Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының ірі ұйымдас¬тыру¬шысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы Бірімжанов бұрынғы Самара губерниясының Бузулук қаласында 1891 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Бастауыш білімді әйгілі Ал¬тынсарин мектебінде алып, орта мектепті Қызылордада бітірген. Ол 1928 жылы Халық білімі тәжірибелік институтының (ПИНО) студенттері санатына еніп, 1932 жылы Қазақ педагогикалық институты¬ның химия бөлімін бітіріп шықты.
Әкесі Ахмет Қорғанбекұлы белгілі заңгер, Мемлекеттік Думаның депутаты, “Алаш” партиясының қайраткері, кеңес дәуірінде халықтық әділет комитетінің алқа мүшесі, Қазақстан Жоғарғы сотының мүшесі қызметтерін атқарған. Анасы Гүлжауһар Әлмұхамедқызы Әбілқайыр ханның шөбересі.
Еңбек жолын студент кезінде-ақ бас¬та¬ған Б.Бірімжанов 1930 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақмола өңіріндегі Нұра ауданы бойынша сауат¬сыздықты жою жөніндегі төтенше өкілі бол¬ған, ал 1931 жылы Халық ағарту ко¬миссариатының өкілі ретінде Шалқар ауданында міндетті бастауыш білім беру мен ұйымдастыру ісімен айналысты.
1934 жылғы қаңтардан бастап Б.Бірімжанов Қазақ мемлекеттік универ¬ситетінде қызмет етті. Ал 1936 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты болып қабылданды. Алғашқы ғылыми ізденістерін профессор С.А.Щукаревтің жетекшілігімен бастады.
ҚазМУ-ға оралған соң Батырбек Ах¬метұлы осы оқу орнының қабырғасында ас¬систент, аға оқытушы (1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі (1954), про¬фессор (1965) қызметтерін абыроймен атқарды.
Осыдан 10 жыл бұрын оның 85 жыл¬дық мерейтойы қарсаңында жарық көрген “Баташ аға” атты кітапта жас ғалымның қыр¬қыншы жылдары “нағыз профессор¬ды” көру мақсатында Мәскеуге барып келуге сұранатыны жайында дерек бар. Ол кезде бұл жай түсінікті еді – Қазақстанда жоғары дәрежелі маман химиктер жетіс¬пей¬тін. Ал бүгінде ҚазҰУ-дың химия фа¬куль¬тетінде аса зор ғылыми әлеует топтас¬тырылған, ондаған профессорлар саны барлық кез келген өзге факуль¬тет¬тегі¬лерден асып түседі. Бұл істе Б.Бірімжанов еңбегінің ерекше екенін айтуымыз керек.
Батырбек Ахметұлының бүкіл ғұмыры химия факультетімен байланысты. Осындағы профессорлық-оқытушылық құрамда және ғылыми іс саласында қызмет ететіндердің көпшілігі – оның әкелік қамқорлығы мен мейірімділігін сезінген адамдар. Бүгінгі көрнекті ғалымдардың жетістіктерінде ол кісінің еңбегі мол. Оның үстіне ҚазМУ-да химияның қазақ тілінде оқытыла бастауы да профессор Б.Бірімжанов еңбегінің нәтижесі. Ол 1940 жылдан бастап ұстаздық қызметпен қатар Қазақстанның химия өнер¬кәсібі үшін зор маңызы бар ғылыми пробле-малар¬мен айналысты. Ә.Б.Бектұровпен бірлесе ізденіп, енді ғана ашылған Қаратау фосфориттерін қышқылсыз қайта өңдеу мүмкіндіктерін зерттеді.
1946 жылы “Қазақстандық шикізаттан термофосфаттарды алудың оңтайлы жағдайлары” деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1952 жылы Балқаштың мыс балқыту комбинатында күкірт натрийін шығарудың үздіксіз өндірісі әдісін ендірді. 1954 жылдан бастап ҚазМУ-дың бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1980 жылға дейін 26 жыл бойы химия факультетінің деканы болды.
Б.Бірімжанов жаңа оқу ғимаратын салуға және факультеттегі сирек элементтер, табиғи қосылымдар, жоғары молекулярлық қосы¬лым¬дар, коллоидтық химия, жалпы химия, химиялық кинетика және жану сияқты жаңа кафедраларды ашуға барлық күш-жігерін салды. Химия факультеті оның басшы¬лы¬ғымен университеттің алдыңғы қатардағы оқыту және ғылыми орталығына айналды. Аталмыш факультеттің саналуан жетістіктері оның деканының есімімен байланысты.
