Геоақпараттық жүйелерінің негізгі типтері туралы қазақша реферат
1.Толық функциялы программаларға шолу
2.Геоақпараттық жүйелер-картографиялық жұмыстарды автоматтанды-рудағы базалық программалық қамтулар
ТМД – да ГАЖ – дың кәсіптік және мамандандырылған деңгейі қатар қолданылады. Бағдарламалық өнімдер моделді принцип негізінде қалыптасады. Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады. Барлық жүйелер Windows платформасында жұмыс істейді. Олардың кейбіреулерінің ғана басқа операциялармен жұмыс істейтін версиялары бар («Горизонт – MS DOS, Unix, Linux, MC BC, Free BSD, Solaris, ИНТРОС, ПАРК – MS DOS; Digital Unix, Arc GIS, ArcInfo Solaris, AIX, ArcView GIS – Unix).
Барлық жүйелер көптеген ГАЖ – бен және САПР – мен негізгі алмасу форматтары арқылы кеңістіктік ақпаратпеналмасуды қолдайды.
Атрибутті ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігі одан да біркелкі болып табылады. Көптеген жүйелер ODBCBDE драйверлері арқылы барлық негізгі СУБД – мен жұмысты қамтамасыз етеді. СУБД қолданатын тізімнің басында Oracleтұрады. Көптеген жағдайларда толық функционалды жаңа ГАЖ өз мүмкіндіктерін кеңейте алады. Мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі тәсілі болып табылатын DLL, OCX – кітапханалары қосылған жоғарғы деңгейдегі бағдарлама тілдері (MS Visual Basic, MS Visual С++, Borland Delphi, Borland С++ Builder). Бұл қатарға кірмейтін жүйелерде бар. Map Info Professional сияқты жүйе Map Basic – ті, ал ArcView GIS жүйесі Avenue – де қолданады.
Кең тараған шетел жүйелері болып табылатын ArcView GIS, Map Info Professional, MicroStation/J. Бұл жүйенің аналогы ретінде Ресейлік ГеоГраф, Панорама (Карта 200), ПАРК, GeoLink жүйелерін жатқызуға болады.
Кең тараған бағдарламалық өнімдерді олардың ерекшеліктерін ескере отырып қысқаша сипаттайық.
Arc GIS ArcInfo (АҚШ – тың ESRI фирмасы жасап шығарған). Бір – біріне тәуелсіз екі бағдарлама пакетінен, яғни ArcInfo WorkStation және ArcInfoDesktop – тан тұратын толық функционалды ГАЖ. Біріншісі 3 базалық модульден тұрады: ArcMap – деректерді бейнелеу, өңдеу және сараптау, Arc Catalog – деректерге кіру және деректерді конвертациялаудың кеңейтілген кеңістікті сараптама жасаудың құралы. Қосымша модульдер мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:
— Arc COGO – геодезилық деректермен жұмыс істеуге арналған құралдар мен функциялар жиынтығы.
— Arc GRID – құрамында сандық және сапалық қасиеттеріне байланысты орналастырылған сараптаудың және басқарудың, сонымен қатар күрделі процестерді модульдеудің күшті жиынтығы бар.
— Arc TIN – топографиялық беттерді модельдеуге арналған.
— Arc NETWORK – кеңістіктік тор түрінде топологиялық байланысқан нысандарды модельдеу және сараптау үшін және торда орналастырылған ресурстарды бағалауға арналған.
— ArcInfo геоақпараттық жүйелерді құруды, ормандық, геологиялық және басқа да кадастрлар құруды, көліктік торларды жобалауды және табиғи ресурстарды бағалауды қамтамасыз етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.
2.Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. – М.:Недра, 1992, с.419
3.Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. – М.:Недра, 1988, с.261
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2,3]
1.ГАЖ платформалары
2.Arc GIS ArcView
3.Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер