Ресейдегі суретті оқыту әдістері

Ресейде сурет жалпы білім беретін мектептерде ұзақ жылдар бойын жалпы білім беретін пән ретінде мектептерде қолданылмай,  18 ғасырдың басында ғана жүзеге асырылды. Суретті осы кезден бастап барлық кәсіпке қажетті адамның образдық ойы мен іскерлігін дамытатын мүмкіндік ретінде тани түсті.

1715 жылы сурет Теңіз академиясының оқу жоспарына енгізілді. 1716 жылы сурет Феофан Прокопович Карпов мектебінің оқу пәндерінің қатарына қосылды. 1724 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясының студенттері сурет салумен шұғылдана бастады.  Мұнан соң сурет жалпы білім беретін пән ретінде мектептерге кең түрде кіргізіле бастады. 1732 жылдан Кадет корпусында, 1747 Ғылым Академиясының гимназиясында, 1764 жылдан Смольный шіркеуіндегі қыздар институтында оқытыла бастады.

Бұл оқу орындарында кәсіпкер суретші дайындау міндетін қоймаса да, суретті оқытуды көркемдік білім беруге жақындатты. Олар өз оқушыларына бейнелеуден элементарлық дағды беріп, оны әр түрлі жағдайларға байланысты қолдану жағын қарастырды, яғни сурет жалпы білім беру мақсатында оқытылды.

1735 жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде И.Д.Прейслердің «Көркемдік сурет салуға  қысқаша басшылық немесе негізделген ережелер» еңбегі жарыққа шықты. Прейслердің бұл құралын замандастары жоғары бағалап, оны шет елдерде және Ресейде бірнеше қайта бастырды.

Прейслер жүйесімен оқыту түзу және қисық сызықтарды сызуға үйретуден басталды, геометриялық денелер мен көлемді денелерді бейнелеу бойынша жалғастырылады. Мұнан соң оқушы адам денесінің бөлшектерін салудан бастау алып, онан соң басын және адамның тұтас фигурасын салу жолынан өтті. Басқа суретші-педагогтар сияқты Прейслер де сурет салудың негізі геометрия мен нұсқаға қарап сурет салу деп түсінеді. Олар геометрия салушыға форманың құрылымын көруге, түсінуге жәрдемдеседі, сонымен қатар ол, форманы жазықтық бетінде бейнелеу процесін жеңілдететіндігін айтқан.

Ресейдің көркемсурет Академиясы 18 ғасырдың екінші жартысы мен 19 ғасырдың бірінші жартысында суреттің озық мектебіне айналды. Ол Ресейдегі әдістемелік  жұмыстардың орталығы болды. Көркемсурет Академиясында оқу орындардың тұтас жүйесіне арналған суретті салуды оқытудың жаңа әдістері пайда болып, олар бекітіліп тұрды, сондай-ақ олар осы жерде тәжірибеге енгізілді. Көркемсурет  Академиясындағы көркемдік білім беру құрылымы арнаулы көркем сурет мектептерімен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті.

1834 жылы А.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл орыс суретшісі жазған жалпы білім беретін оқу орындарына арналған бірінші оқулық болды.Бұл оқулық 1889 жылға дейін бірнеше рет қайта басылып шығарылды.

А.П.Сапожниковтың оқыту жүйесі бойынша оқушыларды әр түрлі сызықтарды сызуға, онан соң бұрыштарды таныстырудан бастап,  әр түрлі геометриялық фигураларды салуды меңгеруге ауысады. Сурет салудың алдында Сапожников арнаулы модельдің көмегімен перспектива заңдарын демонстрация жасап көрсетеді. Мұнан соң тағы да сызықтардан бастап, әр түрлі жазықтықтарды бейнелеуге, онан кейін геометриялық денелерді бейнелеуге үйретілді.

Қашан геометриялық денелерді бейнелеу меңгерілген соң  А.П.Сапожников күрделі денелерді салуға көшуді ұсынады. Бұл жағдайда, бірінші геометриялық денелер тобын бейнелеуге үйретіліп, онан соң біртіндеп, тапсырмалар гипстен жасалған басты бейнелеуге дейін жеткізілген. Адам басының көрінісін бейнелеуді жеңілдету үшін А.П. Сапожников сымтемірден жасалған көрнекілікті ұсынды.

Бұл модель гипстен жасалған адам бас формасын салғанда соның қасына қойылатын болған, бас бұрылыстарын өзгертіп салғанда модельдің бұрылысын өзгертіп отырған.

«Сурет курсының» екінші бөлімі адам фигурасын бейнелеуге оқыту мен кейбір композиция ережелеріне арналады. Сапожниковтың әдісінің құныдылығы оның суретті нұсқаға қарап салуға негізделгенінде. Сапожников нұсқаға қарап сурет салу барысында сурет салушыны ойлауға, талдауға, нысанды ой елегінен өткізуге үйрету мақсатын көздейді.  Осы мақсатқа жету үшін  ол сымтемір мен картоннан жасалған модельдерді пайдалану арқылы зат формасы  құрылысын, негізгі конструкциясы мен оның перспективалық өзгертуді түсіндіруге болатындығын айқындаған.

Сапожниковтың ұсынған суретті оқыту әдісі оқу-тәрбие жұмысында жаңа бетбұрыс жасады. Оның кітабының жарыққа шыққанына дейін, жалпы білім беретін оқу орындарында оригинал үлгілерінен көшіру үстемдік құрды. Нұсқаға қарап сурет салуға оқытылған жоқ, суреттің реалистік қағидаларын оқыту барысында қолдануға ешкім көңіл бөлген жоқ.

Сапожников балаға сурет салу барысында, зат формасын дұрыс құра білуді ұтымды әдіс ретінде, сурет салудың алғашқы кезеңінде ықшамдау әдісін қолдануды ұсынған. Бұл әдіс бойынша оқушы заттың қандай геометриялық денелерге ұқсайтындығын айқындап алады да, онан соң оларды біртіндеп нақтылап көрсететін болған. Сапожников педагогке баланың суретін түзетумен қатар, оның қатесін түсіндіруге кеңес берген.

Суретті оқыту әдістемесінің тарихын зерттеу барысында Г.А.Гиппиустың еңбектерімен танысудың орны ерекше. 1844 жылы «Жалпы оқу пән ретіндегі сурет салудың теориясы» атты оның еңбегі жарық көрді. Бұл суреті оқыту әдістемесі бойынша жазылған бірінші еңбек болды. Мұнда сол кездегі педагогиканың алдыңғы қатарлы идеялары біріктірілген болды.

Кітап теориялық және практикалық бөлімдерден құралады. Теориялық бөлімде педагогика мен бейнелеу өнерінің негізгі қағидалары баяндалып, практикалық бөлімде оқыту  әдістемесі ашып көрсетіледі.

Кітаптың кіріспе бөлімінде автор суретті жылпы білім беру пәні ретінде көркемсурет мектептеріндегідей етіп оқытуға болмайтындығын айтқан. Гиппиус сурет салуды сурет салуды оқытудың әрбір қағидасын теориялық негіздеуге ұмтылды. Сурет салуға үйрену, ойлауға үйрену бұл барлық адамға керек, ал ойлау дағдысын дамыту, баланың жас шағынан  бастау керек деп есептеген. Сонымен қатар Гиппиус мұғалім көп нәрсені біліп,  көп нәрсеге икемді болумен қатар, балалар алдында сөйлеуге актер сияқты шебер болуға кеңес береді.

Суретті оқыту әдістемесінің дамуына көрнекті суретші-педагог Павел Петрович Чистяков (1832-1919) үлкен ықпал етті. Ол өнердің мақсаты мен міндетіне, көркемсурет мектебіне деген көзқарастары 19 ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптаса бастады.

Көркемсурет Академиясының адьюнкт профессоры (1872-1892) ретіндегі Чистяковтың жиырма жылдық қызметі, оның өміріндегі ең жемісті жылдар болды. Осы уақытта ол жаңа оқыту әдістемесін жасап шығарып, өзінің педагогикалық жүйесін практикада тексеруден өткізді.

Чистяков академиялық жүйеге қарсы емес, өнерді оқытудағы белгілі бағыттың болуы үшін күресті. Ол оқытудың басында болсын, жоғары стадиясында болсын, ол біртұтас принциптер негізінде, ғылыми негізге сүйене отырып жүргізілуі тиіс деп есептеді.

Чистяков «Сурет салуға үйрену, нақты айтқанда нұсқадан басталып, нұсқамен аяқталуы тиіс; бізді нұсқа дегеніміз, адамды қоршаған әр түрлі заттар» деп көрсетті.

Ол көшіру әдісін үзілді-кесілді теріске шығарды. Орта мектептегі суретке ол жалпы білім беретін пән ретінде қарады. Уездік училищелер мен гимназиялардағы сурет салу міндетті түрде басқа пәндердің қатарында болуға тиіс деп есептеді.

Ол көшіріп салу әдісінің басты қателігі үнемі оригиналдардан (дайын суреттерден) көшіруінде, мұнда оқушы саналы жұмыс істемейді,  кейде қажеті жоқ оригиналдарды пайдасыз көшіруге, көп уақыт жұмсалады деп көрсетті.

Оқытудың бірізділігі  туралы Чистяков: «Сызу мен сурет проболка сызықтарды, бұрыштарды, геометриялық денелерді салудан басталады, онан соң картон мен ағаштан және гипстен жасалған ою-өрнектерді салу жалғасады, сонымен қатар архитектуралық ордерлер туралы түсінік беріледі. Суретке үйрету бастың маскасының бөліктерін, тұтас басты салудан басталып, анатомиясымен (ет, сүйек), пейзаж бен перспективаны салумен аяқталады-деп көрсетеді.»

Жалпы білім беретін мектепте біз суретшілер дайындамасақ та, суретті оқыту өнердің барлық ережелері мен заңдылығы бойынша өтілуге тиістігіне көңіл бөледі. Ол геометриялық денелерді бейнелеу барысында сызықтық перспектива теориясының шарттарын орындауды талап етеді.

Оқушылардан техникалық ептейлілік немесе геометриялық және өрнекті формаларды білу және одан шығатын байқампаздық, шығармашылық қиял, табиғат пен қоршаған ортаның жағдайына форма мен бояу туралы елестету талап етілді, суреттің басқа пәндермен байланысын қамтамасыз етуге көңіл бөлінді, қорыта айтқанда сурет адамның бір серігіне айналуына күш салынды.

Суреттің мектептегі бағдарламасы өмір сұраныстарына сәйкес құрастырылды. Оның шеңберіне нұсқаға қарап сурет салу тәсілдері, жапсыру, сызу, иллюстрация жасау жаттығулары, сәндік сурет жаттығуларын және өнер туралы мәліметтер кірді.

Мектептегі тәрбие мамандары балалар шығармашылығымен, балалар психологиясымен, эксперименттік педагогикамен айналыса бастады. Балалар суретін зерттеу сурет мұғалімдерін ғана емес, суретшілерді, өнертанушыларды, психологтарды, социологтарды қызықтыра бастады Балалар шығармашылығын зерттеудегі ғылыми бағыт үлкен болашағы бар екендігін көрсетті.

Мұндай кең көлемдегі, балалар шығармашылығымен шұғылдану жұмыстары өзінің жағымды жақтарын көрсетті. Ең алдымен суретті оқыту әдістемесі ғылыми-теориялық жағынан негіздемесін алды, балалардың бейнелеу еңбегіне деген көзқарас дұрысталды, ал мектептегі суретке маңызды оқу-тәрбиелік пән ретінде қарай бастады. Сонымен қатар шет ел мамандарымен ортақтасқан «еркін тәрбие» идеясы бұл кезеңде кең көлемде таралды. Мұның кейбір пайдалы жақтарымен қатар, көптеген зиянды жақтары да болды. Бұл бәрінен бұрын мұғалімнің бақылаушы ретіндегі ролін дәріптеу балалардың қара дүрсін суретіне артық басиушілік, ересектердің оқыту мен тәрбиелеу ықпалын жоққа шығару болды.

Еркін тәрбиеге байланысты концепцияның басты кемшілігі ондағы әдістемелік қағидалар ғылыми негіздемесіз, кездейсоқ авторлардың субъективтік пікірлері бойынша  кездейсоқтыққа құрылды.