Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
— есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
— оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
— шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауынын себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты — адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
— Ежелгі дүние.
— Ортағасырлық.
— Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
— Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.
— XX ғ. — бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.
Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бәрі есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеітегі) папирустар хронологиялык тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар — бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер колданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.
Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.
Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі — жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы — тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.
Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі — айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнін біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құл өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.
Үшінші ірі еңбек бөлінісі — көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.