Жақсы әйел – жігітке біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ.
Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.
Әйел сергек ұйықтаса жұмыс бітеді.
Жақсы әйел үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы,
Ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.
Қатын алма, қайын ал.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті інім деуге болмас па.
Қатын ер қасында, қараша хан қасында.
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Қатын жарығы ермен.
Қатындарға жалшы айғыр.
Қапыдан қатын ақыл табады.
Алты қатын асқа барса, әрқайсысы мұңын айтар.
Қатыны көп болса шөмішті ит әкетеді.
Қашқан жауға қатын би.
Айлас қатын мұңдас.
Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болған.
Жақсы қатын ерге сеп.
Қатын алсаң отын ал.
Қатын өлді, қамшының сабы сынды.
Қатын қатты келеді, еркек затты келеді.
Ерін баққан қатын елін де бағады.
Жақсы қатын зейнет,
Жаман қатын бейнет.
Қатының тентек болса қамшың жуан болсын.
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
Жақсы қатын – ырыс,
Жаман қатын – ұрыс.
Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
Бірліктен бездіретін де — әйел,
Сұмдықты сездіретін де — әйел.
Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.
Ердің жақсысы елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
Еріншек қатынның етегі жыртық,
Ерке қатынның ерні тыртық.
Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді,
Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.
Төркіні жақын қатынның
Төсегі жыйылмайды.
Астыңда атың болса
Арғымақ не керек.
Жақсы қатының болса,
Ұжмақ не керек.