Загрузка...

Орыстың шығыстанушысы – В.В.Бартольд

Загрузка...

      Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Талантты ғалым, түркі дүниенің жанашыры.

2.Шығыс елінің тарихын зерттеуші ғалым.

3.Шығыстануға қосқан үлкен үлесі.

4.Саяси және діни мәселелердің тарихын ұқыптылықпен зерттеген шығыстанушы.

5. Бартольд кеңестік шшығыстану ғылымының қалыптасу кезеңінде Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер. 

                                        Кіріспе 

1917 жылға дейінгі шығыстану ғылымының ерекшелігі, біріншіден, оның патша үкіметінің озбыр шовинистік саясатынан азда болса алшақ жатуында еді. Әрине, патша үкіметінің солақай саясатының сойылын соғып, соның шаңына көмілген еңбектердің болғаны айдан анық. Екіншіден, шығыстанушы ғалымдардың басым көпшілігі тарихи деректерге өте терең көңіл бөле білді. Бұл қасиет шынайы тарихшы үшін аса қажет іс болып табылады. Олар бұны жақсы түсінді. Тарихи деректерге өте мұқият сын көзімен қарай отырып, ішінен тарихи оқиғалардың болғанын бұлтартпас айғақпен дәлелдей алатын мәліметтерді іріктеп алып, талдау арқылы Қазақстан мен Орта Азия тарихын жазуда оларды кәсіби шеберлікпен пайдалана білді.

Революцияға дейінгі шығыстану ғылымының риза көңілмен құптарлық бір тұсы мында еді: бұл ғылым патша үкіметі Ресейдің шығыс шеткері аймақтарын аяусыз қанап, тонап отырған жағдайында және «бұратана халықтың мәдениеті мен тарихи ескерткіштерін жойып жіберуді көздеп, оны зерттеудің пайдасынан да зияндығы өте басым» дейтін шовинисттік көзқарастың күш алып тұрған кезінде дамыды.

Орыстың шығыстанушы ғалымдары өздерінің кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми туындыларында Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өте бай мәдениеті мен өнері туралы, тамырын тұңғиықтан алар терең тарихы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды. Әсіресе, біздің және бізге жақын түркі тілдес халықтардың мәдениет тарихын, этнографиясын, географиясын және тарихын зерттеген шығыстанушылар Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтардың да әлемдік тарихта алатын ерекше орны бар екендігін, олардың әлемдік ғылымға, әлемдік өркениеттің алтын қорына қомақты үлес қосқандарын бай фактілік материалдарға сүйене отырып дәлелдейді.

Орыстық шығыстану ғылымында 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында әр түрлі бағыттар болды. Солардың ішінде ең күшті прогрессивтік бағыттың өкілдерінің бірі – кеңес үкіметіне дейінгі буржуазиялық шығыстану ғылымының, кейіннен кеңестік дәуірдің аса ірі тұлғасы Василий Владимирович Бартольд (1869-1930ж.ж.) болды. Ол өзінің бар саналы өмірін Қазақстан мен Орта Азияның тарихын зерттеуге арнаған десек артық айтқандық болмас еді. Ол буржуазиялық қоғам жағдайында өмір кешіп ғылыми қызмет жасаған адам. Қоғамдағы жағдайға байланысты тарихи процесті тануда ол идеалистік бағыт ұстады. Бірақ оны әрдайым әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тарихы, халық бұқарасының жай-күйі қатты қызықтырды. Сондай-ақ ғалым саяси және діни мәселелердің де тарихын өте ұқыптылықпен зерттеді.

В.В.Бартольдтың ғылыми қызметі туралы А.Ю.Якобовский былай деп жазды: «Как бы ни ограничивал он себя уской политической тематикой в силу малой разработанности предмета, он никогда не оставлял без внимания вопросы социально-экономической жизней».

В.В.Бартольд 1896 жылы өзінің алдына қойған мақсатын айқындай отырып былай жазыпты: «… тарихшының міндеті тек саяси тарихты зерттеп, оны жазудан ғана тұрмайды, ол тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі халықтардың өмір тынысын, қоғамдық, әлеуметтік құрылымдарын терең білуі керек, тарихи өмірдің ағысы мен тынысы экономикалық жағдайлармен анықталады. Сондықтан зерттеушілер жер шаруашылығының, өнеркәсіптің және сауданың дамуын өз еңбектерінде терең қарастырулары қажет».

Жас шағында, жаңадан құнды еңбектер жазуға аяқ басқан кезінде тарих туралы осындай келелі ойлар айтқан шығыстану ғылымының аса үлкен қайраткері В.В.Бартольдтың өмірі мен қызметі туралы мәселе тарихшы үшін өте қызық дүние. Өйткені, ол барлық өмірін және ғылыми еңбектерін түркі дүниесінің тарихын зерттеуге арнаған. Қазақстан тарихы туралы көптеген зерттеу еңбектерін қарастырған кезде ежелгі дүние мен орта ғасырлар кезіндегі тарихты зерттеушілердің көп бөлігі академик В.В.Бартольдтың еңбектеріне сілтеме жасауды «ұмытып» кетіп отырған. Атақты шығыстанушының еңбектерінің көп жерін үтір-нүктесіне дейін көшіріп алған тұстары жетерлік. Тіпті, «Қазақ ССР тарихының» (бес томдық) бір-екі томдарының кейбір авторлары ғалымның жазғандарынын «өздерінікіндей» етіп жіберген тұстары да кездессіп қалады.

