Моноклоналды антиденелердің препаративті мөлшерін алу (in vivo жән in vitro)

In vitro жағдайында моноклоналды антиделердің препаративті мөлшерін алуда,  25 мл көлемдегі  RPMI-1640  ортасына 10%  сиыр ұрығының феталды қан сарысуы қосылған пластикті матрацтарда жүзеге асырылды. Культивирлеу  37°С температурада СО2-инкубатор жүзеге асты. Моноклоналды антиденелердің  жиналуын,  орта түсінің өзгеру интенсивтілігімен және ИФТ-ң жанама қойылымымен  бақыланады. ИФТ-ң жоғары оптикалық тығыздылығы және оң нәтижесі бойынша, матрацтардан культуралды сұйықтықты жинау гибридттік жасушаларды (1000 айн/мин 10 минут бойы центрифугалау) бөліп алу реттілікпен  өткізіледі. Алынған културалды сұйықтықта моноклоналды антиденелердің концентрациясын анықтап, оларды басқа жұмыстарда қолданды.

Гибридті жасушаларды in vivoкультивирлеу линиялы тышқандардың BALB/c линиясымен  жүзеге асырылды. Ол үшін,  екі рет клондалған гибридті жасушаларды толық RPMI-1640 қоректік ортасы құйылған матрастарда 3-4 күн бойы +37ºС температураға реттелген СО2 бар инкубаторында өсірдік. Өскен жасушалар суспензиясын 8-9 минут аралығында 1000 айн/мин центрифугалап, жасуша тұнбасын қоректік ортамен (2х106) араластырдық та, 7-10 күн бұрын пристанмен (2,4,10,14,-тетраметилпентадекан, «Sigma», АҚШ) егілген BALB/c тышқандарының құрсақ қуысына енгіздік. 9-11 күн өткен соң құрсақ қуысы ұлғайған тышқандардан асцит сұйықтығын жинап алды. Центгифуга көмегімен асцит сұйықтығынан гибридті жасушаларды ажыратқаннан соң, оған әуелі фосфатты тұз ерітіндісінің тең көлемін, сосын қаныққан аммоний сульфатының ерітіндісін 1:1 қатынасында қосып, 12-14 сағат магнитті араластырғышта (+4ºС) қалдырды. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін антиденелер 30 минут 5000 айн/минутта тұндырылды. Антиденелер тұнбасын бастапқы мөлшеріндей фосфатты тұз ерітіндісімен араластырдық та диализді қапшыққа «Serva», АҚШ) құйып, фосфатты тұз ерітіндісіне қарсы бір тәулік бойы +4ºС-та диализдеді.[8] Тазартылған моноклоналды антиденелердің сұйықтығы 0,4% натрий азидімен консервіленіп, +40С  немесе 70ºС-та сақтауға қойдық. Моноклоналды антиденелердің концентрациясын М. Breadford [230] әдісімен анықтаған.