Жоспар:
I Кіріспе
1.Ежелгі грекияның даму кезеңдері мен философиялық-құқықтық ілімі.
II Негізгі бөлім
2.1 Софистердің құқықтық-саяси идеялары.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде.
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
2.4 Аристотельдің саяси-құқықтық пікірлері.
III Қорытынды:
3.Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы .
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Б.з.д.. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді:аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі). Осындай күрес нәтижесінде б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ілімінде көрініс тапты.
курстық жұмыс / 17 бет