Артына өте үлкен ғылыми еңбек, өшпес мұра қалдырған академик Бартольдтың өмірі мен қызметі туралы білуге құштарлық тақырыпта очерк жазуға итермелеп отыр.

В.В.Бартольд шығыстану ғылымында артында аса бай мұра қалдырып отырса да, оның өмірі туралы мәселенің тарихнамасы өте жұпыны.

Оның кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында қызметтес болған қаламдас, дос-жолдастарының ол туралы жазғандары зерттеушінің өмірге, қоғамға, тарихи ізденіске деген көзқарасын анықтап алуымызға мүмкіндік берді. Оның бірі – В.В.Бартольдпен бірігіп «Алтын Орда және оның құлауы» деген өте күрделі еңбек жазған А.Ю.Якубовскийдің жоғарыда мен сілтеме жасаған мақаласы Бартольдтанудағы сүбелі еңбектің бірі болып табылады.

В.В.Бартольдтың қызметі мен өмірі туралы еңбектер ғалымның тірі кезінде-ақ шыға бастады. Солардың бірі – шығыстанушы ғалым И.И.Умняковтың еңбегі. 1926 ж. Ташкент қаласында шыққан бұл автордың кітабы «В.В.Бартольд» деп аталады. Онда ғалымның шығыстану ғылымына қосқан үлесі, Орта Азия мен Қазақстанды, әсіресе, Түркістан өлкесін зерттеуге қосқан үлесі жөнінде жан-жақты айтылған. «Бартольдтың еңбектерінде жинақталған бай фактілік материалдар Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеу ісінде жалпылап сөйлеуден және экстенсивтіліктен (бұл жерде «сапасын оқудан» деп түсінген дұрыс-Н.Т.) арылып, Түркістантанудың жекелеген мәселелерін зерттеудің нақтырақ және ұқыпты да мұқият ісіне мүмкіндік берді», — деп жазады И.И.Умняков.

Екінші бір шығыстанушы ғалым И.Ю.Крачковский өзінің еңбектерінде В.В.Бартольдке өте жоғары баға берді. «Біздің мәдениетіміз тарихында, бүкіл дүние жүзінің тарихында оның аты ешқашан ұмытылмайды, оның есімі өшпейді. Оның еңбектерімен кез келген шығыстанушы арабтардың немесе басқа да мұсылмандар өмірінің өте нәзік тарихи шақтарынан хабардар ететін анықтауларды таба алады. Ғалымның тарихи пайымдаулары өте дәл де әділ куеліп отырады. Оның көп жылғы еңбектерінің жемісі болған ғылыми көпшілікке арналған кітаптарынан шығыс елдерінің өмірінің тамаша қайталанбас суреттерін табуға болады. Бұл бейнелеуді осы уақытқа дейін ешкім қайталап та, айырбастап та көрсете алмады», — деп жазады Бартольд туралы И.Ю.Крачковчкий.

Әрине, бір өмірбаяндық очерк жазу барысында аса ірі тұлға В.В.Бартольдтың өмірі мен қызметіне арналған еңбектердің бәрін қарастырып шығуға мүмкіндігіміз болмады. Оның үстіне ғалым туралы еңбектердің тарихнамасы өте жұпыны. Бұл очеркті жазу үшін В.В.Бартольдтың өзінің еңбектерін, кейінгі он-он бес жылдар көлемінде өткізілген «Бартольд оқулары» деп аталатын ғылыми конференциялардың материалдарын пайдалануға мүмкіндік алдық.

Ұлы ғалымның өте бай мұрасымен танысқаннан кейін, біздің қазақ халқымыздың, туған елдің тарихының және бер жағы түркі дүниесінің ар жағы бүкіл ислам әлемінің шын жанашыры болған академик В.В.Бартольдтің өнегелі өмірін, артына қалған мол мұрасын осы қысқаша очерктің арқауы етіп алуға мақсат тұттым.

В.В.Бартольд 1869 жылдың 15 қарашасында Петербургте дүниеге келген. Оның әкесі Ригада туылып, кейін Петербург қаласына келіпті. Биржада маклер болып қызмет істеген адам. Өзінің біршама дәулеті бар, ауқатты кісі болған. Әкесінің байлығы мұрагерлік заңы бойынша өзі қайтыс болған соң баласы – Василийге қалады. Әкесінен қалған байлықтың пайдасын ғылым жолына түскен талапты В.В.Бартольд көп көрді. Жоғарыда айтылғандай патша өкіметі шығыстану ғылымына қаржы бөлмек түгілі, шығыс елдерінің тарихы мен мәдениетіне менсінбеушілікпен қарап тұрған кезде әке мұрасының жас ғалым үшін қандай зор пайдасы болғаны айтпай –ақ түсінікті. Ол қаржы В.Владимировичке сол кездегі Ресей тұрғындарының еі бай өкілдерінің балалары ғана қол жететін терең білім алуға, одан соң сүйіп таңдаған ісіне беріліп, ғылыми қызметпен айналысуына зор мүмкіндіктер берілді. Бұл жайында өзінің өмірбаянын жазған ғалым былай деп еске алады: «Әкемнің бар жинағаны маған мұрагерлікпен қалып, еңбекақы үшін жұмыс іздеп, ғылыми жұмысты тастап кетпеуіме зор пайдасын келтірді. Осы қаражаттың арқасында білім алу үшін, ғылыми ізденістер үшін бар күшімді салуға, тіпті ұзақ уақытқа созылған саяхаттар жасауға ешбір кідіріс жасамадым. Сөйтіп,  мен өзімнің сүйікті ісіммен құлшына алдым».

