Экономикалық өсу және экологиялық проблемалар курстық жұмыс

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Негізгі бөлім:
1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
3.Мұнай өндіруші салалардағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы.

II негізгі бөлім: Экономикалық және экологиялық дамудағы тұрақты жағдайдың маңызы
1.Экология мен экономиканың қатынасы
2.Экономикадағы экологиялық факторлар
3.Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде экологиялық-экономикалық механизимнің тиімділігін арттыру
4. Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты. Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу. Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:

— экономикалық өсу түсінігін қарастыру;

— экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету;

— экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

— экономикалық өсудің типтерін қарастыру;

— экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;

— ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;

— Болашақта дамуын анықтау;

Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс-әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.
Экология проблемасы қысқа мерзімді, өткінші науқан емес, ол мақсатты түрде жүргізілуге тиісті процесс. Ал өндірістің уақыт талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, өзгерістер енгізіліп отыратыны сөзсіз. Ендеше осыған орай табиғаттың өндіріспен өзара байланысы ұдайы да өзгеріп отырады. Өндірістің дамуы нәтижесіндегі антропогендік әсерлер топырақтың құнарлығына, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төніруде. Сондықтан аталмыш мәселе жөніндегі білімді әрдайым тереңдетіп, кеңітіп отыру қазіргі заман талабы.

Курстық жұмыс / 68 бет