Загрузка...

Желілік принтерлер

Загрузка...

Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек,оның құны мың долларға жетіп артылады.

Әрине, ірбір компьютерге қосылған қымбат лазерлік принтерлер ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады.Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жасауға болады екен?

Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге , екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады.  Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелнрде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтердіортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы артпаса да түсініктішығар.Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.

Загрузка...