В.В.Бартольдтың шешесі де осал әулеттен емес еді. Шещесінің әкесі Петербургте туылған. Кейінен үлкен бір банк конторының қожасы болған адам еді. Бартольдтің шешесі жағынан нағашы атасы Гамбургтен Ресейге келіп, Петербургтегі ең ірі лютерандық шіркеудің священнигі болған.

Міне, осындай ауқатты да беделді ортада тәрбиеленген болашақ ғалым орта білімді Петербург қаласында ең сапалы білім ошағы болып саналатын №8 гимназиясының қабырғасында жүріп алады. Ол бұл оқу орнын 1897 жылы «оқудағы үздік білімі үшін» алтын медалімен аяқтайды.

Замандастарының айтуына қарағанда талапкер оқушы өзін болашақ ғылыми жұмысқа мектеп партасында – ақ отырғанда дайындаған екен. Оны мектептес достары да, оқытушылары да айтады. 1886 жылы гиназияның жетінші класында оқып жүрген ол, «Тетрадь для латынского языка ученика 7 класса В.В.Бартольда» деп архивте сақталып қалған жазбаларында оның шынымен – ақ шығыстың тарихы мен философиясына қызыққанын байқауға болады.

Гимназияны үздік аяқтаған жас Бартольд Петербург университетінің шығыс тілдері факультеті жанындағы араб, парсы, түрік, татар тілдерін баса оқытатын бөліміне оқуға түседі. Өзінің туа біткен дарынымен гимназияда алған озық білімі оны университет қабырғасында бірден көзге түсірді. Оның үстіне факультетінің оқу процесінің дұрыс методикалық жолға қойылуы және сол кездегі өте білімді шығыстанушы профессор – ғалымдардың факультетте лекциялар оқып семинар сабақтарын жүргізуші            В.В.Бартольдтың ғылымға деген құлшынысын одан әрі өрістетіп жібереді.

Ол кезде Петербург университетінде төмендегідей 14 пән жүргізілген еді: 1) Араб тілі (8 семестр қатарынан оқытылатын). Бұл пәннен сабақты ординарлық профессор В.Р.Розен жүргізді.

2) Араб әдебиетінің тарихы – профессор В.Р.Розен;

3) Парсы тілі – доцент В.А.Жуковский;

4) Парсы әдебиетінің тарихы – профессор К.П.Патканов;

5) Түрік – татар тілі – профессор В.Н.Березин;

6) Осман тілі – профессор В.Д.Смирнов;

7) Түрік тайпаларын шолу – профессор В.Н.Березин;

8) Осман әдебиеті мен тілдері – профессор В.Д.Смирнов;

9) Парсы және татар тілдерінің практикалық сабақтары – Мырза–Жапар және доцент С.И.Черняев;

10) Араб тілінің практикалық сабақтары – Мырза-Жапар және доцент С.И.Черняев;

11) Шығыс тарихы. Жалпы курс – В.И.Веселовский;

12) Парсылардың жаңа тарихы. Арнаулы курс – профессор К.П.Патканов;

13) Түркия тарихы. Арнаулы курс – профессор В.И.Веселовский;

14) Орта Азия тарихы. Арнаулы курс – профессор В.И.Веселовский;

Университет оқытушылары құрамының осындай атақты, дарынды ғалымдардан тұруы білім сапасының өте жоғары деңгейде болғанынан хабардар етіп тұрғанын байқауға болады. Әсіресе, осы кездерде Петербург униветситетінде атақты шығыстанушы, ғалым В.В.Вельямирнов – Зерновтың жұмыс істеуі оқу орнынын беделін әуелетіп тұрған еді. Алайда, В.В.Вельямирнов – Зерновтың 1893 жылы шығыстану факультетін бітірушілердің сынақ комиссиясының төрағасы болғанда түлектердің алған білімдеріне риза болмағаны туралы жазба қалдырған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан тарихынан жүргізілетін пәндердің ауқымы тар екендігі туралы баса айтылады. Ғалымның бұл ойларын В.В.Бартольд та қуаттайды. Зерттеуші Н.М.Акрамов сол кездегі университетте жүргізілген Отра Азия тарқырыбына байланысты бағдарламаны мұраған қорларынан тапқан екен. Ол төмендегі пункттерге бөлінеді:

1) Жалпы курс: Еуропа саяхатшыларының Азияға шолу жасауы;

2) Араб, парсы, түрік, татар бөлімдерінің студенттері үшін: Монғолдардың Орта Азияны жаулап алуы мен және Орта Азиядағы мемлекеттердің монғолдарға дейінгі пайда болуы;

3) Жалпы курс: Классикалық және Шығыс жазушыларының ежелгі дүниедегі деректері бойынша Орта Азия халықтары туралы шолулар;

4) Қытай-Манчжур бөлімінің студенттері үшін: монғол империясының тарихы;

5) Деректермен танысу.

