Су қоймаларында кадмийдің таралуы

Су қоймаларында кадмийдің таралуы туралы қазақша реферат

Соңғы жылдары белсенді антропогендік әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі сулармен қатар жерасты суларының химиялық құрамы елеулі өзгерді. Ластанудан жер бетіндегі суларға қарағанда қорғалғандығына қарамастан жер асты суларының өзінде қорғасын, хром, сынап, мырыш жэне тағы басқа элементтер табылған. Әсіресе ауыр металдардың жоғары концентрациясы ірі қалалармен өнеркәсіптік орталықтардың аумағының маңында өсіп отыр. Белсенді антропогендік әсер ету жағдайында табиғи тұщы судың ауыр металдармен ластануы ең жіті проблемалардың бірі болып отыр. Судағы ауыр металдардан өздігінен тазару жүрмейді. Ауыр металдар тек бір табиғи резервуардан басқасына алуан түрлі тірі ағзалармен әрекет ете отырып және барлық жерде ауыр салдарға ұшырата отырып қайта таралады. Ауыр металдардың, соның ішінде кадмийдің, жер беті жэне жер асты суларына таралу себептері түсті металдар шығарумен де байланысты. Соның ішінде ең көп мөлшері қоғасын мен цинк рудалары арқылы тарайды. Ауыр металдар табиғи суларға өнеркәсіптің пайдаланған сулармен ғана емес, сондай-ақ отвалдар арқылы сүзіле отырып, әсіресе қалдық сақтағыштардан жаңбыр суларымен түседі. Жер асты сулары үшін ұңғырлардан, шахталардан және шуруфтардан өндірістік қалдықтардан тазартқан кезде де жағымсыз әсер етеді. Тірі ағзаға үшін еріген түрде (ШЖК- ПДК>) елеулі концентрацияда қатысатын элементтер ең көп қауіптілік тудырады. Осындай элементтерге мыналар жатады: Cd-ZK-І бақа барлық су үлгілерінде. Мырыш сүтқоректілер үшін өте қаіпті элементтердің бірі. Өнеркәсіпте де кең түрде қолданады. Давыдованың (2002) деректері бойынша, қорғасын балқытатын зауыттардың аймағында орналасқан көлдерде еріген шырыштың мөлшері жоғары болады, ал рудниктердің жанынан ағып жатқан өзендерде оның мөлшері ЗОООмкг/л асады. Мырыштың улылығы көбіне басқа ауыр металдардың, әсіресе кадмийдің қоспасының болуымен айқындалады. Оның шоғырлануы ағзада мырыштың жетіспеуіне әкеледі.

Қорыта келгенде, қалдық сақтағыштардың маңынан алынған (ZK-6 және ZK-7) су үлгілері және тоқтонды су айдынынан алынған (ZK-4) су үлгілері ауыр металмен күшті ластанған. Осы су көздері тірі ағзалар үшін қауіпті болып табылады. Сонымен қатар, улы элементтердің бірі кадмий барлық су үлгілерінде кездеседі. Табиғи суларға кадмий топырақ шайылғанда, поллиметалл және мыс рудаларын өндіру кезінде, осы элементті өз денесіне жинақтауға қабілетті су ағзалары ыдыраған кезде түседі. Кадмийдің қосындылары жер бетіндегі су көздеріне қорғасын-мырыш зауыттарының, кен байыту фабрикаларының, бірқатар химия кәсіпорындарының, шахтаның ағын суларымен шығарылады. Сонымен ауыр металдардың иондарының түрлері су ортасында басқа орталамен салыстырғанда алуан түрлі. Сондықтан суды ауыр металдарына тазарту өте көп күш, қаражат жұмсауды және уақытты қаже етеді.