Брэдфорд бойынша белокты анықтау
Ерітіндіні келесі реттілік бойынша дайындадық: 100 мг кумассиді 50 мл этанолда ерітіп, оған 100 мл 85% H3PO4 қостық. Пайда болған қоспаны сүзгіш қағаздың көмегімен сүзіп, көлемін дистилденген сумен 1 литрге жеткізді.
Бірінші қатардың шұңқыршықтарына 100 мкл концентрациясы белгісіз белок сынамасын және 1мг/мл концентрациясында бақылау ретінде сиыр қан сарысуының альбуминін еңгізді. Келесі қатардың шұңқыршықтарына 50 мкл-ден ФТЕ (рН 7,2-7,4) құйды. Бақылау және зерттелетін белок сынамаларын 50 мкл көлемінде жоғарыдан төмен қарай титрледі. Әр шұңқыршыққа 50 мкл Брэдфорд ерітіндісін құйып, нәтижесін 405 нм толқын ұзындығында спектрофотометрдің көмегімен немесе жай көзбен қарау арқылы бағалады.