Бұдан басқа да деректер Петербург университетінде шығыстану факультетінің жұмысы ақсай бастағаны туралы, әсіресе Орта Азия  мен қазақ даласының тарихы туралы сабақтардың мардымсыз болғанын дәлелдейді. В.В.Бартольд Орта Азия тарихын қандай дәрежеде оқытқаны туралы былай деп жазды: «Тек қана бір профессор, Веселовский шығысқа жасаған Еуропа саяхатшыларының тарихын жалпы курс ретінде және Орта азия тарихын бірнеше курс етіп оқыды. Сонымен ғана шығыс тарихы курсы тамамдалатын еді». В.В.Бартольд Николай Веселовскийдің оқытушылық қызметін бағалай келе, өзінің көңілі толмайтынын былай деп білдірді: «Университетке түсерде орыс тілінен басқа тіл білмейтін Н.И.Веселовский Шығыс тілдерінің бірінде түпнұсқа құжаттарымен жұмыс істей алатындай үйрене алмады, ол қажет болған жағдайда құжаттарды аудару үшін тіл мамандары – лингвист ғалымдарға өтініш жасайтын». В.В.Бартольдтің айтуынша Н.И.Веселовский университеттің барлық студенттері керемет сыйлаған. Бірақ оның лекцияларына жас талант, болшақ үлкен ғалым В.В.Бартольд қанағаттана алмады. Ұстазының шығыс тілдерін білмеуінің нәтижесінде оның лекциясының мардымсыз болуы оны көр ойларға қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан тарихын оқытудағы осындай жетіспеушілікке қарамастан Петербург университетінің шығыстану факультеті шығыстың тарихы мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалымдарды дайындаған үлкен мектеп болды. Әрине, факультеттің жетіспейтін жағын айтқанда тек ұлы ғалым В.В.Бартольдтың ғана көзқарасын айтып отырмыз. Ол жетіспеушілік университеттің кез келген сстудентіне немесе көлденең кездескен көк аттыға белгісіз болып, олар байқамай да, білмей де қалуы әбден мүмкін. В.В.Бартольд сияқты талантты студенттер бұны байқады. Олар өз бетінше оқып, ізденіп жүріп тарихты, әсіресе Орта Азия мен қазақ даласының ежелгі дүние және орта ғасырлық тарихын  терең зерттеуге ден койды. Бұған куә болатын еңбек студент күнінде ақ жазған Бартольдтің «Орта Азиядағы христиандық  туралы» деген көлемді туындысы болды. Бұл еңбек Н.И.Веселовскийдің ұсынысы бойынша факультеттің күміс медаліне ие болды. Кейініректе жарық көрген неміс тіліне аударылған ғалымның бұл еңбегі осы күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ.

Университетте оқып жүрген алғашқы жылдарда  ақ Бартольд өзінің керемет еңбек сүйгіштігімен ғылыми ізденісте адам таңқаларлық қабілетінің бар екендігін көрсете білді. Ол студент болып жүргенде ақ Орта Азия, қазақ даласы, жалпы шығыс тарихына байланысты  көптеген құнды деректермен аса пайдалы мәлімметтер жинап оларға талдау жасап, үлкен ғылыми жұмыспен айналысып кеткен болатын.

Тағы да бір шығыстанушы В.Р.Розен Бартольдтің курстастары туралы ой қозғай келе былай деп жазды: «Университетте оқып жүріп ол тамаша ізденді, керемет еңбектенді. Бірақ олардың ішіндегі бірінші курстан көзге түскен талантты студенттер П.М.Мелиоранский мен В.В.Бартольд болды. Факультеттің барлық міндетті істері мен айналыса жүріп,  оларды өте сәтті атқарып жүріп ақ бұл екеуі өздерінің мәңгілік сүйген істерін таңдап алды. Әрине, үлкен ғалымның алдына қойған міндеті түркі және араб дүниесінің тарихын зерттеу болатын.

В.В.Бартольдтың университет қабырғасында жүрген кезінде, одан кейінгі ғылыми қызметте жүрген күндерінде оған көмектескен, ақыл кеңесін берген ұстаздарының рөлі үлкен зор болды. Солардың бірі ғұлама ғалымның өзі керемет құрметтеген профессор арабтанушы ғалым В.Р.Розен болды. Ол туралы Бартольд былай деп жазды: «Мен университет қабырғасында жүргенде басқа да шығыстанушылар сияқты профессор арабтанушы барон Розеннің жетекшілігімен көп жұмыс істедім. Аса талантты, өте қайратты ол жаңадан бастаған шығыстанушыларды өзіне қатты тартатын еді.  Профессор Розеннің ықпалында мен әсіресе университетті аяқтаған соң көп болдым. Оның кеңесі бойынша бір жылға Германияға бардым. Ол өз шәкірттеріне тек оқушы деп қарамай, кез келгенін жақын тартып, туысындай құрметтейтін.

Бартольд Розенге шығымъстану ғылымындағы сілтеген бағыты үшін өмір бойы өзінің ризшылық көңілінен айныған жоқ. Розенде  Бартольдтің қабілетін өте жоғары бағалап, өзінің шәкіртімен бірге жұмыс істеуді құрмет санады. Розен шәкірттерінің ішінде Бартольд пен Марр ұстазының үйінде болып, ал Розен болса сүйікті шәкірттеріне тарихтың терең тылсымынан сыр шертетін еді, өмір бойы жинаған шығыс туралы құнды мәлеметтерін алдына жайып салып, оларға дұрыс ғылыми кеңес беруден ешқашан жалыққан емес.

Шәкірттерінің жүрегіне ғылымның қасиеті шуағын құя білді. Розеннің тек ғалым ғана емес, оның зор адамгершілігі бар адам болуының өзі Бартольд сияқты шәкірттеріне зор әсер етіп, оларды шығыс мәдениетін сүюге итермелегендей болды. Шәкірттері оған аса үлкен құрметпен, асқан сүйіспеншілікпен қарады. Бартольдтің Розенді құрметтеуі, ұстаздың шәкіртіне тигізген әсері оның Розенге арнап жазған, қазір Ресей Федерациясы Ғылым академиясының архивінде сақталған Федерациясы Ғылым академиясының архивінде сақталған 62 хаттың мазмұнынан анық байқауға болады.

Виктор Романович Розен шығыс халықтарына аса үлкен құрметпен қарады, олардың мәдениетін силады. Ол азиялық шеткері аймақтарында ұйымдастырылып, пайда болып жатқан кез келген ғылыми жаңалықтар мен ашуларды қуанышпен қарсы алып, олардың дұрыс жұмыс істеуіне көп жағдайлар жасады. Ол 1895 жылы Түркістанда ұйымдасқан археологтар қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Ол қызметіне принципшіл, ғылымда еңбекқор және адал, төңірегінде қоршағандарға барынша әділ адам еді. Ұстазының осындай жақсы қасиеттерін Бартольд та өмір бойы ұстанып, үлгі тұтып өтті.

Бартольд 1891 жылы университетті бірінші дәрежелі дипломмен тамамдайды. Содан кейін ол ұстазы Розеннің ақылымен шетелге барып, мықты профессорлардың жетекшілігімен өзінің білімін жетілдіру үшін көп жұмыс істеп келеді.

Ол шетелде жүріп атақты ориеналист Август Мюллермен танысып,оның лекцияларын тыңдап қайтады. Кейініректе жазған жазбаларында бұл таныстықтың өзі үшін керемет пайдасы болғанын атап көрсетеді.

Оқу жолында жүріп Бартольдтың көзінің жеткені Батыста да, Шығыста да тарихи даму эволюция бір екенін, қоғамның дамуы экономикалық жағдайларға тікелей байланысты және соған тәуелді екендігін, Батыс та, Шығыс та қоғамдық дамудың тарихи бір заңымен жүретінін ұқты. Кейінірек атағы шығып, ғылыми әлем оны мойындаған кездерде де ол мұсылман әлемінің тарихы жалпы тарихтың үлкен негізгі бір саласы екенін, оны университет кафедраларында оқыту қажет екенін ерекшелей көрсетіп, осы көзқарасты уағыздаумен болды. Осындай пікірді ұстанған шығыстанушы ғалымдар енді білім іздеп шетелге баруды қойды.

Жас ғалымның бұл ғылыми жолсапары оның тәжірибесіздігіне қарамастан өте сәтті аяқталды. Атақты академиктер Веселовский,Радлов және басқалар Бартольдтың бұл сапары шығыстануға қосқан үлкен үлес, тамаша жетістік деп мадақтады.

Бұл ғылыми сапардан кейін 1895 жылы Бартольдты Петербург университеті тағы да шетелге жолсапарға жіберді. Бұл жолы ол Париж, Лондон және Оксфорв университеттерінің кітапханаларында жинақталған шағыс қолжабаларын зерттеді.

Бартольдтың алғашқы ғылыми сапарларынан кейін ол орныққан, нағыз ғалым ретінде танылып, ғылыми жұмыспен тереңдеп айналыса бастады. Ол Петербург университетінің шығыстану факультетінің жанынан жаңадан курс ашады да, онда Орта Азия мен Қазақстан, Иран, парсы елдерінің, т.б. таяу шығыс халықтарының тарихы мен  этнографиясын көптеп оқыта бастайды.

Бартольд бар өмірін  Шығыс пен Батыс елдерін аралаумен, онда өмір сүретін халықтардың тарихын зерттеумен өткізді деп айтуға болады. Шыңғыста жасаған жолсапарларында ол Самарқандта, Ташкентте, Түркістанда және басқа да қалаларда болып, шығыс халықтары туралы  салыстырып, талдаудан өткізіп отырды. Оның Түркістан өлкесіне жасаған ғылыми сапары археологиялық мақсатты да ұстады.

1900 жылы ол Кавказға сапар щекті. 1902 жылы жаз айында Орта Азияға «жергілікті ғалымдармен байланысты жаңғырту үшін» келіп қайтады. Бұл жолы ол Ашхабат, Самарқанд, Ташкент, Қоқанд, маргелан, Әндіжан, Ош және Ходжент қаларында болып, Орта Азия мен Қазақстан тарихының ортағасырлық дәуіріне жататын талай талас мәселелер туралы құжаттар жинады.

1903 жылы Бартольд Орта Азия мен Шығыс Азияны зерттеудің орыстық комитетінің екі хатшысының біреуі болып тағайындалады. Осы комитеттің тапсырмасымен 1904 жылы Самарқанд қаласына ғылыми жоспарға жіберіледі. Онда ол Афрасиаб қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізбек болды. Бұл уақытта ол Орта Азия туралы жазба деректердің барлығын тамаша меңгерген еді. Ол өзінің денсаулығының нашарлығына қарамастан Түркістан археологиясымен айналысты. Ол археологияның тарих ғылымы үшін аса маңызды екенін жақсы білді және оны дамытуды белсенді түрде үгіттеді. Тарихта терең түсіну үшін архелогиямен этнографияны қосып, барлығын байланыстыра қарау керек екендігін айтты. Замандастарының айтуына қарағанда, ол археология ғылымын сол кездегі тек орыс археологтары ғана емес, тіпті Батыс Европа археологтарынан да терең түсінді, тамаша білді.

Ал Орта Азиядағы археологиялық қазбалардан ескі қалалар мен елді мекендерде қаншалық дамыған мәдениеттің жатқанын көруге болады дегенді дәлелдеу үшін археологиялық қазба жұмысын Афрасиабтан бастады. Самарқандтың түбінде ғана орналасқан бұл ескі қаланың орнын қазу барысында тамаша бай материалдарға кездесетініне көзі жетті.

Орта Азия мен Шығыс Азияны зерттейтін комитет Орта Азия мен Қазақстанды таза ғылыми тұрғыда зерттеу ісінде ризашылықпен еске алатын көп шаруалар тындырды. Мысалы, 1905 жылы Орта Азиядағы ауыр жер сілкіністерінен кейін осы комитеттің ұсынысы бойынша Самарқанд сияқты қалалардың тарихына байланысты ескерткіштерді аман сақтап қалу үшін, қирағандарын қалыпқа келтіру үшін арнайы комиссия құрылыр, ол комиссияның құрамында атақты ғалымдар Веселовский, Жуковский, Бартольд және басқалар болды. Бұл комиссия Самарқанд қаласының ескерткіштерін суретке түсіріп, өлшеп, оны зерттеумен айналысты. Осы кезде Рух – Абад мовзолейін, Ұлықбек Мырза медресесін және басқа көне ескерткіштер зерттелінді.

1906 жылы В.В.Бартольд университеттің тапсырмасымен Турция мен Египет елдерінде болып, Константинополь мен Каир кітапханаларында сақталған Шығыс қолжазбаларымен танысып, жұмыс істеді. Бұл жолсапардың ғылыми нәтижесі туралы көлемді мақала жазды. Бұл жолы осы екі қаладан басқа Австрияда, Сербияда және Болгарияда болып Шығыс халықтары туралы деректкер жинады. 1908-1909 жылдарда ол Финляндия, Италияға барып, ол жерлердегі кітапханаларда жұмыс істеп қайтты. Қайтар жолда Кавказда болды. 1911 жылы ол Ирландияда, Америкада, Германия мен Францияда, ал 1912 жылы Венада, Тюбингенде, Гамбургте, Любек қаласында болды. Одан орала салып, Орынбор – Башкирия, Сібірден Кияхтаға дейінгі бағытта сапар шегеді.

1912-1913 жылдарда В.В.Бартольд Швеция мен Норвегияға 1914 жылы қайтадан Швецияға, Германияға, одан кейін Данияға, Англияға, Гибралтарға, Францияға, Италияға, Грецияға, Австрияға, Сербияға, Болгарияға, Румынияға сапар шегеді. Бұл сапарларында да ғалым тек Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі дүние кезіндегі және орта ғасырлар тұсындағы тарихын зерттеумен, ол елдердің кітапханаларында жинақталған қолжазбаларды және басқа да тарихи деректерді жинаумен айналысты. Мысалы ғалымның өзі Англияға барған мақсатын былай деп түсіндіреді: «Менің жұмыстарымның негізгі мақсаты – Британ музейіндегі Темір және Темәр ұрпақтары әлі пайдаланбаған жазба деректерді зерттеп, оны ғылыми айналымға түсіру еді».

В.В.Бартольдтың ұсынысы бойынша 1914 жылы этнограф және лингвист ғалымдар үшін Памир өлкесінің тарихын зерттейтін экспедицияның құрамында Р.Готье, В.Ханыков, И.Н.Зарубин сынды шығыстың білгір зерттеушілері болды.

1916 жылы Ресей Ғылым Академиясы В.В.Бартольдты Орта Азияға жолсапарға аттандырды. Бұл сапардың мақсаты: 1) Кейінгі кездерде белгілі болған деректермен танысу; 2) бұрыннан келе жатқан ғылыми байланысты жаңғырту. Түркістан өлкесіндігі ғылыми жұмыстар үшін мүмкіншіліктерді анықтау және қазіргі күндердегі ғылыми міндеттерді белгілеу.

Осы жоспар кезінде ол Түркістандағы көпшілік кітапханасымен, оның жанындағы музей материялдарымен, одан кейін жалпы Орта Азияға қатысты архив істерімен танысады. Ташкентте, Қоқанда, самарқандта болды. 1917 жылы «Европа мектебі және болашақ Түркістандағы орыс ғылымы» деген мақала жазып, басып шығарды. Тарих үшін табылған қолжазбалардың, архив және музей материялдарының аса құнды екенін баса айтты.

1917 жылы ғалымның Финляндияға жолы түсіп, ғылыми сапарға шығады. Бұл сапардың негізгі мақсаты – бұрынғысынша, Орта Азия мен Қазақстан туралы тың деректер жинау болатын. Денсаулығының нашарлығына қарамастан осыншама қиын жолдардан өтіп, ғылыми жолсапарларды басынан кешіру өзінің бар жақсы нәтижесін берді деп ойлауға болады. Өйткені, шығыстың тарихы мен тілі туралы, әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан тарихы туралы Бартольдтың жазған еңбектері шығыстану ғылымына қосқан өте үлкен еңбек деп атауға болады.

