Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі билеген ел бақытты.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Халық қаласа хан түйесін сояды.
Ханның ісі қараға да түседі.
Хан халықтан үлкен емес.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Айна айна емес, халық айна.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.
Халыққа қарсы жүру,
Ағысқа қарсы жүзу.
Көппен көрген ұлы той.
Халық қатесіз сыншы.
Халық – дана.
Берекені көктем тілеме
Бірлігі мол көптен тіле.
Көптің қолы көкке жетеді.
Көптен қулық артылмас.
Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы май жұтады.
Елге дұшпан жерге сыймас,
Жерге дұшпан елге сыймас.
Жер шежіресі – ел шежіресі.
Халық қаһарлы қамал бұзар.
Көп тепкен жерден көл шығады.
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.
Тай тулап үйірінен шықпас.
Елін сатып асаған,
Екі күн-ақ жасаған.
Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.
Елден безген көмусіз қалар.
Халық сүймес,
Халық сүйген –
Суға батпас, отқа күймес.
Атыңнан айрылсаң да,
Ер-тоқымыңнан айрылма.
Қатыныңнан айрылсаң да,
Қазан-ошағыңнан айрылма.
Қазан-ошағыңнан айрылсаң да,
Еліңнен айрылма.
Қасықпен көлді құрта алмайсың,
Қастықпен елді құрта алмайсың.
Қара жерді жамандама,
Қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама,
Қарғысына қаларсың.
Көптен бақыт құтылмас.
Ел құлағы — елу.
Қатардан ассаң да,
Халықтан аспақ жоқ.
Кеңесті елде кек болмас.
Көп күлкісі күннен де жылы.
Көпті сөккен көгермес.
Көп іздеген көмбе үстінен шығады.
Көптің қолы ұзын.
Халық айтпайды,
Халық айтса қалт айтпайды.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
Бестің басы болғанша, алтынның аяғы бол.
Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.
Көптен қоян құтылмас.
Көп түкірсе көл болады.
Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болар.
Көптің көзі көреген,қолы береген.
Көп алғысы көгерер.
Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың.