Загрузка...

Топырақтың табиғи зоналылығы

Загрузка...

Топырақтың табиғи зоналылығы. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі көлденең және тік белдеулік  топырақ зоналарының таралу заңдылықтары  мен  топырақ классификациясына талдау жасау.

Семинар сұрақтары:

1. Топырақтың көлденең зоналылығы.

2. Топырақтың тік белдеулік зоналылығы.

3. Топырақ классификациясы.

Әдістемелік   нұсқаулар:

 Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан аймақтар. Топырақ түзуші факторлар зоналылық тәртіпке бағынып ретімен тарағандықтан,  осы факторлардың әсерінен топырақ та  осы тәртіпке бағынады. Олар көлденең және тік белдеулік топырақ зоналарға бөлінеді.

Ерекше көңіл аударатын құбылыс көлденең топырақ зоналарының жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай жылжуынан топырақ түрлерінің өзгеруі, биік аймақтарда жоғары қарай өрлеген сайын, оның табиғаты мен климатының топырақ жамылғысынада үлкен өзгеріс әкелуі. Таулы аймақтардың  өсімдіктері мен жан — жануарлары дүниесінің сан-алуандығы.

Сұрақтарды қарастыру барысында жер бетіндегі көлденең топырақ зоналарының  биіктік топырақ зоналарынан басым болу себептері мен  орналасу заңдылықтарын  анықтап, көлденең және биіктік топырақ зоналары мен зонашаларына назар аударыңдар.

Топырақтың тегіне, құрылымына, құрамына, қасиеттеріне және құнарлылығына,  сол сияқты тектік өзгешеліктері мен түзілу ерекшеліктеріне сәйкес топырақтың алғашқы  тектік (генетикалық) жіктелуін жасаған орыс ғалымы В.В.Докучаевтың топырақ  классификациясымен  танысу керек.

Топырақ жіктелуінің басты белгісі — тип, ол биологиядағы “түр” деген түсінікпен барабар.

Тақырыпты оқу барысында тип, типше, текше, түр, әр түр сияқты топырақтың таксономиялық көрсеткіштеріне қөңіл бөліп, топырақ классифика- циясын жасауға  үлес қосқан  ғалымдар Н. М. Сибирцевтің, К. Д. Глинканың,

Г. Н. Высоцкийдің, С. А. Захаровтың еңбектерімен танысыңыздар.

Әдебиеттер:

1.Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. — 4-е изд.-М.: Владос, 1999.

1.  Ковда В.А. Основы учения  о почвах. – М.: Наука, 1973 изд Книга, 99-126 бет.

2. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

3.  Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.- 448 бет

4. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989. -720 с

5.  Банников А. Г., Рустамов А. К. Охрана природы.- М.: Колос, 1977.

Рефераттар тақырыптары:

  1. Қазақстанның топырақ зоналары.
  2. Дала зонасының қара топырағы.
  3. Топырақтың генетикалық жіктелуі.
  4. Орталық тайга зонасының топырағы.
Загрузка...