Дүние жүзінің экономикалық саяси-әлеуметтік географиясы туралы қазақша реферат
№1 Сарамандық жұмыс
1. Тақырыбы: Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы.
2. Мақсаты: Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы. Басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымы.
3. Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси — әкімшілік картасы және статистикалық газет материалдары, кескін карта.
Бұл білім бекітуге арналған сарамандық сабақ түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру бойынша жұмыс істеу әдістерімен өткізілді.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушылардың міндеттері мен жұмыс түрлері таныстырылды. Білімдерін бекіту кезеңінде мынадай тапсырмалар орындалды
1. Тапсырма: Дүние жүзі елдерінің жіктемелік кестесін құрастыру:
а) басқару түріне
ә) мемлекеттік құрылымына қарай.
2. Тапсырма: Жер шарындағы «отты нүктелерді» кескін картаға белгілеу.
№2 Сарамандық жұмыс
1. Тақырыбы: Дамыған «Үлкен жетілік » елдері.
2. Мақсаты: Сабақтың негізгі мақсаттары мыналар: оқушылардың экономикасы дамыған елдер туралы білімін кеңейту және жүйелеу 9-сыныпта алған білімдерін нақтылау: әр түрлі білім көздерін пайдалана отырып тақырыпқа сай өз бетімен ақпарат жинау ізденісін арттыру: топпен жұмыс істей отырып және өз білім деңгейін бағалай білуге уақытты ұтымды пайдалануға және жылдамдыққа тәрбиелеу. Өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тудыру.
Сабақ Қазақстанның экономикалық географиясы әдебиет тарих пәндерімен байланыстырылып өтті.
1. Ұйымдастыру кезеңінде «Сарыарқа » күйі қойылады. Алдарына мемлекет рәміздері қойылған парталарға әр ел өкілі жайғасады.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Дүниежүзінің саяси картасында 230-дай мемлекет бар. БҰҰ классификациясы бойынша олардың алпысқа жуығы экономикасы дамыған елдер. Олардың экономикасы және әлеуметтік даму деңгейі жоғары. Ерекше топты «Ұлы жетілік » елдері құрайды. Олар: Ұлыбритания, Франция Германия, Италия ,АҚШ,Канада, Жапония. Дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің жартысы ауыл шаруашылық өнімінің 25% астамы солардың үлесіне тиеді. Ресейдің де экономикасы даму жөнінен осылармен пара-пар. Сондықтан қазір «Ұлы сегіздік » деп аталады. Бірнеше мемлекет өкілдері бізде қонақта.
3. 1-оқушы. Қош келдініздер Бізде қонақта Жапония, Франция, Германия және Ұлыбритания елдері өкілдері.
2-оқушы. Сіздерге Қазақстан мемлекеті туралы оның бүгінгі танысы жайында әңгіме етейін.
1-сайыс.
Әр елден бір өкіл тұрып әзірлеген буклетті қорғайдыжәне мемлекеттің ұлттық дәстүрі рәміздері экономикадағы жетістіктері ұлттық өнері және т. с. с. туралы айтып көрсетеді. Неғұрлым мағлұмат қызықты терең болса соғұрлым жоғары бағаланады. Әр өкілге 3 минуттан беріледі.
2-сайыс. 90 секунд.
Әр топ 1.5 минут ішінде 17 сұраққа тез жауап береді.
1 Италия қай түбекте орналасқан ? «Аппенин».
2 АҚШ-тың батысындағы тау жүйесі «Кордильер».
3 АҚШ-тың оңтүстік көршісі «Мексика».
4 Әрбір төртінші жер сілкінісі қай елде болады? «Жапония».
5 Германиядағы ірі өзен ? «Рейн».
6 АҚШ-тың байырғы тұрғыны ? «Үндістер».
7 «Фиат» автомобиль фирмасы қай елде ? «Италия».
8 Жапондақтардың букет құрау өнері ? «Икебана».
9 19 ғасырда Африканы зерттеген ағылшын саяхатшысы? «Д. Левингстон».
10 Сағат жасаудан бірінші орынды алатын ел ? «Жапония».
11 Канаданың ақша бірлігі ? «Канада доллары».
12 Канада туында не бейнеленген? «Үйеңкі жапырағы».
13 «Граф Монте-Кристо» романының авторы? «А. Дюма. Франция».
14 Дүниежүзінде ең бірінші паровоз қай елде жасалынды? «Англия».
15 АҚШ-та «Магнолия штаты» ? «Миссисипи».
16 Италияның территориясындағы мемлекет ? «Ватикан».
17 Майн Рид «Су әкесі» деп атаған өзен ? «Миссисипи».
Осылайша басқа топтарға да сұрақтар дайындалады.
Үзіліс. Жапондар шығыс күресін «сумо» көрсетеді.
3-сайыс. Аудармашылар сайысы.
Конверт таратылып әр топқа үш сөзден беріледі. Аудармасы қалай қай елден алынғаның түсіндіру керек.
Мысалы 1-конверттің ішінде: тайфун ( қытай тілінен тай-фын үлкен жер). Демография (грек. Тілінен демос-халық графо-жазу). Альянс ( француз тілінен одақ немесе бірігу).
4-сайыс. Географиялық пошта.
Әр топқа сыртында дүние бөліктері жазылған атты конверттен беріледі. Үстелде елдер және географиялық обьектілер жазылған үлестірмелер жатады. Оқушылар тиісті конвертке салып қазылар алқасына өткізеді.
5-сайыс.«Егер мен туристік фирма қызметкірі болсам…».
Екі минут ішінде әр мемлекетөкілі өз еліне қызықты саяхаттың жоспарын ұсынады. Әзірлеп әкелген ұлттық тағамдарын қорғай отырып әділ қазыларға ұсынады.
Әділ қазылар қорытынды шығарғанша қонақтарға сол елдер туралы әр түрлі танымдық сұрақтар қойылады. Бағалар қойылып белсенді оқушылар ерекше аталады. Қалған уақытта сабаққа қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Музықалық сәлем. «Аққу күйі».
Оқушылар сабаққа өте белсендіқатысып және бір сәт осы елде болып қайтқандай әсер алды. Бағдарламадан тыс материалдар көп жинақталған. Кабинетте дидактикалық материалдар қоры молайды. Жүргізушілер (9-сынып оқушылары) дүние жүзі мемлекеттері туралы біршама мағлұматтар алды.