Белгісіздік есімдігі туралы қазақша реферат
Белгісіздік есімдігі еш сөзінің түбір күйінде басқа сөз таптарымен тіркесіп келіп болымсыздық мағынаны туғызғаны болмаса, негізінен үнемі басқа есімдіктермен бірігіп келіп тілімізде күрделі сөз ретінде қолданады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқандай (дәнеңе), ешбір т.б. Бұл есімдіктер болымсыздық мәнде қолданылатындықтан жоқ, емес және етістіктің болымсыз түрлерімен байланыста жұмсалады: ешкім келген жоқ, ешкім келмеді т.б.
Сонымен қатар, болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды, ал көптік тәуелдік жалғаумен қабаттасып жүреді: біздің ешкімдеріміз жоқ, сендердің ешкімдерің жоқ т.б. Сөйлем қызметінде болымсыздық есімдіктері бастауыш, толықтауыш, анықтауыш секілді қызметтері атқара береді. Олар ешбір адамды көрген емес. Ешбірі бүгін болған жоқ. Бұл сөйлемдерде есімдіктер анықтауыш әрі бастауыш қызметін атқарып тұр.
7.Жалпылау есімдігі.
Жалпылау есімдіктері кемінде екі не одан да көп заттарды, құбылыстарды жинақтай айту үшін қолданылатын сөздер. Оларға: барлық, күллі, барша, бәрі, бар, бүкіл, түгел сөздері жатады.
Жалпылау есімдігіне жататын бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолымен басқа сөз таптарынан ауысып келген, ал бәрі, барлық, барша морфологиялық тәсілмен жасалған есімдіктер.
Сонымен бірге жалпылау есімдігі бәрі деген түрі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді де, қалғандары аттрибутивтік (сындық) ұғымды қолданады. Егер олар да субстантивтенсе, заттық ұғым орнына жұмсалады.
Жалпылау есімдіктері жіктік жалғауын қабылдамауларымен қатар, сетелген күнде де тәуелденіп барып септеледі. Мұның өзі жалпылау есімдіктерінің субстантивтенген түрлеріне ғана қатысты болып келеді.
Жалпылау есімдіктерінің тәуелденуінде де мына секілді ерекшелігі бар. Мысалы, бар, барлық, барша есімдіктері жекеше, ортақ тәуелдене берсе, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктері тәуелдік жалғауын қабылдамайды.
Сонымен бірге, жалпылау есімдіктері субстантивтік аттрибутивтік қызмет орнына жүргенде сөйлем ішінде әр түрлі сөйлем мүшелері бола алғанымен, олар пысықтауыш қызметін атқармайды.
Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдіктердің табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60-70-тен аспайдыекен. Демек, олардың жасаслу жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшерімен де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің де жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алады.
Есімдіктер құрамы мен жасалу жолы жағынан мына секілді ерекшеліктері бар. Қазіргі тұрғыдан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір күйіндегі есімдіктер тілімізде ертеден қолданылып келе жатқан көне есімдіктерге жатады: Мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, сол, осы т.б. (әрине тарихи тұрғыда бұлар бөлшектенеді: ме-н, ол (н), бі-з, кі-м, қа-й (н), сі-з.
Ал енді тілдің қалыптасу, даму процесінде қайсыбір сөздер мағыналық жағынан өзгере келе, лексикалану жолымен есімдіктердің жасалуына себепкер болып отыр. Мысалы: біреу, бүкіл, түгел, бар, ал әр, күллі есімдіктері арап-парсы тілдерінен ауысып отыр (А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» -Алматы, 1974). Сол секілді мына-у, ана-у есімдіктері морфологиялық тәсілмен сөз түбірінде у элементінің қосылуынан; барлық, барша, қанша, қандай, нешінші, неше есімдіктері сөз түбіріне түрлі формалардың қосылуынан жасалынған.
Тіліміздегі үшінші бір топ есімдіктер синтаксистік тәсілдермен жасалынғандары да кездеседі. Мысалы, мына есімдіктер бірігу жолымен жасалса: бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеқалай, ешкім т.б. бір топ есімдіктер сөздердің қосарлануы арқылы да жасалына береді: кімде-кім, қай-қайсы, бірде-бір т.б. Міне, осы жасалу тәсілдеріне де орай есімдіктер сөйлем құрамында қай сөз табының орнына жұмсалуына орай тек сол сөз табы ретінде түрленіп қоймай әрі сол секілді синтаксистік қызмет атқарады. Айталық, субстантивтік есімдіктер сөйлемде көпшілігінде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарса, аттрибутивтік есімдіктер анықтауыш болуға бейім тұрады.
Синтетикалық жолмен және аналитикадық жолмен жасалған есімдіктер. Басқа сөз тьаптарына қарағанда есімдіктердің жасалужолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдіктердің табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жылпы есімдіктердің саны 60-70-тен аспайды екен.