Адам өлтірудің субъективтік жағы

Адам өлтірудің субъективтік жағы туралы қазақша реферат

Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлык жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: кымлыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен окшаулауын (мысалы, адамнын өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің кылмыстык әрекетгі тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің кылмыс істеу ал-дындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен аракатынасын ескеруі тиіс.

Жәбірленушінін, еліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін бел-гілі болып табылатын өмірлік манызы бар органдарына пы-шақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттін бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды колдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетге болғандығын айғак,-тайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру максатында істеледі. Тікелей қасақаналык болған кезде кінәлі өлімнің бол-уын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнін. міндетті түрде болуын каламайтындығын да ескеру керек мүндай жағдайда. Онын ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің, болуы, сол сияқты ленсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі жөне осы зардаптардың кез келгенінің бо-луын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстык нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге окталғандык үшін жауапқа тартылуы тиіс.

Адамды өлтірумен алдын ала коркыту баска мән-жайлар-мен катар адам елтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлел-деме болып табылады. Дегенмен осындай қатер тудыруды айткан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әре-кетгермен қоса айтылғанның езінде, адам елтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анык. тілегін — біддірмейді.

Адам өлтіруге жанама қасақаналык кезінде кінәлі ез әре-кетінің нәтижесінде елімнің нақты болу мүмкіндігін шамалай-ды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай коймайтынын шамала-ған жағдайда сез тек қана тікелей қасақаналык туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылык, занда көрсе-тілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі әлімнің болуын тіле-се, ал жанама ниеттену кезінде оны кіңәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немкұрайды қарайды.