“Абай” журналы туралы қазақша реферат
“Абай” журналы 1918 жылы “Абай” атты ғылыми, әдеби, шаруашылық журнал белгілі қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтың редакторлық етуімен Семей қаласында шыға бастады. Негізінде бұл басылымды шығарушылар “Екеу” деген лақап атпен қол қоюшылар болған. Оның бірі журналдың ресми редакторы Ж.Аймауытов болса, екіншісі әдебиет майданына енді араласқан М.Әуезов еді.
“Абай” журналында негізінде Қазақ әдебиетіне мән берген:сөздің сыртын сырлап, ішін әрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық,сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарақет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп қақсап кеткен Абай еді деп – Абайға арналған болатын.