Бухгалтерлік басқару есебінің заңнамалық және әдіснамалық негіздері

Бухгалтерлік басқару есебінің заңнамалық және әдіснамалық негіздері туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есептің методологиялық негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже белгілейтін) құжаттар жүйесімен реттеледі. Бес деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС); құқықтық-нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорынның (жұмыс) құжаттары.

Нормативтіқұжаттар жүйесінің бірінші заңнамалықдеңгейіне мына заңдар жатады:

  1. ҚР азаматтық кодексі, 1 және 2 бөлімдер.

ҚР-ның 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырумен);

3. КР-ның 2001 ж. 21 маусымдағы №209-11 бюджетке «Салықтар және басқа міндетгі төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен).   — Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. Олар — бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп жасаудың жалпы ережелері мен тәсілдері. Қазіргі уақытта БҰҰ-дағы Халықаралық стандарттар жөніндегі комитет 41 стандарт жасап шығарды. Қазақстан 2003 ж. 1 қантарынан бастап қаржылып есеп жасау ҚЕХС сай жүзеге («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңның 2-1 бабы).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Үшінші деңгей- әдістемелік ұсыныстар, құқықтық-нормативтік акт нұс                                                                                                 аулар, нұсқауларды ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік органдар жасап шығарады. Олар салалық ерекшеліктерге сәйкес есептік стандарттарды нақтылайды. Мысалы, 2002 ж.                             18 қыркүйектегі 438 шоттарының үлгі жоспары және оны қолдану жөніндегі нұсқау.

Нормативті құжаттарының төртінші деңгейі кәсіпорынның есеп саясаты мен қызмет құжаттары. Олар ұйымның есеп жүргізу ерекшеліктерін белгілейді. Маңызды құжаттардың бірі болып кәсіпорынның есептік саясатын бекіту туралы бұйрық саналады.

Есеп саясаты — бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Есеп саясатын құрайтындар:

1.  Бухгалтерлік есептің әдістемесі.

1.1.Объектілері негізгі құрал-жабдықтарға және шаруашылық керек-жарақтарына жатқызу белгілері (критерийлері).

1.2.Негізгі  құрал-жабдықтардың амортизациясын  есептеу әдістері.

Негізгі құрал-жабдықтарды есептеу мен қаржыландыру тәртібі.

1.4.Материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу тәртібі.

1.5.Материалдық-өндірістік  қорлардың  есептік топтарын жасау.

1.6.Материалдық құндылықтарды дайындау, алу, бағалау операцияларын шоттарда көрсету әдістері.

1.7.Өндіріс шығындарын топтастыру мен есептен шығару. Жанама шығындарды бөлу әдісі. Болашақ кезеңдер шығындарды өтеу мерзімі. Бітпеген өндірісті бағапау. Өнімнің, жұмыстың, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілі.

1.8.Өнім  шығару,  жұмыс  көрсететін   қызметті   есептеу әдістері.

1.9.Өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен кірісті тану.

1.10.Бағалау резервтерін құру тәртібі.

1.11.Қарыз бойынша процентті есепте көрсету.

1.12.Бағамдық айырманы есептеу тәсілі.

1.13.Резерв жасау.

1.14.Дивиденд есептеу.

2. Бухгалтерлік есепті жүрізу техникасы.

2.1. Шоттардың жұмыс жоспарын жасау.

2.2. Бухгалтерлік есеп түрін таңдау.

2.3. Есеп ақпаратын өндеу технологиясы (қолмен, автоматтандырылған, компьютерлік).

2.4. Өндірістілік бақылау мен есептілікті ұйымдастыру.

2.5. Мүлік пен міндеттемелерді түгендеу жүргізудің саны мен

мерзімін белгілеу.

3. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

3.1.     Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері.

3.2.     Бухгалтерлік қызметтің басқа бөлімшелер мен өзара іс-
қимылының тәртібі.

3.3.     Бухгалтерлік ақапаратты ұйымдық құру.

3.4.     Жеке есептік топтар, бөлімшелер мен қызметкерлердің
құрама мен бірге бағыныштылығы.

Есеп ақпараты қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын  әзірлеу.

Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйырығымен ресімделеуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады. Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі. Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік басқару есебі дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірибе мен дәстүрді ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғы шарттар пісіп-жетілді