Ауқымды компьютерлік желілер

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.

Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:

·  Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);

·  әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);

·  мәліметтерді тасымалдау желілері.

Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр. Алғашқыда Интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер калифорнияның телефон байланысына қосылды.

Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET –тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.

Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз – келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық хаттама (Internet Protocol — IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.

Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан, оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж. Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында орналасқан, көбі АҚШ территорияларында. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.

Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз – желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылданған белгілі принциптері қалыптасты.

Жеке компьютерді (желіде олар жұмыс станциялары д/а) ж/е оларды пайдаланушыларды идентификациялау 2 адрес бойынша іске асырылады: (идентификация – одна из функции под системы защиты, реализуемых для определения законности объекта (т.е проверка наличие права доступа) олардың бірі (домендік адрес д/а)). Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім д/а. Адамға, басқасы (IP –адрес) – компьютерге түсініктірек. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бір кеңістігі облыстарға – домендерге бөлінеді. Негізінен домендері 2 әріп қосыныдысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.

IP адрес дегеніміз – нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2). пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады.

Мысалы, Франция – fr, АҚШ-us, Ресей-ru, Қазақстан-kz,бұрынғы КСРО-su. Мысалы:www.relcom.ru адресі бойынша www дегеніміз – ресурс аты – (World Wide Web), relcom – фирма аты, ru – Ресей.

Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар — com, ал оқу орындары – edu, халықаралық ұйымдар – int.

Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерге қосады. әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғары деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептелінеді.  Мысалы, home.microsoft.com  атауы. Мұнда com – коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home – Microsoft-қа қосымша домен, ал ол өз кезегінде com-ның қосымша домені болып табылады.

.gov – үкіметтік ұйымдар

.org – коммерциялық емесе мекемелер, ұйымдар

.net – желілерді қолдайтын ұйымдар