Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері туралы қазақша реферат
Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі: Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған лингвисттердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [15, б. 134].
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады» [20, б. 176].
«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О лингвистических аспектах перевода») [20, б. 176].
Егер де қазіргі аударматану теориясы ХХ-шы ғасырдың ортасында пайда болатын болса, онда оның негізгі категориясын білдіретін термин онымен бірге жарыққа шықты. Бірақ та, кейбір тілдерде, мысалы, француз тілінде, қазір біз қолданып жатқан лингвистикалық мағынада «эквивалент» сөзі (бір сөзді немесе сөз тіркесті ауыстыра алатын сөз немесе сөз тіркесі) ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында (1864 жылы) тіркелген еді. Оны Бодлердің еңбегінде кездестіруге болады (1821 – 1867 жылдары): «Сөз шексіздік, Құдай, рух және басқа сөздер сияқты басқа тілдерде эквиваленті бар».
Аударма теориясы үшін осы термин қандай мағынада қолданылады және басқа терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын тілдерінің салыстырмалы стиликасы» («Сопоставительная стилистика французского и английского языков») атты еңбектерінде (1958 жылы) эквивалент және эквиваленттілік терминдерін біз үшін дағдылы мағынада емес, аударманың тәсілдерінің бірі ретінде қолданған.
Жалпы ғылыми білімдер жағынан «эквиваленттілік» ұғымын қарастырайық. Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым [21, б. 747].
Эквивалентті сөзінің анықтамасында болған қарама-қайшылыққа назар аудару қажет. Салыстырылып жатқан объектілер құндылық, мағынасы, күші жағынан біркелкілігі туралы оның бірінші бөлігінде айтылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар бірдей, яғни, абсолютті түрде ұқсас. Бірдемені қандай да болса өзара байланыста тұрған сөздерді толық алмастыра алатындығы туралы екінші бөлігінде айтылады. Орыс тілінің сөздігі, жоғары айтылған сөздерінің мағынасына анықтама беріп, «эквивалент» сөзіне аудару теориясы үшін өте қызықты және маңызды Пироговтың «Кәрі дәрігердің күнделігінен» («Дневник старого врача») мысал келтіреді: «Менің профессорлық инстиутқа кандидат ретінде тағайындауым дәрі сынауының эквиваленті боп, есептелінді» [15, б. 147]. Пироговпен келтірілген екі жағдай бірдей және біркелкі емес. Бірақ бір жағынан олар бірдей және белгілі бір орында болуға рұқсат етіледі.
Сөз анықтамасыңдағы қарама-қайшылық және келтірілген мысал эквиваленттілік ұғымының салыстырмалығын көрсетеді. Ал ол болса, аудару теориясы үшін үлкен рөл атқарады. Әрине, эквиваленттілік салыстырылып жатқан объектердің алмастырылуы. Бірақ орын алмастыру абсолютті емес, белгілі бір байланыста ғана іске асады.
Аударма түпнұсқаға абсолютті түрде дәл бола алмайды. Бірақ бұл тіл аралық коммуникация үшін бөгде болмайды [22, б. 144]. Бұл ақындық формаларды жеткізу қиыншылықтарымен, мәдени және тарихи ассоциацияларды, ерекше реалия сөздерді және көркем мазмұндамалардың өзгешеліктерін жеткізуде шарасыз жоғалтулармен ғана байланысты емес, сонымен қатар аударма мағынасындағы бөлек элементтердің қарапайым пікірлерімен үйлеспей қалуымен де байланысты. Мысалы, біз «Der Student liest ein Buch» деген неміс сөйлемін «Студент кітап оқып жатыр» деп аударамыз. Көптеген жағдайларда осындай аударма дұрыс болады және басқа өзгерістерді қажет етпейді. Бірақ, мұнда толық тепе-теңдік жоқ. Неміс түпнұсқасында белгілі бір кісі, студент туралы нұсқау бар, ал кітап бұл жерде қандай екені белгісіз болып тұр. Аудармада нұсқау да, іс әрекет сөйлеп жатқан кезде өтіп жатқаны, іс әрекет жүйелі түрде болмағаны туралы мәлімет жоқ. Алайда осы барлық жоғалтулар, үстемелер аудармаға өз қызметін жасауға бөгет етпейді.
