Абайсызда адам өлтіру түсінігі туралы қазақша реферат
Басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiруді ҚК 96-бабы бойынша сараланбайтын абайсызда адам өлтіруден ажырату қажет, өйткені қылмыстық менмендік (әрекетті жасай отырып адам жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, бірақ еш негізсіз, жеңілтектікпен оны болғызбайтынына сенгенде) немесе қылмыстық немқұрайлылық (алайда, кінәлі істің мән-жайы бойынша өзінің әрекетінен жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алатын және бiлуге тиiс бола тұра, алдын ала білмеуі) нәтижесінде жасалады.Бұл ретте, қылмыстық менмендік нәтижесінде қаза келтіру мен басқа адамға құқыққа қарсы қасақана, жанама ниетпен қаза келтiру субъективті жағымен өзара ерекшеленетінін ескеру қажет. Қылмыстық менмендік кезінде кінәлі тек жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі және жеңіл ойлылықпен оны болғызбайтынына сенеді, ал жанама қасақаналықта ол өлімнің болуын қаламаса да, өлімнің болуы мүмкін екендігін ғана емес, сондай-ақ өлімнің болатындығын алдын ала біледі, бірақ оның болуын қаламаса да өлімнің болатынына саналы түрде жол береді не ол жәбірленушінің өлімін болдырмау үшін ешқандай шара қолданбастан өз әрекеттерінің зардаптарына немқұрайлы қарайды. Абайсызда адам өлтіру ҚК 101-бабы бойынша саралануы тиіс. Егер абайсызда адам өлтіру тиісті бапта саралау белгісі ретінде көрсетілсе, онда іс-әрекет, осы саралау белгісін пайдалана отырып, жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін тиісті бап бойынша саралануы тиіс. Бұл ретте, ҚК 101-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.Абайсызда адам өлтіруді ҚК 23-бабына сәйкес жауаптылықты болдырмайтын (мысалы, адам басқа адамның өлімін алдын ала білмеген және алдын ала білуі мүмкін емес болған немесе өлім болуын алдын ала біліп, өзінің ойы бойынша өлімнің болуын болдырмеу үшін барлық қажетті шараларды қолданғанын, бірақ өлім оның өзіне байланысты емес себептермен болған кезде) жазықсыз адам өлтіруден ажырату қажет. Абайсызда қаза келтіру, сондай-ақ азаптауды қолданған кезде денсаулыққа ауыр, ауырлығы орта немесе жеңіл зиян келтіру ҚК 347-1-бабының тиісті бөліктерінің диспозициясын қамтиды және ҚК 101, 103, 104, 105-баптары бойынша қосымша саралауды Кінәлінің өлімнін жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндетгілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары ездерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас бала-ларын өлтіру мақсатымен тамактандырмайды немесе олардын өмірін сактап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи кажеттерін камтамасыз ете алмайтын жағдайларда картайған ата-ана-ларын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекетгер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айкындау қажет.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстык зардаптын — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам елтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уакыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтіріл-ген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінін ^рекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстын болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті ушін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айкындалған кезде өлтіру үшін оқталғандык жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтіріл-ген зйян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру — материалдык құрамға жататын кылмыс. Адам өлтірудің субъективті жағы — ҚК-тің 9б-бабына сөйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру .кезінде касақаналык тікелей және сол сиякты жанама болуы да мүмкін. Тікелей касақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне кол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс.жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне- немесе тсалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп Іс-әрекет жасайды. Жанама касақаналыкпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінін әрекеті арқылы адам өміріне катер төңдіретіндігін мойындайды, осы әрекетгің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірак оғансаналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уакытга жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр.