Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе — теңдік теориялары курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе………3

І бөлім. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе — теңдік теориялары
1.1 Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары…….5
1.2 Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі…….8
1.3 Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері……………11

ІІ бөлім. Экономикалық өсу – макроэкономикалық тұрақтылықты арттырудағы негізгі фактор
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары………14
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясын құру және қалыптастыру…..17

ІІІ бөлім. ҚР экономикалық өсу мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 ҚР экономикалық өсу мәселелерін жетілдірудің тиімді жолдары…..19
3.2 Экономикалық өсудегі – Жаңа Қазақстан…20

Қортынды………………26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………..27

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбы: «Экономикалық өсу: түрлері, көрсеткіштері, факторлары, нәтижелері»

Қазақстан    1991   жылы   тәуелсіздік  алып,   түбегейлі    әлеуметтік   реформалар    жасауға,   демокартиялық     қоғам   мен   ашық   экономика   орнатуға    кірісті.    Содан   бері    еліміз    жеке     меншік    және   еркін   бәсекелестікке    негізделген    нарықтық    экономика    құру   жолына    түсті.

Қазақстандағы    нарықтық     жаңғырулар     Үкімет    бағдарламаларына   сәйкес     кезең   —  кезеңімен    және     әр   кезеңнің     түрлі    мақсаттары   мен   міндеттерін   айқындау     арқылы   жүргізілді.

1990  —   жылдардың     басында   нарықтық    қарым   —   қатынастардың     заңнамалық     және    институттық    бағаларын   жасауға    көңіл   бөлінді.     Реформалардың    алғашқы    кезеңінде    Қазақстанның   әлеуметтік  —   экономикалық    дамуы    саласындағы   болашақ    табыстардың    негізгі   қаланған   болатын.

1995   жылы    реформаларды    тереңдетудің    тиімді     құралына   айналған     Қазақстан    республикасының    Конституциясы      қабылданды.    Конституция    мемлекеттің   ішкі    саясатында    қалыпты    жағдайды    сақтауды    қамтамасыз   етіп,    ел   экономикасының    жемісті    дамуының    алғышарттарын   жасады.

1990  —  жылдардың   екінші    жартысында    макроэкономикалық   тұрақтылықты   қамтамасыз  ету,   заңнамаларды    одан   әрі   жетілдіру   қаржылық   жүйе   мен   өндірістік  секторды   дамыту,     әлеуметтік   түрлендірулер   өткізу   реформалардың   басты   бағыттарына   айналды.

«Қазақстан  —  2030»   Даму   стратегиясының    қабылдануы   экономиканы   тұрақты   дамытудың     ұзақ   мерзімдік    мақсаттарымен    басымдылықтарына    қол   жеткізуге   бағытталған   жасампаз   үрдістің   басы  болды.

Байсалды   экономикалық  саясаттың  арқасында    еліміздің   макроэкономикалық   жағдайы   қалыптасып,   өнеркәсіп   және  ауыл   шаруашылығы    өнімдерін   өндіру   артты,   негізгі   қорға   инвестиция   салудың   жоғарғы   қарқынына  қол   жетті.

2000   жылдан  бастап   Қазақстанның   дамуы   экономиканың   қарқынды   өсуімен,    қолайлы   инвестициялық   жағдаймен,    өндірістік  сектордың    тұрақты   жұмысымен,    халықтың   тұрмыс  деңгейінің    өсуі   нәтижесінде   ішкі   сұраныстың  артуымен   сипатталады.

Қазақстан   қазір    Достастық    елдер  ішінде   әлеуметтік  —  экономикалық   көрсеткіштер  бойынша   көш  басында  келе  жатыр.

ҚР   Президетінің   2006   жылғы  1 —  наурыздағы   Жолдауы   алдымызға  аса   зор  міндет  —  әлемдегі  бәсекелестікке  қабілетті   ең   үздік   елу  елдің  қатарына    қосылу  міндетін  қойылып  отыр.

Әлеуметтік  —  экономикалық   дамудағы   жетістіктер   Қазақстанға   ұзақ  мерзімдік кең   ауқымды   міндеттерді    белсенділікті   шешуге,   бүкіл  әлемдегі   өз   әрекеттерін  кеңйте  түсуге  мүмкіндік  беруде.

Курстық    жұмыс  мақсаты  —  ел   дамуының  стратегиясын   айқындау  және  оларды талдай  отырып,   болашаққа  деген  оң  жетістіктерге  жету   жолдарын   саралау   болып  табылады.

Курстық   жұмыс  тапсырмалары:

—  экономикалық өсу  мағынасын  ашу;

— ел  болашығын   жоспарлау мен   айқындау;

— экономикалық  даму   стратегиясының   жетілдіру   сатыларын   айқындау.

 Курстық жұмыс / 28 бет