В. С. Виноградов пікірінше, кең ұғымында эквиваленттілік бірдемеге тең, тең мағыналы, барабарлық – дәлдеу, ал тепе-теңдік бірдеңенің бірдемемен толық ұқсастығы, үйлестігі ретінде түсініледі [7, б. 18].
Ал Л. К. Латышев «Айырмашылық болған кезде эквиваленттілік – бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады. Аудармашы рецептор сияқты қызмет атқарады» деп жазады [23, б. 145].
Бұдан басқа, «эквиваленттілік» терминімен бірге аударматануда «сәйкестілік» термині кең қолданылады. Берілген терминдер әр түрлі авторлардың жұмыстарыңда бір-бірін қайталап немесе әр түрлі категорияларды белгілеу үшін қолданылады. Соған байланысты біз «эквивалент» және «сәйкестілік» ұғымдарының үйлестілік мәселесін қарастырамыз. Я. М. Рецкер пікірінше, «эквивалент» — бұл тұрақты және тең мағыналы сәйкестілік, дағдыдағыдай, контекстке тәуелді болмайды. «Сәйкестілік» терминін қолдаған кезде, берілген зерттеуші лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық сәйкестілік туралы айтады [24, б. 10]. Л. С. Бархударовтың айтуынша, әр түрлі тілдердің лексикалық бірліктерінің, олардың бүкіл мағыналық көлемінде сәйкес үйлестілік өте сирек кездеседі [6, б. 119].
В. Н. Комиссаров бойынша, «аударманың эквиваленттілігі түпнұсқа мәтін мазмұнының және аудармасының барлық деңгейлерінің максималды ұқсастылығында жатыр» [15, б. 75]. Сөйтіп, В. Н. Комиссаров бойынша эквиваленттілік Я. И. Рецкерге қарағанда кеңірек ұғым және ол аудару үдерісі кезінде берілген тілдің және аударылатын тілдің бірліктерінің үйлестіліктің бөлек түрін емес, негізгі мақсатын анықтайды.
Аудару барабарлығы ұғымы нені білдіреді? Және эквиваленттілік категориясының барабарлық категориядан айырмашылығы неде?
Барлық мүмкіндігінше, барабарлық ұғымы аудару теориясына таным теориясынан көшкен. Таным теориясында «барабарлық» термині елесте, ұғымдарда, объективті байланыста және ақиқаттылық жағынан дұрыс қайта құруды білдіреді. Аудару теориясы үшін сондай ақиқаттылық ретінде түпнұсқа мәтін болып шығады. Ал мәтін мұнда құрылған байланыстар жүйесі және оны құрайтын элементтер қатынасы ретінде беріледі. Сонда аударудың мақсаты басқа тілдің амалдары арқылы осы байланыстар жүйесін және қатынасын сәйкес, дұрыс қайта құру. Түпнұсқаның дұрыс қайта құрылуы нені меңзейді? Анықтамасының шамалас, сәйкес, дұрыс, дәл синонимдері арқылы мағынасын ашу аз. Түпнұсқаға қарағанда аударма қандай болу керек анықтамасына тағы қандай ұғымдарды қосуға болады. Осында шамалас анықтамасы ғана бізге «аудармасының мәтіні түпнұсқасынан аспау да, кем де болмау керектігі» туралы айтады. Бірақ та осыған жету қиындау болады. Сәйкес (неге?), дұрыс (нені бағалауы бойынша?), дәл анықтамалары аудармаға қарағанда жиі қолданылып жатқанына қарамастан, олар өте абстрактылы.
Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып, А. В. Федоров толығырақ түсініктеме береді: «Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі».
Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді жасауда. Форманың өзгешеліктерін қайта құруда жатыр (егер де бұны тіл жағдайлары мүмкін ететін болса). Ал ол болса, осы жағдайда жиі және өзінің формалды ерекшеліктерінің түпнұсқадағы элементтермен сәйкес келмейтін, толық жүйеде ұқсас мағыналық және көркем функцияларын орындайтын тіл амалдарының қолдауын болжайды [19, б.125 — 126].
А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді. Керісінше, А. В. Федоров ұсынған аудармада барабарлық толықтықтың болуы жаңа мәселелерді туғызады.
Сонымен, түпнұсқа және аударма мәтіннің бірліктерін қарастырғанда және салыстырғанда, біз лексика бірліктерінің эквиваленттілігін семантикалық деңгейде анықтаймыз.
