Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан симметриялы нәрселердің бейнесін жасауға үйрету; Оларға композиция жайлы мәлімет беру; балалардың творчестволық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам, әр түрлі гүлдердің суреттері, диапозитивтер, гүлдердің қатырылған нұсқаларының (гербари) жиынтығы. Көрнекті құрал-таблица, құрақ көрпе, жастық.
Сабақтың барысы: Мұғалім сабақты бастамас бұрын әрбір партаға гүлдің қатырылған немесе қолдан істеген нұсқасын таратып береді. Оқушыларға сұрақтар бере отырып, гүлдердің жылдың кай мезгілінде өсетіндігін, қандай гүлдерді білетіндіктері сұралады. Гүлдердің қандай түстерін болатындығы, симметрия ұғымы туралы түсініктер беріледі. Мұнан соң гүлді қағаздан қырқьш алу жолдары көрсетіледі
Аппликацңя аркылы гүл бейнесін жасау үшін кішкене түсті қағаз екіге бүктеледі де гүлдің жарты көрінісі сызылады. Онан соң сол сызық бойынша керек көрініс киып алынады. Алынған көріністің бүктелген қырлары жазы-лып түзетіледі. Онан соң осындай әдіспен бірнеше гүлдің суреті қиып алынып бір түзудін бойынша желімделіп жапсырылады.
Оқушылардың өз бетінше бейнелеу жұмысы кезінде дайын шаблонды пайдалану, гүл көрінісін қырқу, оны бір түзу бойына немесе белгілі бір ретпен қағаз бетіне жапсыру жұмыстары қиын соққан оқушыларға жеке жәрдем көрсетіледі. Артық қалған қиынды қағаздарды ашық жерлерге жапсыруға кеңес беріледі.
Сабақтың барысында осы көрсетілген формадағы гүлдерді пайдаланып бірнеше композициялық өрнектер құрастыру жолдары көрнекті құралдардың жәрдемімен керсетіліп, балалардың құрақ құрау өнеріне деген қызығушылығын арттырады. Халық шеберлері жасаған құрақ көрпе, жастықтардың көркемдік ерекшеліктері жайлы айтылады.