Мазмұны
Кіріспе……..3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі……………………………….6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері………11
Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру….21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек көрсету жолдары………22
Қорытынды………25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……27
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
- жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;
- білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
- техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;
- бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру.
Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс:
Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай – 100 пайызды құрауы тиіс.
2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.
2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.
2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесі 30 пайызды құрайды.
Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингісінде атап өтілетін болады.
— Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 46 126 жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 16 008-і жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і отбасылардағы қамқорлық пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде.
Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балаларды мемлекеттік қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шаралар өткізуді көздейді.
Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жетіспейді. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша болатын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Тәрбиеленушілердің өмір жолдарының ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің дербес өмірге қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған бұрынғы тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып шығады.
Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара әрекеттестігі жағдайында мүмкін болады. Сондықтан жетімдік өмір салтының ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балалардың әлеметтенуі мен дербестену процесіне жағымсыз ықпал етуі, сондай- ақ ересектердің балаларға қатысты позицияларының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне бұлардың бәрі әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын оңтайландырудың мүмкіндіктері мен жеке тұлға қалыптасуының жаңа резервтерін іздестіру қажеттілігіне келеді.
Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі бір жағынан, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бі- лім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың тиімді технологияларын енгізудің объективтік қажеттілігімен, екінші жағынан мамандырылған мекемелердегі мұндай ортаның мазмұндық-технологиялық құрамдастарының жеткіліксіздігімен және әзірленбегендігімен анықталады. Осыны есепке ала отырып, зерттеу проблемасы мына түрде тұжырымдалады: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологияларының тиімділігін анықтайтын жағдайлар қандай?
«Жетім балалар мен ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары» жобасы балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір-тіршілігінің жағдайларын жақсартуға арналған.
Зерттеу мақсаты: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта құру, қоршаған әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалына тұрақты, әлеуметтік табысты жеке тұлғаны дамытуда көмек көрсету.
Зерттеу міндеті: 1.Республиканың жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің балаға достастық орта құру жөніндегі қолда бар тәжірибелерін зерделеу.
2.Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі балаға достастық ортаны құру жөніндегі қолда бар алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы ақпарат жинастыру мен талдау.
Бұл оқу құралында балаға достастық орта қалыптастыратын факторлар көрініс тапқан. Әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуінде қиындықтардың туындау мәселелері зерттелді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым барабар тәсілдерін іздестіруде балалардың өмір сүруінің қазіргі жағдайларына, олардың өздеріне және ағымдағы жағдаятқа, көзқарастарына көңіл бөлінді. Аталған мекемелер қызметкерлерінің тәжірибесі зерделенді. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беруге арналған мекемелердегі балаға достастық ортаны қалыптастыру бойынша зерттеу әдістері мен іс-тәжірибелік ұсынымдары берілді.
Курстық жұмыс / 28 бет