Адам және оның психикасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……… 3
І ТАРАУ. ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Психиканың пайда болуы және дамуы ……. 4
1.2.Психиканың негізгі ерекшеліктері ……… 5
ІІ ТАРАУ. АДАМ ПСИХИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1.Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері …… 11
2.2. Адам психикасының физиологиялық негіздері …….. 13
2.3.Адам психикасының айырмашылықтары ……… 16
ІІІ ТАРАУ. АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ПСИХИКАСЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
3.1. Жануарлар психикасының түрлері ……… 20
3.2. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар ……. 30
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ….. 33
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …… 34

Кіріспе

Өзіндік жұмыстың өзектілігі: Адам психикасының жануар психикасы-ның айырмашылығы. Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары — ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері

1) Адам психикасының  функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;

2) Адам психикасының дамуын анықтау;

Зерттеудің  теориялық  маңызы:

Адам психикасының   дамуы  мен  мәнін  ашу  барысында  адамның психикалық  процестерінің  қалай  дамитындығы  туралы  көрсетілген. Жұмыс  барысында  Карл  Бюлердің  психологиясы  мен  психика  дамуы қарастырылған  Сонымен  қатар  В.Штерн, Ф.Бергер, С.Шоспиро, Э.Герингтың, А.Н. Леонтьевтің  әр  түрлі  жас  жамаларындағы  жанамаланған  зейіннің  дамуы,  неміс  ғалымы  Э.Кречмердің  дене  құрылымы  мен  психикалық  қасиеттерінің  арақатынасын  зерттеуі  туралы  көрсетілген.

 Курстық жұмыс / 35 бет