Неміс аударматану мектебінің өкілі В. Коллердің пікірінше, мәтіндер арасындағы эквивалентті қарым-қатынас түрі және үлгісі анықталғанан кейін, эквиваленттік ұғымы ақиқатты мағынасына жетеді.
Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу мәселесімен байланысты. Ол қандай элементтерден тұратынын анықтау қажет. Л. К. Латышев А. Д. Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементтерді белгілейді:
1) заттық жағдайларды белгілеуімен байланысты денотативті мағына (яғни, заттық-логикалық);
2) пікір элементтерінің арасындағы синтаксистік (яғни, оның синтаксистік құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына;
3) функционалды-стилистикалық және экспрессивті бояумен белгіленген коннотативті мағына;
4) тілдік пікірдің және коммуникацияға түскен адамдардың қарым-қатынасымен анықталатын прагматикалық мағына.
Лексико-семантикалық эквиваленттілік мағынасын анықтаған кезде, зерттеуде қолданылған «денотат», «коннотация», «сигнификат» және «прагматика» ұғымдарының мағынасын анықтау қажет.
Денотат (латын тілінің denotatum «белгіленген» сөзінен шыққан) – осы бірлікпен атала алатын белгіленген зат, ақиқаттылықтың көптеген объектері (заттар, қасиеттер, байланыстар, күй, үдерістер, іс-әрекеттер және т. б.) [23, б. 96].
Коннотация (латын connotation, connoto «қосымша мағынам бар» сөзінен шыққан) – тіл бірлігінің узуалды немесе окказионалды сипаты эмоционалды, бағалы немесе стилистикалық сипаттамасы [23, б. 125].
Кең мағынада – бұл тіл бірлігінің заттық-мағыналық (денотативті) және грамматикалық мағынасын толықтыратын, оған экспрессивті қызмет беретін кез келген компонент. Тар мағынада – бұл тіл бірлігінің мағынасының компоненті, ол үшін екінші – атаулы функциясын орындайтын, қатынаста қолдану кезінде берілген реалияға атаулының ішкі формасын жете түсіну негізінде ассоциативті-бейнелік жолмен, оның объективті мағынасын толықтыру.
Сигнификат (латын significatum «белгіленген» сөзінен шыққан) – тіл белгісінің мағыналық мазмұны; тіл жүйесіндегі сөздің номинанты –сөз деп атала алатын тіл бірлігі [23, б. 185].
Әрбір келтірілген, қарастырылған «денотат», «коннотат» анықтамаларында «тіл белгісі» ұғымы кездеседі. Лингвистикада тіл белгісі – бұл затты, қасиетті, ақиқатқа қатынасты білдіретін материалды-идеалды құрылым (екі жақты тіл бірлігі). Өз жиынтығында тіл белгісі ерекше бір белгілер жүйесін – тілді құрайды.
Л. К. Латышевтің пікірінше, мәтінді, сөйлемді, сөз тіркесін, сөзді белгілер ретінде қарастыруға болады. Яғни, бір түрлі құбылыс ретінде. Ал бұл болса, аудару теориясы үшін ерекше құрылымды. Бұл аудару үдерісі кезінде берілген тілдің тіл бірліктерін аудару тілдің тіл бірліктеріне «ауыстыру» бір бірімен байланысқан бірнеше деңгейлерде, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер және толық мәтіндер деңгейлерінде параллелді болып өтеді.
Қазіргі лингвистика белгінің мағынасын (мән, мазмұны) белгі ширегінде жатпайтын қатынас ретінде анықтайды. Сондай қатынастар бірнешеу болады: біріншіден, белгі денотатпен ара қатысын белгілейді, соны белгілеп жатқан белгі затпен, ақиқатты болмыс құбылыспен ара қатысын белгіліейді; екіншіден, белгі оны белгілейтін денотантпен сигнификаттың ара қатысын белгілейді; осы адамның санасына тән, коллективті, «ортадағы» адамдарға бейнелеу индивидуалды болуы мүмкін. Онсыз адамдар бір-бірін түсіне алмас еді.
