Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні

Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні туралы қазақша реферат

Басқару есебіэкономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияга негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.

Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:

  • негізгі құралдар — еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, ендірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы мен пайдалану;

материалдық емес ресурстар — мерзімнен бұрын каржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);

  • материалдык ресурстар — еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
  • еңбек ресурстары — кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек  ететін  көпшілігі,   мақсатқа  сәйкес   қызмет  пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынныңөндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:

  • қамтамасыз ету    дайындау;
  • өндірістік;
  • қаржылық-өткізушілік;
  • ұйымдастырушылық.

Бухгалтерлік басқару есебі — есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық белімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.

Жауапкершілік орталығы — шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтыңбөлімшесі үшін анықталады.

Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты) зертханасы және т.б.).

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:

  • шығын орталығы;
  • кіріс орталығы;
  • пайда орталығы;
  • инвестиция орталыгы.

Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды баға-лау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өңдіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.

Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек: .

Әрбір шығын орталығы — жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауга көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталықка шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.

Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:

—        берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;

—        берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз
шамаға жеткізу.

Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.

Кіріс орталығы — жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның кетерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынган кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығар-да нәтижелерді кесімді белгілеу.

Пайда орталығы — бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі — алынған пайда мелшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығын-дардың кұны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер тура-лы ақпарат ұсынуға тиісті.

Инвестиция орталықтары — кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері ез бөлімшелерінің шығыңдары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.

Басқару есебінің мәні — шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорының болашақ  даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).

Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.

Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежссіне байланысты кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырыманнемесе орталықтандырылмағанболып сипатталуы мүмкін.

Орталықтанған ұйымдарфункционалді принциптер бойынша (әкімшілік,қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.

Орталықтандырылмаганқұрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.

Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:

—        жоғары  мамандандырылған  басқару  құрамының бар
болуы;

—        тұтастай ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.

Таңдалған ұйымдастырулық кұрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта болады.