Банкет-шай

Банкет-шай әдетте әйелдер немесе тар шеңбер туыстарына ұйымдастырылады. Кейбір елдерде шай ішу нақтылы ережерлер мен міндетті ритуалға айналады. Жапонияда шайды тек соған ғана арналған бөлмеде ішеді.

Егер ресторанда банкет-шай ұйымдастырылып жатса, онда қонақ бөлмеде ыңғайлы, жағымды бөлмені таңдаған жөн. Домалақ және сопақ формалы үстелдер түрлі түсті жамылғылармен безендіріледі. Сервировка үшін десертті, шайлы және кофелік ыдыстар қолданылады. Күлдеуіш, темекі, куіртті үстелге қоюға болмайды. Оларды даяшылар береді. Даяшылар қонақтарды үстел басына келіп жайғасуына шақырады. Көп назарды әйелдерге әсіресе қарт әйелдерге аударады. Тағамнан кейін әрбір қонақ алдына таза құралдар қойылады. Сосын шай, кофе және алдын ала қыздырылған қаймақ, сүт және лимонды қояды. Ыстық сусыны бар кесе десертті тарелкадан оң жаққа қарай орналастырылады. Қасықтар берілу кезінде табақта болады. Кофені алдын ала құйылып қойылған подностармен де тасиды. Үстелде тұрған кофеге кішкене қосымша құюға болады, ал шайды болмайды.

Сервис түрлері. 

Қызмет көрсетіліп отырған қонақтардың контингентіне, тамақтану кәсіпорнының жабдықталуы мен категориясына байланысты түрлі сервисті қолданады. Көп таралғандары:

  1. Француздық сервис – бұл сервис түрі жоғары комфорт деңгейін көрсететін жоғары асхана ресторандары үшін қарапайым. Үстінде тағам қойылған табақты қонаққа көрсетеді. Сол жақтан жақындап даяшылар тағамды салады. Мұндай қызмет көрсету үшін қызмет көрсету персоналының бригадасы қажет.
  2. Ағылшындық сервис(жалғасқан үстелмен қызмет көрсету) — қызмет көрсету әдісінде даяшы қосымша үстелде тарелканы сервистейді де қонаққа оң жақтан ұсынады.
  3. Американдық сервис – тағам асханада тарелка үстінде дайындалып орналастырылады. Даяшылар болса, тарелкаларды қонақтарға жеткізіп тұрады.
  4. Немістік сервис – тағам үлкен табаққа салынып, қонаққа жақын жерге орналастырылады. Сосын қонақ өз-өзіне қызмет көрсетеді.
  5. Орыс сервис – тағам сервистік табақ тасылады. Барлық сервис түрлерінде қызмет көрсету даяшылармен жүзеге асырылады.