Орта ғасырлар заманындағы ірі білімпаз ғұламалардың бірі-Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол 870-жылдар шамасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар қаласында туған. Отырар сол кездегі Орта Азиядағы ең үлкен мәдени орталық болған. Әбу Насыр Әл-Фараби көзінің тірісінде-ақ «Шығыстың Аристотелі» атанған, сонымен бірге ол атақты философ, математик және музыкант болған. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб, түрік, парсы, еврей және грек тілдерін жетік білген, ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Әл-Фараби бастапқы білімді осы Отырарда алып, кейін Бағдатқа ауысып, онда ұзақ уақыт жемісті ғылыми-философиялық зерттеулер жүргізді.