Озонның орналасуы және оның қызметі

Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабат жерден 22-24 км жерде өте қалың.
Озон қабаты өте жұқа. Егер де бұл газды жер бетінде орналастырсақ, ол 2-4мм құраған пленка түрінде орналасатын еді. (экватор маңында – минимум, полюстарды — максимум) Бірақ-та, бұл қабық бізді қорғап отыр, ол ультракүлгінді түгелімен жұтып отырады. Онсыз тіршілік тек ультракүлгін өте алмайтын жерде ғана сақталатын еді. (су түбі 10м). Озон жер бөлетін инфрақызыл сәулелердің 20 процентін жұтып алады.
Озон – активті газ, адамға зиян тигізуі мүмкін. Оның төмеңгі атмосфера қабатындағы концентрациясы шамалы болғандықтан, ол адамға зиян тигізбейді. Үлкен қалаларда машиналардың әсерінен озон көп мөлшерде пайда болады. Озон ғаламшардың сәулелерінің қаттылығын да қадағалайды. Егер де кішкене озон азайып қалса, жерде өсімдік және организмдер әлемінде үлкен өзгерістер болады.
Озон қабаты, жоғарыда аталғандай, әлемде тіршілікті Күннің ульракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген жылдар бойы озон қабаты кішкене ғана өзгерістерге ұшырап келе жатырғандығы дәлелденген. Арктикада үлкен озон тесігі табылған.
Озон жойылуына ультракүлгіннің, ғарыштық сәулелердің, кебір газдар: азот, хлор, бром қосылыстарының, фторхлоркөмірсутектерінің (фреондар) әсері мол. Аса жоғары қауіпті адамның іс-әрекеті тудырады. Сондықтан да көптеген елдер озон жоятын заттардың өндірісін қысқартатын халықаралық келісімге қол қойды.
Озон қабатының әлсіреуінің себептері көп болуы мүмкін. Біріншіден, ғарышқа ракеталардың ұшырылуы. Жанатын отын озон қабатында үлкен тесіктер жасай отырып, жағып жібереді. Бұл тесіктер қысқарады деп болжанған еді. Бірақ, олай болған жоқ, олар көп өмір сүреді.
Екіншіден, ұшақтар. Әсіресе, 12-15 км жерде ұшатын ұшақтардың буы озонды құртады. Бірақ-та 12 км-ден төмен ұшатын ұшақтар озон қосып тұрады. Қалаларда ол фотохимиялық әсерден туындайды.
Үшіншіден – хлор және оның оттекпен қосылысы. Бұл газдың өте үлкен көлемі (700 мың тоннаға дейін) атмосфераға өтеді. Оның негізгі себебі – фреондар. Фреондар – жер бетінде ешқандай реакцияға түспейтін газдар, олар бөлме температурасында қайнайды да өзінің көлемін күрт өсіреді. Оның өскен кезде олардың температурасы азайады. Оның бұл қасиетін мұздатқыштар жасауда пайдаланылады.
Жыл сайын жер атмосферасында фреондар саны 8-9%-ке өседі. Олар жоғарыға, яғни стратосфераға көтеріледі де күн сәулесінің әсерін реакцияға түседі. Реакция нәтижесінде хлор түзіледі. Ал, хлордың әрбір бөлшегі жоғарыда аталып кеткендей, жүз мындаған озон молекулаларын жоюы мүмкін.
2004 жылдың 9 ақпанында НАСА жер институтының сайтында мынадай жаналық пайда болды: Гарвард Университерті ғалымдары озонды жоятын молекуланы тапты. Ғалымдар бұл молекуланы «димер одноокиси хлора» деп атаған. Былай атауының себебі, хлор қоспасының 2 молекуласынан құралғанында. Димер өте салқын стратосферада орналасады, күн сәулесін жұта отырып, екі хлор атомына және бір оттек атомына ыдырайды. Хлордың тәуелсіз атомдары озон молекулаларымен байланысуы нәтижесінде озон одан сайын азаяды.
Бұл аргументтердің қысымы нәтижесінде көптеген мемлекеттер хлорфторкөмірсутектердің өндірісін қысқартуға шаралар қолдануда. 1978 ж. Бастап, АҚШ-та аэрозоль өндірісінде хлофторкөмірсутек қолдануға қарсы заң шығарды. Бірақ, хлорфторкөмірсутектерді басқа салаларда өндіруге қарсылық білдірілген жоқ. 1987 ж. әлемнің 23 мемлекеті қатысуымен өткен Монреальдағы келісім бойынша 1999 ж. дейін бұл мемлекеттер озон қабатын жоятын заттарды қолдануды 1986 ж. деңгейге дейін жеткізу керек болды. Аэрозольде пропелленттердің міндетіне басқа элемент табылды – пропанбутан қосындысы. Ол фреонға физикалық параметрлері бойынша қалыспайды, бірақ өртке қауіпті. Бірақ, мұндай аэрозольдер көптеген елдерде өндіріске еңгізілген. Мұздатқыш қондырғылармен мәселе қиынырақ. Қазіргі уақытта фреонның ең жақсы ауыстырғышы аммиак болып келеді. Ол токсикалды және физикалық параметрлері бойынша фреоннан әлдеқайда төмен. Көптеген елдерде жаңа ауыстырғыштар қарастырылуда, кейбіреулері оны құрастырып та болды. Бірақ, мәселе әлі түгелімен шешілген жоқ.
Фреондарды қолдану әлі де тоқтатылған жоқ. Ғаламдық климат өзгерісін бақылайтын желінің деректері бойынша Тынық және Атлант мұхиттары аралдарында фреондар концентрациясы 11-12 процент, және өсу жылдамдығы 5-9 процент болып келеді. Стратосферадағы хлор қосылыстары қазіргі уақытта 50-жылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп.