Экономикалық теорияның ғылым ретінде дамуы және Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму жағдайындағы міндеттері курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе……..3
Жоспар:

І.Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
1.1 Эконоимикалық теорияның даму кезеңдері …..5
1.2 Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері………….7
1.3.Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары………..8

ІІ .Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму жағдайындағы міндеттері.
2.1. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуға көшу тұжырымдамасы…..39
2.2 Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы…………..46
2.3 Қазақстандағы экономикалық саясатының жүргізілуі…………53

Қорытынды……57
Қолданылған әдебиеттер тізімі. …..58

Кіріспе.

Экономикалық ілім тарихи қалыптасқан уақыты-саяси экономия.Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр.Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес , өйткені ғылымның іргетасы , заңдылықтары өзгермейді.Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты  қатынастарды қарастыру мен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтырын да зерттеуі тиіс.Демек,жалпы адмзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар ,әлеуметтік-таптық қарым-қатынастар да жоққа шығаруға болмайды.

Қазіргі экономикалық  ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп,оның негізін экономика, саясат, идеология  т.б. қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымнаң еңбек  және тұрмыс жағдайын жақсартуға , адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге кере тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі.Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді.Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті , адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық  қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс.Ал қоғамдық қатынастардың негізі-өндірістік қатынастар.Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс,айырбас,бөлу,тұтыну қатынастары кіреді,оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды.Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихы орын алған кеңестік экономикаға саяси  экономикалық талдау жасау , сол арқылы  бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

Кеңес одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлаттар Ұйымының мүшелігіне  қабылданды,басқа да тәуелсіз елдер  сияқты әкімшілдік жүйеден  рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып,өтпелі дәуір кезеңдерін  басынан өткізуде.Осыған орай респубдикамызда жаңа өндірістік қатынастар заңдылықтарын ,олардың ерекше көріністерін зерттеу мүмкіндігі ашылды.

Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді  экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу ,экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету,жоғары дәрежелі еңбеке өнімділігіне жету,халық шаруашылығы құрылымында  жоғары техноглогияны пайдалану,халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру,аралас экономиканы қалыптастыру,түрлі меншік иелеріне жол ашу,рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикаысының құрылу жағдайларын қарастыру.Сонымен қатар осыған арналған стартегияларды қарастырып,оның жақты жақтары  мен кемшіліктерін анықтау.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық қайта құруларға және экономиканың жаңа сапалы ахуалға көшу тиімділігінің басты және анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясымен анықталған негізгі жеті бағыттарының бірі — инвестиция тарту осы экономикалық басымдықтың шарты болып табылады. Осы басымдықты іске асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қаражаттарды тарту, осындай даму траекториясына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңартуды білдіреді, Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір салаларды көтеруге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол жеткізе алды.
Сыртқы байланыстарды орнатуға және инвестицияларды кең ауқымда тартуға бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге валюталық қорды толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. «Қазақстан — 2030» Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында қойылған міндеттерді шешу және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму» стратегиясына сәйкес, 2015 жылға болжам – жалпы ішкі өнімді 2000 жылмен салыстырғанда 3,6-3,9 есеге арттыру мәселесі көзделген.
Қазақстанның инновациялық, индустриялық және технологиялық дамуының, ұлттық өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты инвестициялық қызметті белсендіру болып табылады, шетелдік сияқты ішкі инвестициялық ресурстарды қолдана отырып, экономиканың нақты секторындағы салымдар ауқымын әжептәуір кеңейту қажет.
Қазіргі уақытқа дейін депрессиялық тұрақтылықтан жаңа технологиялар базасында ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатуға табысты көшу үшін талап етілетін қаржылық және нақты секторлар институттарының өзара іс-қимылы қалыптастыру, аймақтарда инвестициялық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған тиісті механизмдер құру көзделуде. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

 Курстық жұмыс / 58 бет