Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгібейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
7. Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің данықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
1.Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.
Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.
Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан жақты дамуына ықпал етеді.
Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бүл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын* әдістемесінің ғыыми негізделуін қамтамасыз етеді.
Кейде мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсініледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.
2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.
Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.
Мектеп оқушысын белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді.
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.
Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бөяулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
З.Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті — балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету.
Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, қүрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал етеді; Олар: оқупылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет.
Ғалымдар бақылауды әлі де дүрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма қүрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Мұғалімнің міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.
Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға үғындыру. Мұғалім алғашқы сурет сабағында оқушыларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлі ашып көрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.
Сурет салу ғалымдарға да жәрдемін тигізген. Ғалым Ш.Уалихановқа сурет салу Қашқарияға барған сапарында көп жәрдемін берген. Ол бұл сапарда этнографиялық сипаттағы көптеген суреттер салғандығы белгілі.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерилерге, әскери барлаушыларға, космоновттарға да жәрдем беретіндігін олардың жазған естеліктерінен оқуға болады. Жау тылына барған барлаушы жаудың әскери күштерінің орналасу қүрылымын суретін салу арқылы нақты да дәл өлшем бірліктерімен көрсете білген. Кеңес одағының батыры И.Кожедуб өзінің сурет сала білу қабілеті, сандаған әуе шабылуы кезінде көмек бергендігін айтқан.
Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім. Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді.
5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -оқушыларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, қүралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
Жалпы білім беретін мектепте баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес. Шын мәнінде бала мектепте осы тәсілдермен танысуы тиіс.
Мектепте оқушы суреттегі тональдық қатынастар туралы түсінік алып, зат көлемін беруде тоналдық қатынастарды бере білуге қылқаламмен, қажетті бояу түсін алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі тиіс.
Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет іс-әрекеттер. Түсті көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу, жазықтың бетін тегіс етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады. Мысалы құрылысшыға қабырғаны бояу үшін колор дайындау қажет болса, химикке реакцияны жасау барысын байқау үшін түстердің түрлі реңдерін жақсы ажырата білу керек. Бояғыш заттарды дайындау сонымен қатар текстиль және баспа қызметінің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Балқыған заттың түсіне қарап, металлург балқыған металдың дайын болғанын білуге мүмкіндік алады.
Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі–балаларға жүмысты үйымдастыру, жүмыс жүргізу тәртібінойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жүмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге үмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде «Менің қолымнан келмейді»деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Оқушының жүмыс үрдісіне үмтылысын дамыта отырып мектеп қабырғасында біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын жүзеге асыруымыз қажет.
Мектептегі бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты. Бұл қасиеттердің маман жүмысшыларда, техникте, инженерде болуы өте маңызды.
Авиоконструктор Еңбек ері А.С. Яковлов (Рассказы авиаконструктора. М, 1958.79 с) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін ризамын, менің болашағыма сурет сала білу көп көмек берді. Инженер -конструктор қандайда бір машинаны ойластырысады «ол өз ойменен өзінің санасындағыны карандашпен қағазға түсіреді.Бұл сурет болашақ машина формаларын көз алдымызға әкеліп көрсетеді» деген
Бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жүмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай -ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады. Сондықтан мектеп оқушының шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі оқушылардың елестетулерін жинақтау процесін реалдық өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.
Жаңа ашылымдар, шығармалар жасау үшін қажетті маңызы бар балалардың таң қалу, ырзалық сезім қабілеттеріне қолдау көрсету және сақтау бейнелеу өнерін оқыту мақсатына кіреді.
Таң қалу ғылым мен өнерде жаңа ашылымдарға қозғау салатындығына ғылымдар мен суретшілер аса көп мән берген. Эйнштейн ересек адамдардың таң қалу қабілеттерінің жойылуына өкініш білдірген. Ол егер бұл қабілет адам өмірінің соңына дейін сақталғанда, ұлы ашылымдардың саны мұнанда көп болар еді, -деп есептеген.
7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды өнердің даңықты шығармаларымен таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.
Мұғалім міндеті өнердің мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты формада бала санасына дейін жеткізу болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктерін талдап, оқушылардың қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Әңгіме кезінде мүғалім оқушыға өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктері мен онан алған әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші шығармасындағы басты және бағалыларын түсінбеген жағдайда лайықты түзету жасап, түсініктемелер береді.
Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады.Әңгіме барысында мұғалім балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.
Атап өтілген оқу –тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жүмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Әрбір оқу сабақтары өзінің лайықты әдіс мен іс-әрекетке деген ерекше қатынасты қажет етеді. Бұл қызметте әсіресе дәрістерді өткізуге деген тапқырлық пен педагогтық шеберлік маңызы орын алады.
Мұғалім оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу үшін оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп оқушылармен қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс.
Мектеп бағдарламасын талдау сурет сабақтарының мазмұнына кіретін нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.