Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету туралы қазақша реферат
Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі адамның органдарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.
Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдарын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына әкеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма -113- бап пайда болды. Бұрыңғы Қылмыстық кодексте мұндай норма болмаған еді.
Қылмыстың обьектісі – адамдардың өмірі немесе денсаулығы.
Обьективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта отырып ауыстырып салу, пайдалану үшін басқа адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады.
Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойынша жүзеге асырылады, адам органдарын немесе тінін ауыстырып салу арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдарын немесе тінін донордың келісімінсіз оны мәжбүрлеу арқылы қол жеткізсе, онда мұндай әрекет қылмыс деп танылады.
Мәжбүрлеу дегеніміз – донарға күш қолдану немсе күш қолданамын деп қорқыту арқылы оны еріксіз органдарын немес тінін беруге көндіру болып табылады. ./1.2., 113 бап./
Мәжбүрлеудің заңда екі түрлі тәсілі көрсетілген:
- күш көрсету;
- күш көрсетемін деп қорқыту.
Күш көрсетуге жәбірленушінің ұрып-соғу( 106-бап); оның денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірулер (104, 105-баптар) жатады.
Күш көрсетемін деп қорқытуға кез-келген дәрежеде денсаулыққа зиян келтіремін немесе қол-аяғыңды байлап медицина мекемесіне операция жасауға апарамын, бас бостандығы еркіңнен айырамын т.с.с. деген қорқытулар жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немес е алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті. Қылмыстың ниеті әртүрлі болуы мүмкн:
- ауру адамға жәрдем көрсету;
- бастығының алдында жақсы көріну;
- пайдакүнемдік немесе атаққұмарлық және т.с.с.
Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам.
Егер қылмыс кінәліге көрінеу дәрменсіз күйде екендігі белгілі немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты; екі немесе одан да көп адмға қатысты жасалса, онда бұл әрекеттері осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады.( 113-баптың 2-тармағы ).
Дәрменсіз күйдегі адамның түсінігіне ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «в»тармақшасы, ал материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамның түсінігіне ҚК-тің 102-бабының 2-тармағы кіреді.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, абайсызда донордың қайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер – осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады. Өзге ауыр зардаптарға жәбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. ҚК-тің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.