Аренда шартының мерзімі туралы қазақша реферат
Мүлікті жалдау шарты нақты анықталған мерзімге жасалуы мүмкін. (ҚР АК. 545-6, 1-т.) Қаз. ҚСР-ң Азаматтық кодексімен, жалға берілетін мүлік түріне қарамастан мүліктік жалдаудың мерзімі 10 жылдан аспауы тиістігі қарастырылған еді. ҚР АК аренданың ақырғы мерзімін тек оның бөлек түрлері үшін, немесе бөлек мүлік арендасы үшін қарастырады. Айтылғандай жердің арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ғана жасалуы мүмкін.
Мүлік жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бұруға тиым салуы мүмкін.
Егер мүлікті жалдаудың ақырғы мерзім заңнамада қарастырылса, ал шарттың өзі нақты анықталмаған мерзімге жасалса, мүлікті жалдаудың ақырғы мерзімі өтуімен ол күшін өзімен өзі жоғалтады. Яғни, мүлікті жалдау шартының мерзімі заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзімнен асып кетсе де шарт бәрібір заңнамалық мерзімнен аспайтын (оған тен) мерзімге жасалған болып саналады.