Экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…….3

1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……….5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы….9

2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау…..17

3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары……25

Қорытынды…………………28
Пайдаланылған әдебиеттер…..30

К І Р І С П Е

Курстық жұмыстың өзектілігі — экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.

Кез келген мемлекеттің  экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің  дамуының  негізі – банк жүйесінің  қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың  өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің  мазмұны мен атқарылымы оның  экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің  маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

— өндірістің  үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

— ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

Банк — өзінің  жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

Банктердің  ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның  үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің  процессін жеделдетеді.

Банк ісінің  ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің  ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері  банк  ісінің  технологиясы айтарлықтай өзгерген.

Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің  барығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің  1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі деңгейлі банк жүйесі бар бірінші деңгейдегі мемлекеттің  Ұлттық банкі, ал басқа банктердің  барлығы екінші деңгейлі, яғни, коммерциялық банктер» делінген.

Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың  даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің  орталығы барлық экономиканың  негізгі түйіні болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының  экономикалық ахуалының  дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің  белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның  әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының  төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың  перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемелердің  қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді.

Курстық жұмыстың  мақсаты — банк ісінің  және банк жүйесінің  дамуына, шығу тегіне сипаттама бере отырып, Қазақстанның  банк жүйесінің  дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың  міндеттері болып:

—         Қазақстанның  банктері мен банк жүйесінің  даму тарихына тоқталу;

—         Орталық банктің  дамуы мен қызметтерін қарастыру;

—         Коммерциялық банктердің  дамуы мен қызметтерін қарастыру.

Курстық жұмыстың пәні — ол экономикадағы банк ісінің құрылымы мен даму     жолдары болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі — банк ісі болып табылады.

Курстық жұмыс үш бөлімнен: бірінші бөлімде — банк жүйесінің  теориялық негізі онда: банктердің  даму тарихы мен банк жүйесінің  құрылымы мен қызметтері, екінші бөлімде — Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері онда: Орталық банк және оның  қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау жасай отырып, проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған.

ал үшінші бөлімде — Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің  дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған.

Курстық жұмысты жазу барысында, қарастырылған Жүнісов Б, Сейітқасымов Ғ.С. және Мақыш С.Б. кітаптардың, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы және Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарының негізінде осы тақырыпты көптеген әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады.

  Курстық жұмыс / 30 бет