Деректер базасының реляционды схемасы туралы қазақша реферат
Мәліметтерді кестелер немесе реляциалар түрінде көрсететін мәліметтер моделі мәліметтердіц реляциялық моделі болып табылады. Реляция дегеніміз жатық және тік жолдардан түратын екі олшемді кесте. Код моделінде кестедегі мәліметтермен жүмыс жасауға екі тілді қолдануды үсынылады: реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу. Бүл теориялар математикалық логиканың бөліктері. Оларда кестені relation (қатынас) деп атайды. Осы тілдердің екеуіде мәліметтермен физикалық көрсеткіштер негізінде емес, олардың логикалық сипаттамалары арқылы жұмыс істеуді қамтамасыздандырады.
Кесте түсініктемесі реляциялық модельдің негізі болып табылады. Мәліметтер қорын кестелер жиыны деп түсінуге болады. Бірақ бүл кестенің түсініктемесі тек қана мәліметтерді көрсету түріне қатысты, дискіде немесе жадыда жазбаларды физикалық іске асыруымен еш қандай байланысы жоқ.
Реляциялық МҚБЖ-де ең кемінде екі шарт орындалады:
1) пайдаланушылар мәліметтерді кесте түрінде қабылдайды;
2) пайдаланушы коне кестелерден бар болатын операторларды қолданып жаңа кестелерді жасауларына болады.
Кестеге операцияны қолданған кезде нәтижесінде кестені алатынымыз өте маңызды қасиет (реляциялық бекітілу қасиеті). Басқа сөзбен айтқанда бір түрлі объектке операцияны қолдансақ нәтижесінде бірдей типті объектті аламыз.
Реляциялық модель негізінде келесідей түсініктемелер болады: мәліметтер типі, атрибут, домен, бастапқы кілт, қатынас.
Реляциялық модельдегі мэліметтер типі деген тусініктеме программалау тілдердегі осындай түсініктемемен толығымен сәйкес. Әдетте символдық, сандық, календарлы, ақшалы, және биттік типтер қарастырылады.
Ақпаратты сақтау үшін атрибут қолданылады. Реляциялық модельдегі атрибут түсініктемесінің мағнасы ЕК-модельдегі объект қасиетімен бірдей. Атрибуттың аты мен типі болады. Қатынас қүрылымы атрибуттар жиыны мен олардың типтерінен қүрастырылады. Атрибуттар саны реляция дәрежесі (рангі) болып табылады.
Атрибуттар реті маңызды емес деп есептелінеді. Сондықтан, реляцияның ешқандай екі атрибутарыныц аттары бірдей болмауы керек. Атрибуттың қабылдайтын барлық мәндерінің жиыны атрибут домені (аймағы) деп аталады. Реляциялық модельде доменнің үлкен ролі бар. Ол анықтама функциясын іске асырады. Доменді қолдану көптеген салыстыру қателерден сақ болуды орындайды. Мысалы, бір түсініктемені бірнеше рет енгізген кезде (мыса- лы, енгізу қатесі болса). Сонымен бірге бар позицияларынан қажеттісін таңдауды орнатып домен енгізуді бақылау және классификациялау функцияларын орындайды. Доменнің барлық элементтерінде мәліметтер бір типі болады және кейбір логикалық шартты қанағаттандырады. Домен элементі сан, символдық жол, дата болуы мүмкін, бірақ мас- сивтер, тізімдер сияқты күрделі қүрылым емес.
Атрибуттардың екі аймағы бірдей болу үшін олардың бірдей мағнасы болуы керек. Екі атрибуттың аймақтары бірдей болса, олардың аттары әртүрлі болуы мүмкін. Әр атрибуттың мәндері бір доменнен болады яғни атрибут берілген жиыннан мәндерін қабылдайды. Көбінесе атрибут аты домен атымен бірдей болады.
«Атрибут аты, атрибут мән» жұптардың жиыны қатынастыц кортежі болып табылады, сонымен бірге әр атрибут кортежге тек қана бір рет кіреді. Кортеж қатынастың денесі (реляциялардың жатық жолдары) деуге болады. Ол толтырылған атрибуттар жиындарынан тұрады. Қатынаспен бейнеленетін объект туралы ақпаратты кортеж береді. Егер де атрибуттар мен домендер құрылымды белгілесе, кортеж ақпаратпен толтыру болып табылады.
Қатынастың бір сұлбасына сәйкес кортеждер жиынтығы қатынас болып табылады. Практикада қатынасты кесте түрінде көрсету ыңғайлы; қатынас сұлбасы кестенің ат жолы, ал кортеждері жатық жолдары болып табылады; сонда атрибуттар аты кестенің тік жолдарының аты болады. Жатық жолдардың алдын ала белгілеген реті жоқ, сондықтан кез- келген екі кортежініц мәндерінің жиынтығы бірдей болмауы керек.
Егер де атрибут қолданылмаса немесе оның мәні белгісіз болса, оған меншіктелетін мән бос мән болып табылады.
Реляциялық кестенің әрбір кортежін бір мағналы анықтайтын атрибуттардың кез-келген жиынтығы суперкілт деп аталады. Минималды суперкілт яғни атрибуттардың минималды жиыны реляцияның кілті болып табылады. Егер де кілт құрамына екі немесе бірнеше атрибуттар кірсе кілт қүрамды кілт деп аталады.
Кез келген реляциялық кестеде кілт болып таңдалынатын атрибуттар жалғыз болмауы мүмкін. Олар потенциалды кілттер деп аталады. Кілт ретінде таңдалынған потенциалды кілт бастапцы кілт деп аталады. Әдетте бастапқы кілт ретінде пайдалануға ыңғайлы потенциалды кілтті таңдайды. Бастапқы кілтті әдетте кілт деп атайды. Реляциялық кестені белгілеуде кілттік атрибутты астынан сызып қояды немесе басқа шрифтпен белгілейді.
