Мүлік жалдау шартының нысаны

 Мүлік жалдау шартының нысаны туралы қазақша реферат

Бұл шартқа да ҚР АК 151-154-б. ұсталатын мәміленің нысаны қойылатын жалпы талаптар қолданымды болып келеді. Сонымен бірге мүлікті жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Егер, мысалы, ол бір жылдан астам мерзімге жасалса, онда оның нысаны жазбаша болуы тиіс.

Кәсіпкерлік әлде кәсіпкерлік емес болғанына, мерзіміне қарамастан, тарабы заңды тұлға болып келетін мүлікті жалдау шарттары да жазбаша нысанда жасалуы керек. Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты мемлекеттік тіркеуге жатады. Туралап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес мемлекеттік объектісі болып мерзімі бір жылдан асатын пайдалану, жер пайдалану құқығы келеді. Бұдан, егер аренда шартында мерзім анықталмаса не жасау керек деген сұрақ туады. Қойылған сұраққа мынандай жауап беруге болады. Тараптар бірінші кезекте басшылыққа өз мүдделерін (қажеттерін) алуы керек, соларға сәйкес ниеттенулері танылуы тиіс. Ал тіркеуші орган болса анықтамаған мерзімге жасалған, аренда шартын тіркеуден бас тартпауы (соған кедергі жасалмауы) тиіс. Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікке тіркеу жүйесі Еуропалық тіркеу жүйесімен ұқсас болып табылады. Оның міндеті мүлікке пайда болатын барлық құқықтардың кепілдігін қамтамасыз ету.

Азаматтар араларындағы 1 жылға дейінгі мүлікті жалдау шарттары ауызша нысанда жасалуы мүмкін. Егер болашақта жалдаушыға мүлікке өтетіні қарастырылса, меншік құқығы онда мүлікті жалдау шарты сатып алу-сату шартының нысанындай нысанда жасалуы тиіс.