Цифрлық топографиялық ақпараттарды жинау туралы қазақша реферат
1.Цифрлық топографиялық ақпаратты жинау
2.Дигитализация әдісімен топографиялық ақпараттарды жинау
Қазіргі уақытта картографиялық метериалдардың дигитализациясы сандық топографиялық және картографиялық ақпараттар алудың ең кең тараған және сенімді әдісі болып табылады. Ол, графикалық материалждардың — карталар, жоспарлар, фотокарталар және ортофотожоспарлардың, жартылай автомат карта жасаудың топонегіздері және т.б. ұқсас-сандық қайта жасалуын білдіреді. Бұл қайта жасалудың нәтижесінде объектердің контурлары мен горизонттары олардың тұрған нүктелерінің координаты түрінде көрсетіледі және техникалық тасымалдаушыда автоматты түрде тіркеледі. Осы тасымалдаушыға семантикалық және синтаксистік ақпарат жазылады. Мәліметтерді салыстыру ерекшеліктеріне сәйкес дигитализацияның бірнеше әдісін ерекшелейді.
Геометриялық ақпарат үшін дигитализацияның негізгі үш түрі ғана бар – нүктелі, сызықты қадағалау және сканерлеу. Векторлық үлгі бірінші екеуінің нәтижесі болып табылады, ал үшіншісінікі – контурлардың растрлық үлгісі.
Нүктелі әдісте оператор дигитайзердің мегзегішін кезекпен нүктелерге апарады және сол кезде олардың координаттары автоматты түрде техникалық тасымалдаушыға тіркеледі. Түзу сызықтар басынан бастап аяғына дейін нүктемен беріледі, ал қисық сызықтар көзбен шолу арқылы алынатын тән нүктелердің тізбегімен көрсетіледі.
Сызықты қадағалау, мегзегішті бастапқы нүктеге оператор орнататын жартылай автоматты тәртіпте жасайды, ал қадағалаудың өзі құралдың ішінде автоматты түрде жасалады. Сызықтың нүктелерінің координаттары онымен қоса, уақыттың тең аралықтары арқылы (мысалы, 0,1 с қадаммен тапсырылған, 0,5 бастап 10 с дейін), немесе жолдардың тең кесіндісі арқылы (мысалы, 0,1 мм қадаммен 0,1 бастап 10 мм дейін) белгіленеді.
Сканирлеумен дигитализациялау, шешілетін материалдың және кесіп өтілетін сызықтардың нүктелерінің координаттарының бекітілуіне қатысты салыстырушы құралыдың тізбекті жол сайын ауысып отыруы арқылы картографиялық материалдарыдың автоматты түрде салыстырылуын қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, нүктелі әдіс ең тиімсіз болып табылады және қол еңбегін көп қажет етеді. Сонымен қоса, ол оңай және қолданысқа енгізуде сенімді болғандықтан, кеңінен қолданылады. Басқа екі әдіс меңгерілу деігейінде және көп жағдайда аппаратты жүзеге асудың деңгейіне тәуелді болады.
Ақпараттың басқа түрлерінің жиынтығы – қызметтік, синтаксистік және семантикалық – дигитализация кезінде түрлі әдістермен шығарылады: «мәзір» техникасының көмегімен, мәліметтерді қолмен енгізу арқылы, «дауыстан» арнайы құралдарды енгізумен, ЭЕМ-дегі сәйкес өндеулер арқылы сканирлеудің мәліметтерін танумен.
Қарастырылған әдістердің ішіндегі ақпараттық мағынадағы үлкен дүддені, семантикалыө ақпараттарды макрокодтаудың инженерлік қағидасында негізделетін «мәзір» техникасы білдіреді. Бұл әдістің мәні, кейбір жиынтықтарға немесе семантикалық ақпараттың жеке элементіне сәйкесінше дигитайзердің жұмыс алаңының көп нүктесі қойылатынында, сондықтан бұл көптің кез келген нүктесінің екі координаты осы ақпараттың коды болып табылады. Ақпараттардың семантикалық және басқа түрлерінің жинақтаудың бұл әдісі жалпы дигитайзердің жұмыс алаңында торлы графалаудың бір немесе бірнеше кестесінің құрылуы және үлестірілуі арқылы жүзеге асады. Кестенің әр торына қандайда бір белгі, шартты белгі, жазба немесе бүтін мәтін орналастырады. Кестелер сменалы болуы мүмкін, онда кодталатын ақпараттың кез келген жиыны болуы және операторға ыңғайлы жерде орналасуы мүмкін.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. Под ред. Е.И. Халугина. — Москва: Недра, 1992.
2.Справочное рабочее пособие «Credo_dat Камеральная обработка инженерно-геодезических работ». НПО «КРЕДО-ДИАЛОГ». — Минск: 2000.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2]
1. Жерді саңдық картографиялау ақпараттық үрдісінің негізгі құрамдас бөліктері және мәні