Сонымен, сыртқы кілт дегеніміз басқа кестенің кілті болып табылатын атрибуттар жиыны. Сыртқы кілттер кестелер арасындағы маңызды байланыстарды орнатады. Сыртқы кілттің атрибуттарының аттары сәйкес кілттің аттарынан бөлек болуы мүмкін. Өз реляциялық кестесіне сілтеме жасайтын сыртқы кілт рекурсивті сыртцы кілт деп аталады. Сыртқы кілттер туралы ақпарат өте маңызды болғандықтан реляциялық кестелерді анықтағанда міндетті түрде сыртқы кілттердің анықтаулары көрсетіледі. Реляциялық кестенің жалпы белгілеуі: реляция атынан кейін жақшада оның барлық атрибуттары аталады.
Реляциялық кестелердің аттарынан, олардың атрибуттарының аттарынан, кілттік атрибуттарынан, сыртқы кілттерінің анықтамаларынан түратын толық тізім мэліметтер кррыныц реляцияльщ сұлбасы деп аталады.
Кесте түсініктемесі реляциялық моделдің негізі болып табылады. Мәліметтер қорын кестелер жиынтығы деп түсінсе болады. Бірақ бұл кестенің түсініктемесі тек мәліметтерді көрсету түріне қатысты.
Реляциялық МҚБЖ де ең кем дегенде екі шарт орындалады:
а) пайдаланушылар мәліметтерді кесте түрінде қабылдайды;
б) пайдаланушы көне кестелерден бар болатын операторларды қолданып жаңа кестелердіжасауларына болады.
Ақпараттарды сақтау үшін негізінде атрибут қолданылады. Реляциялық моделдегі атрибут түсініктемесінің мағынасы моделді обьект қасиеттерімен бірдей.
Атрибуттың аты мен типі болады. Қатынас құрылымы атрибуттар жиыны мен олардың типтерімен құрастырылады. Атрибуттар саны реляция дәрежесі болып табылады.
Атрибуттур реті маңызды емес саналады. Сондықтан реляцияның ешқандай екі атрибуттарының аттары бірдей болмауы керек. Атрибуттың қабылдайтын барлық мәліметтерінің жиынтығы атрибут домені деп аталады. Реляциялық моделде доменнің үлкен маңызы бар. Ол анықтамафункциясын іске асырылады.
Мәліметтер қорындағы реляциялық кесте нормалық қатвнасқа сай болуы керек.
Реляциондық берілгендер қоры бір-біріен байланысқан кестелерден тұрады. Бір кесте көмегімен берілгендер арасында қарапайым байланыстарды құру ыңғайлы, әсіресе кестеде сақталынатын мәліметі бар бір объектті көптеген объекттерге бөлу. Әр объеттердің қасиеті пен құрылымы бірдей болады. Мысалы кестеде бөлім қызметкерлердің келесі мәліметтері сақталынуы мүмкін: фамилиясы мен толық аты-жөні, жынысы мен ұлты, жасы мен білімі.
Бір кесте ішінде берілгендердің толық логикалық құрылымын көрсету мүмкін емес болса онда кестелерді байланыстыру әдісі қолданылады. Реляциондық берілгендердің физикалық сыйымдылығы қарапайым файлдар арқылы жүзеге асырылады.
Берілгендер қорын құрайтын кестелер қатты дискте орналасқан каталогта сақталады. Ал кестелер файлдарда сақталады. Әр бір кестелер үшін бірнеше файлдар құрылады. Яғни түрлі мәліметтер, кілттер, индекстер және т.б.
Ең аз реляционды берілгендер моделінің бірлігі – ол бөлек ыдыратылмайтын берілгендер мағынасының моделі. Бір облыста фамилиясы, аты жөні біріңғай мағына ретінде қарастырылса, ал басқасында – үшеуі әртүрлі мағыналар ретінде қарастырылады.
Реляционды берілгендер қоры моделінің жетістіктері — ол берілгендерді өңдеудің қарапайымдылығы мен ыңғайлығында. Оның осы қарапайымдылы мен қолдану ыңғайлығы реляционды модельдердің кең қолдануына себеп болдды.
Ал оның негізгі кемшіліктері — ол жад қолданудың үнемді еместігі және берілгендердің өңдеу жылдамдығы кесте мөлшеріне байланыстылығы, иерархилық және желілік байланыстарды құрудың қиындылығы.
Сонымен реляциондық берілгендер қоры берілгендер қорында сақталынатын бүкіл мәліметтерді қамтитын қатынастар жиынтығын анықтайды. Толық қатысулы специализация әр класс асты болмысы сол специялизация класс асты құрамында болуы керек. Суперкласстар және специялизацияны толық қатысуды бейнелеуді екі сызықпен көрсетеді.
Модельде бар барлық атрибуттардың домендерін анықтау бұл деңгейтың негізгі міндеті. Домен дегеніміз бір немесе бірнеше атрибутқа мән беретін элемент. Атрибуттар доменін анықтаған соң олардың аттары мен мінездемелері мәліметтер сөздігіне қойылады.
Пайдаланған әдебиеттер
- А.Н.Наумов, А.М.Ведров, В.К.Иванов и др., Система управления БД и знаний: Справочное издание / —М.: Финансы и статистика, 2002. -348с.
- Ибраева Л.К. «Мәліметтер қорларын жобалау» оқу құралы – Алматы: АИЭС, 2010
- www.Malimetter.kz сайты
- Ибраева Л.К.Основы работы в СУБД Access: Методические указания практикуму. – Алматы: АИЭС, 1998