ҚазМУ-дың физикалық-химиялық әдістер зертханаларында Б.Бірімжановтың жетекшілігімен басталған ғылыми-зерттеулер кезінде Ресейдің техникалық ғылымдар ака¬демиясының академигі Г.И.Ксандопуло құр¬ған және көп жыл басшылық еткен Жану проб¬лемалары институтында қазір де табысты жалғасуда. Дәл осы институтта 1996 жылы 12 желтоқсанда Б.Бірімжановтың 85 жылдығына орай “Экологиялық таза техно¬ло¬гиялар мен материалдар жөніндегі қазіргі проблемалар” атты симпозиум ашылып, ғалымның барельефі бар ескерткіш тақта орнатылды.
1965 жылы Б.Бірімжановқа профессорлық ғылыми атақ берілді, ал 1967 жылы ол “Бал¬қаш өңірінде тұздар түзілісінің физикалық-химиялық үрдістері және оларды пайдалану” деген тақырыпта докторлық дис¬сер-тация қорғады.
1970 жылы ол Үкімет қаулысымен Қазақ Совет Энци¬к¬лопедиясының бас редакциясының мү¬шесі және Қазақ Совет Энцик¬ло¬педиясының химия жөніндегі редак¬ция¬лық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, 1981 жылы жарық көр¬ген химия саласындағы тұңғыш Қазақ энци¬клопедиялық сөздігінің редакторы болды. Сол сөздікте Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт – химиялық физиканың зерттеле бас¬тағаны ресми түрде мойындалды және жан-жақты баяндалды.
Б.Бірімжанов оқыту әдіскері ретінде де танылған азамат. Он жыл бойы (1963-1973 жж.) ол Қазақ КСР Білім министрлігінің химия жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесін бас¬қарды, сонымен бірге кеңестік химик¬тер¬дің ұлттық комитеті (ИЮПАК) жанындағы жоғары білім мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.
Б.Бірімжанов ғылыми кадрларды даярлау жөнінде көп жұмыстар атқарды, 1964 жылдан бастап ол жеті мамандық бойынша химия ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежелерін беру жөніндегі ҚазМУ Ғылыми кеңесін басқарды, ал 1978 жылдан бастап бейорганикалық, аналитикалық химия және электрохимия жөніндегі маманданды¬рыл¬ған кеңестің жұмысына жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен 36 кандидаттық және 5 докторлық диссертация қорғалды. Ол қайтыс болған соң тағы 6 шәкірті канди¬даттық диссертация қорғады.
Б.Бірімжановтың жеке өзі және онымен бірлескен қызметкерлері 900-ге жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 17 монография шығарды. Ғалым республиканың орта және жоғары мектептеріне арналған 10 оқулықты қазақ тіліне аударып, 6 оқулықты редак¬ция¬лады. Оның 20 ғылыми-әдістемелік жұмысы жарық көрді.
Б.Бірімжановтың шығармашылық және ғылыми тақырыптарының шеңбері өте кең. Ол Қазақстан Республикасындағы табиғи тұздарды іс жүзінде қолдану жөніндегі кө¬лем¬ді зерттеулердің негізін салды, отандық табиғи байлықтарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың тиім¬ділігін өз еңбектерінде ұдайы айтып отыр¬ды. Табиғи тұздарды іс жүзінде қолдану¬дың қолданбалы зерттеулерін жүргізумен қатар ол континенталдық тұздардың түп тамырын зерттеу жөнінде өте ауқым¬ды теориялық жұмыстарды жүргізді. Балқаш, Алакөл, сондай-ақ 100 тұзды көлдің, 15 өзеннің және 39 өзен са¬ғаларының суларын зерттеу жөніндегі үлкен жұмыс нәтижесінде континент¬алдық тұз түзілу теориясын жасады. Одан кейінгі жылдары Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Есіл, Талас өзен¬дері¬нің, сондай-ақ олардың бойында жасалған Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Сергеев су қоймаларының суларын зерттеуді жалғастырды.
Осы жұмыстармен қатар, ол жоғары сапалы тыңайтқыштарды өңдеу мақсатында Қазақстанның таби¬ғи фосфаттарын зерттеу ісін жүргізді. Атап айтқанда, Қаратау және Ақтөбе кен орындарының фосфо¬рит¬терін зерттеді.
Б.Бірімжановқа ғылымның ең жаңа жетістіктерін жіті қадағалап, өзі басқарған бейорганикалық химия кафедрасының ұжымын қазіргі заманғы ғылыми деңгейге бағыттап отыру қасиеттері тән болатын.
Ол – ғылыми жұмыста кванттық-химиялық есептердің, сынақтардың математикалық жоспарлануының, нәтиже¬лерді статистикалық өңдеуден өткізудің бастамашысы. Б.Бірімжанов ерітінділердегі бейорганикалық қосылымдарды белгілі бір бағытта алмастыру үшін иондалған сәулелендіруді және радиациялық химия әдістерін пайдалануға көп көңіл бөлді.