріспе зерттеудін маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.
Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:
— зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;
— сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;
— зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;
— зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.
Зерттеу объектісі — мәселелік жағдай туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.
Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.
Зерттеудің мақсаты— зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.
Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:
— кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз аның зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;
— құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;
— құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
— жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;
— құбылыстардың жүйесін құру;
— әдістемені белгілеу;
— әдістемені адаптациялау.
Гипотеза (болжам айту) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы — «егер, онда».
Зерттеудіңміндеті— болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына және^пін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.
Зерттеудің негізгі әдістемесі — қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.
Зерттеудің кезеңдері — зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.
Зерттеудің құрылымы — зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды оның санын көрсетеді.
Ғылыми жаңалық — басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.
Іс жүзіндегі маңызы — алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатындығы.