Дәлелденетін формуланың анықтамасы туралы қазақша реферат
а) Әрбір аксиома дәлелденетін формула болады.
б) Кез келген В формуласынан х айнымалының орнына алмастыруды қолдану нәтижесінде алынған формула – дәлелденетін формула.
в) А және дәлелденетін формулаларға қорытындылау ережесін қолдану нәтижесінде алынған В формуласы – дәлелденетін формула болады.
г) Тұжырымдар есептелімінің ешқандай басқа формуласы дәледенетін болып саналмайды.
Дәлелденетін формулаларды шығару процесін формулалардың дәлелдеуі (шығаруы) деп атаймыз. Бұл бір дәлелденетін формуладан әр қадамда аксиомаларды, алмастыру және қорытындылау ережелерін қолдану көмегімен басқа дәлелденетін формулаға өту процесі (белгілі мағынада логика алгебрасындағы тепе-тең түрлендірулердің аналогі), сондықтан қарапайым формуланың шығаруы да көпқадамды, күрделі болуы мүмкін.