Жоғарыда айтылған көптеген жолсапарлардың нәтижесінде Бартольд Батыс пен Шығыстың ең ірі кітапханалары мен архивтерінде жинақталған қолжазба жинақтарын зерттеп, талдау жасап, ақырында солардың бірден – бір білгірі болып шықты. Ол бұрыннан ғылыми әлемге белгісіз болған көптеген деректерді және қолжазба құжаттарды ғылыми айналымға түсірді. Бартольд жинақты түрде және методикалық жағынан Орта Азияның тарихы туралы мақалаларды жазып жүріп, ең алғашқы жазған ірі тарихи монографиясы Қазақстанның ең көне дәуірінің тарихы жөнінде жазылған «Жетісу тарихының очерктері» деген көлемді еңбегтері болды. Бұл еңбегінде ол біздің эрамыздан бұрынғы кезеңнен бастап, біздің дәуіріміздің 1758 жылына дейінгі кезеңді қамтыған. Бұл очерктеріне қосымша етіп хронологиялық көрсеткіштерді де бастырған. Бұл тек қана Жетісу тарихының ғана ескерткіштері емес, Бүкіл Орта Азия тарихына да байланысты шығарма болды. 1898 жылы жазылған еді. Одан бір жыл бұрын, 1897 жылы В.В.Бартольд Н.Лакошин аударған Наршахидің «Бұхара тарихы» еңбегін редакциялаған болатын.

1898 жылы Бартольдтің өміріндегі ең маңызды жыл болды. Бұл жылы оның ең маңызды, ең көлемді еңбегі «Монғолдар кезеңіндегі Түркістан» деп аталатын еңбегінің бірінші кітабы шығады. Осыдан екі жылдан соң Бартольд осы аталған тақырыпта диссертация қорғайды. Бұл жұмысы үшін ол Шығыс тарихының докторы деген атақ алады. Өте үлкен және қалың болып басылған «Туркистан в эпоху монгольского нашествия» деген еңбек ғалымның шығыстан ғылымына қосқан аса зор үлесі болды.Докторлық диссертацияна оппонент болған профессорлар Н.И.Веселовский мен В.А.Жуковский өз сөздерінде «бірде бір орта ғасыр тарихының зерттеушісі енді Бартольдтың еңбектерін айналып өте алмайды» деп әділін айтты.

Өте сәтті қорғалған диссертациялық жұмыс туралы Түркістандық тілектестері үндемей қала алмады. «Үлкен ғалымның тамаша жеңісіне шын жүректен қуаныштымыз. Қзінің бар күшін, зор талантын біздің өлкені зерттеуге жұмсап отыр. Біз оны тамаша адам, талантты ғалым ретінде мақтан тұтамыз», — деп жазды олар.

Бұл еңбек кейінірек басқа тілдерге де аударылды. 1930 жылы Бартольд қайтыс болғаннан кейін өзбек тіліне аударылған екен. Ал ең алғаш бұл еңбекті ағылшын ориенталистері өз тіліне аударыпты. Ағылшын тілінде авторлардың аздаған алғысөз жазуымен 1928 жылы жарық көріпті. Бұл жағдай сол келдегі кеңестік шығыстану ғылымын аса зор беделге ие болғызды. Бұл еңбектің бұрынырақ шықса да, кеңестік шығыстану ғылымы үшін қандай маңызы болғандығын профессор И.И.Умняковтың мына создерінен байқауға болады: «Бартольдтың «Түркістаны» жарық көрген соң автордың қорытындылары мен айтқандарын басшылықа алмайынша бірде бір зерттеуші Орта Азияның 7-13 ғасырлардағы тарихын зерттей алмайтын болды». Бұл еңбек туралы былай айтатын себебі біздіңше мынада: кез кезген тарихи мәселелерді зерттеген еңбектерді көп монографиялардың ішінде біреу екеуі негізгі ғылыми еңбек болып есептеледі. Қалғандары осылардың бағыты бойынша жұмыс істейді, соны негізге алып жазды.

В.В.Бартольд өзінің творчестволық өміріне көптеген зерттеулерін Қазақстан мен Орта Азия тарихина ғана арнап қойған жоқ. Ол шығыстың басқа халықтарын да зерттеді. Ол еңбектерінің ішінде ең маңыздысы 1903 ж.шыққан «Иранға тарихи географиялық шолу» атты монографиясы болды. Бұл еңбегі негізінен университетте оқытқан лекциялар курсының негізінде жарық корді. Автор бұл еңбегін негізінде жарық көрді. Автор бұл еңбегін жазарда материялдың аздығына байланысты тек тарихи географиялық шолу жасамақ ниетте болған еді. Ал еңбегі жарық көрген кезде бұл ойдың шеңберінде жұмыстың мазмұны әлдеқайда асып кетті. Сөйтіп, бұл еңбек Парсы тарихындағы ең көлемді, мәдениет пен экономика тарихын көрсеткен үлкен еңбек болып шықты. Аталған еңбекке деген онды пікірлер түркістандық және ирандық баспасөз беттерінде жарияланды.

В.В.Бартольд өзінің еңбектерін шет тілдерге аудара отырып, шығыстану ғылымында жеткен жетістіктер мен шетел ориенталистерін де танстырып отырды. Ол отаршыл аймақ болып саналған Қазан, Тифилис, Ташкент сияқты провинциялық қалаларда жарлық көрген тарихи шығармаларды шетел ғалымдарының білмейтініне өкінді.

Түркі дүниесінің жанашыры  бола білген ғалым Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі дүниелік және орта ғасырлық тарихына жалпы шолу мен оның міндеттерін шетелдік баспасөз беттерінде бірнеше рет жариялады. 1914 жылы неміс тілінде жарияланған еңбектерінде Шығыс Түркістан туралы материялдарын қосыр жариялады.

1913 жылы В.В.Бартольдтың «Европа және Ресейде Шығысты зерттеудің тарихы» деген тамаша еңбегі неміс тілінде жарық көрді. Халықаралық басылым болып есептелетін «Ислам энсиклопедиясында» (1913-1936) В.В.Бартольдтың көлемді мақалалары жарық көрді. Мұнда ол мұсылман дінінің Орта Азия мен Қазақстанға таралу тарихына көп тоқталды.

Орыстың шығыстану ғылымының нәтижелерімен таныса алмай тұрып, шығыс туралы қате пікірде болған, шығыс тарихын бұрмалаған Батыс Европаның ориенталистеріне қарсы шықты. Ол 1903 жылы Түркістанда жүргізілген М.Помпелли басқарған Амаерикалық экспедицияның Түркістан өлкесімен танысуына, зерттеуіне қатты кедергі жасамау керек, бірақ олардың археологиялық қазба жұмысын жүргізуіне ешқандай рұқсат берілмеуі керек дейді, өйткені, экспедиция мүшелерінің ішіндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихын білетін, бүгінгі өмірін түсінетін бір де бір адамның жоқ екендігін ескертеді.

Бартольд тек өзінің ғылыми жұмысынан басқа жұмысты білмейтін, кеңселік ғалым болып қала алмады. Оның айналасында болып жатқан дүниелер оны қатты қызықтырды. 1905-1907 жылдардағы революция кезінде ол тарихта кездесетін халық қозғалысының тарихын, тап күресінің тарихын зерттеуге көп көңіл бөлу керектігін айтты.

Революцияға дейінгі кезеңдегі ең үлкен еңбегінің бірі «Темірді жерлеу туралы» деп аталатын еңбегі болды. Бұл еңбегінде тек темірдің, атақты әміршінің жерленуі жөнінде ғана емес щның жүргізетін саясаты мен мемлекеттік қызметі, ұрпақтары және олардың атақты мемлекеттік істері туралы да мол мәліметке толы көп деректерді ғылыми айналымға түсірді. Гур-Әмір мовзолейі туралы мақала жазады. Бұдан кейінгі ең үлкен еңбегі «Грек-Бактрия мемлекеті және оның солтүстік-шығысқа қарай таралуы» деп аталады. Бұл осы уақытқа дейінгі Орта Азияның көне дәуіріне арналған құнды еңбек болып есептеледі.

                Қорытынды.

Қазақстан тарихын оқып үйренуде тарихты зерттеуші ғалымдардың еңбегін зерттеп, оны білудің маңызды өте жоғары. Әсіресе, Қазақстан тарихының ежелгі дүние мен орта ғасырлық дәуірін көршілік жатқан түркі тілдес халықтардың тарихымен байланыстыра қарасытырған дұрыс. Шығыстанушы ғалымдардың ішінде В.В.Бартольдтың еңбектері осы тұрғыдан алғанда таптырмас тарихи шығарма ретінде де, бұл ғұлама ғалымның еңбектері ежелгі дүниенің, орта ғасырдың, жаңа заманның түпнұсқа деректеріне өте бай фактілік материалдарға сүйене отырып жазылған.

Өзінің нашар денсаулығына қарамастан, елдің солтүстігіндегі салқын аймағында дүниеге келіп, сол жақта өсіп, білім алып, ғылыми жолда Орта Азияның аптаған ыстығында жүріп, талай қиыншылықтарды басынан кешіріп, сондай – ақ алдына қойған мақсытынан таймай, орасан зор дүниені тындырған Бартольдтың өмірі мен ғылыми қызметін зерттеу, оның ғылыми мұраларын терең түсіну ел тарихын қадірлеген адам үшін үлкен абырой деп түсінеміз.

Басына өткізген үлкен ауыртпалыққа қарамастан артына бай ғылыми дүние қалдырған Бартольдтың бұл қызметі ғылымға деген қызығушылық, немесе, патша үкіметінің отаршылдық саясатының үстем болып тұрғанында бағындырған елдің тыныс тіршілігін зерттеу керек, ол елді түгелдей отарға айналдыру керек деген шовинистік саясаттың сойылын соғушылық емес, үлкен ғалымның зор адамгершілігінен туған ұлы қасиет, түркі тілдес халықтар тудырған үлкен мәдениетке ғашықтықтан туған ұлы сезім, ақкөңіл халқымызға деген сүйіспеншіліктен туған әрекет деп түсінген жөн. Бартольдтың ғылыми мұрасы ұрпаққа қалдырған өте бай мұра.

Бұл қысқаша очеркте ғалымның өмірінен аз да болса хабардар болып, оқырманға сол білгенімізді жеткізе білсек бір жақсы іс тындырғандай болар едік. Әрине, В.В.Бартольдтың ғылыми – творчестволық еңбектері әлі де зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланған әдебиеттер.

1. И.И.Умняков В.В.Бартольд. Бюллетень САГУ,№14 1926 – С175

2. И.Ю.Крачковский Бартольд в истории исламоведения – Т – М, 1960.

3. Н.М.Акрамов Указ.Соч.С.17.

4. Советская страна должна знать своих ученых. Огенек 1927 №40

5. Археологическая карта Казахстана.Реестр. – Алматы, 1960 – С12.

6. В.В.Бартольд Образование империи Чингис-хана. –СочТ.1. с.144.

7. В.В.Бартольд Письмо Н.Я.Марру из Самарканда от 03 июня 1904г. С.403.  

Загрузка...