Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне  байланысқа түскен  объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер  құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар.  Осындай байланыстардың елеулі бөлігі  уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың  ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.

Әлеуметтік заң – бұл  әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің  жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.

Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана  айқындалады және  статистикалық сипатқа ие болады