Неміс ғалымы Г. Клаус тіл белгісі ақиқатты болмыстың келесі категориялармен ара қатысын белгілейді:
— ол белгілейтін заттармен немесе құбылыстармен (денотаттар);
— адамдардың, осы тіл қоғамының мүшелерінің (сигнификаттардың) санасындағы осы заттардың немесе құбылыстардың (денотаттардың) бейнесімен;
— тіл белгілерін «жеткізетін» және «қабылдайтын» адамдармен, сонда осы кезде олар тіл белгілерін өз тезаурусына (индивидуалды түсінік қорына), ішкі қалыпына және қатынастың белгілі жағдайына байланысты түсінеді;
— тіл кодымен, олар белгілі бір кодының элементімен (белгілі белгілер жүйесі) болған кезде ара қатысын белгілей алады, өйткені белгілер ол кезде адамдар арасындағы қатынастың жан-жақты амалы ретінде ғана болуы мүмкін [25, б. 236].
Жоғары аталып шыққан факторларға, белгілер құрылымының компоненттермен ара қатысын белгілейтін, солар арқылы мәтіннің құрылуына үлес қосатын, заттық жағдай (сөйлеп және жазылып жатқан жағдай) және қарым-қатынас жағдайлары (сөйлеп жатқан жағдай туралы) қосылады.
Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді [26, б. 32]. Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.
Денотативті деңгейді біз: тіл белгілерінің денотаттармен ара қатысы белгіленген фактының заттық сәйкестігін, объективті, мәлімет жіберушінің көзқарасына байланысты емес, практикалық жағынан ең маңызды қасиеттері бар мазмұнның, тілдік және мәдени-тарихи дәстүрлері бар қарым-қатынас жағдайын және берілген тілдің өзгешелігін түсінуіміз керек.
Ал коннотативті деңгейде тек қана денотаттардың объективті қасиеттері емес, сонымен қатар мәдени-тарихи, тіл ғұрыптармен анықталған, осы этникалық топқа жататын адамдармен денотаттарды бейнелеуі белгіленген. Тіл белгінің коннотациясын — біз денотативті мағынасына серік болатын, берілген этникалық топтың өкілдерімен осы белгімен байланысының мәнін түсінеміз. Сондықтан бұл тіл факторы болып табылады.
Коммуникативті-функционалды деңгей (яғни, интерпретатор деңгейіндегі мазмұны) – мәлімет жіберушінің дербес тәсілмен бейнеленген түпнұсқа белгісінің аудармаға сәйкес келуі, жіберушінің және мәтін қабылдайтын адамның мәтіндерінің тіл белгілері мен мәлімет қорының сәйкес болуы.
Ішкі тілдік мазмұн – бұл тіл белгілерінің арасындағы және толық тіл кодымен сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика – бұл семиотиканың және тіл білімінің зерттеу аймағы. Онда адресат ойының субъектіге, коммуникацияға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынасына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі зерттелінеді [27, б. 4].
Аудару кезінде түпнұсқаның жалпы мағынасы сақталуы керек.
Аударма туралы ұқсас қазақша рефераттар
Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады.
Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі: Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған лингвисттердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [15, б. 134].
Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі [28, б. 26].
«Нибелунгтер туралы хикая»: қысқаша мазмұны және «аудармада аударылмайтын» сөздер
«Нибелунгтер туралы хикая» адамзаттың ең белгілі эпикалық шығармаларының бірі. Егер де Еуропа әдебиетін қарастыратын болсақ, бұл хикая Гомердің, Дантенің дастандары сияқты бүкіл әлемге әйгілі шығармалардың қатарында тұрады.
«Нибелунгтер туралы хикая» ХІІІ ғасырдың аралығында пайда болды. Ол Германия және басқа Батыс Еуропада серілер немесе куртизан поэзиясы гүлденген кезде дүниеге келді.
Көркем шығармадағы реалия сөздерді аудару
«Нибелунгтер туралы хикая» эпосынан алынған келесі мысалдар негізінде аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде негізінен қандай тәсілдерді қолдағанын қарастырайық.
Ағылшын тілінен Практикалық тапсырмалар
1. Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасыдейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген [65, б. 6].
По высочайшему установлению Чингисхана десять воинов подчиняются одному десятнику — онбасы, а десять онбасы — одному сотнику – жузбасы[67, б. 5].
Ағылшын тілінен студенттердің теориялық білімін тексеруге арналған тапсырмалар
Студенттердің теориялық білімін тексеруге арналған тапсырмалар
Ағылшын тілінен пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазған кезде қажетті пайдаланылған әдебиеттер тізімі