Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен зерттеу әдістері курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1-ТАРАУ. ТІЛДІК ТЕОРИЯНЫ ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚАТУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6
1.1. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі «есте сақтау қабілеті» түсінігі 6
1.2. Тілдік теориясын үйрену үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту шарттары 14
1.3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің дамыту жағдайлары 19
2-ТАРАУ. ТІЛДІК ТЕОРИЯНЫ ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 30
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы 30
2.2. Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру 34
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Актуалдығы. Осы  курстық жұмыста «Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен зерттеу әдістері» тақырыбы қаралады.  Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға,  сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне  енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да  ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар:  психологиялық  (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский).

А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып,  есте сақтау қабілеті  баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты.  Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.

Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде   зерттейтін есте сақтау қабілетінің  теориялары бар.  Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.

Бастауыш сынып оқушыларың – есте сақтау қабілетттерін барлық жағдайда  дамыту  қолайлы кезең болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,

Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны  үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған  күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.

Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б.  көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.

Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.

Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.

Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз  бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету  үрдісіндегі бастауыш сынып оқушыларының  есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.

Айқындалған қарама-қайшылық:  тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау  зерттеу мәселесін  белгілеу мүмкіндігін берді.

Аталмыш мәселе негізінде  «тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетісын дамыту» деген зерттеу тақырыбын тұжырымдау  мүмкін болды.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту үрдісі.

Зерттеу мәні: тілдік теорияны үйрету  үрдісінде  бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.

Зерттеу мақсаты: тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің  дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету  үрдісінде  көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар,  бастауыш сынып оқушыларында  жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.

Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:

  1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
  3. Тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
  4. Эксперимент амалы арқылы тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есін дамыту жағдайларының тиімділігін тексеру.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі  бойынша  психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау  және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент,  педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Курстық жұмыс  кіріспе, қорытынды, екі  тараудан турады.   Жұмыс соңында әдебиет тізімі мен қосымша  берілген.

 Курстық жұмыс / 49 бет