Бұл болаттар кесу және өлшеу аспаптарын жасауға қолданылады. Аспаптық көміртекті болаттар екі топқа бөлініп, келесі түрде белгіленеді:
- Сапалы аспаптық көміртекті болаттар (У7, У8, У9, У10,У11, У12, У13).
- Жоғары сапалы аспаптық көміртекті болаттар (У7А, У8А, У9А, У10А, У11А, У12А, У13А).
Мұнда У әрпі көміртекті болат екенін білдіреді. Сан болат құрамындағы көміртегінің мөлшерін пайыздың оннан бір бөлігімен көрсетеді. А әрпі болаттың жоғары сапалы екенін көрсетеді. У7, У8 болаттарынан слесарлық балғалар, шапқылар т.б аспаптар жасалады. У9 , У10 болаттарынан бұрғылар, калибрлер, бұранда кескіштер т.б жасалады. У12 , У13 болаттарынан егеулер, қылауықтар жасалады.