Қоғамның ұйымшылдық деңгейі

Қоғам – бұл деңгей  бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.

Келесі деңгей – бұл әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт тек материалдық түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен,  адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт – бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым, білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың институт қызметінің тұрақтылығына жәрдемдесетін өзіндік ұйымы мен арнайы дайындалған адамдары бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды зерттеу – «стратификация» түсінігімен  сипатталатын, әлеуметтік білімнің ең негізгі динамикалық аймағы болып табылады .

Жеке адам деңгейі.  Жеке адам, тұлға  ең күрделі және қарама-қайшы  білім беру ретінде айқындалады,- “Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай”. Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің  әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады