Загрузка...

Менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту кезіндегі үдерістік ықпал

Загрузка...

Шығыстар мен кірістерді түрлендіруге арналған ресурстар қолданылатын кез келген қызмет немесе қызметтер кешені үдеріс ретінде қарастырылады.

Нәтижелі түрде функциялау үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттесуші бірнеше үдерістерді анықтап, басқаруы тиіс. Көбінесе бір үдерістің шығысы келесінің тікелей кірісі болып табылады. Ұйыммен қолданылатын үдерістердің жүйелік сәйкестендіруі мен менеджменті «үдерістік ықпал» ретінде саналуы мүмкін. 

Үдерістік ықпалдың артықшылығы басқарудың үздіксіздігімен түсіндіріледі, ол өз кезегінде жүйе аумағында, сондай-ақ комбинациясы мен өзара байланысында жеке үдерістердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жүйеде мұндай ықпалды қолдану кезінде келесідей маңыздылықты анықтайды:

— талаптарды түсіну және орындау;

— қосылған құндылыққа қатысты үдерістерді қарастыру қажеттілігі;

— үдерістерді орындау кезінде оның нәтижелілігіне жету;

— объективті өлшеуге негізделген үдерістерді ұдайы жақсарту.

ҚР СТ ИСО 9001:2008 халықаралық стандарты бекітілген «тұтынушы талаптары» атты шығыс мәліметтерінен және «тұтынушының қанағаттану дәрежесі» атты кіріс мәліметтерінен сапа менеджмент жүйесін ұдайы жақсартудың қатаң байланысын көрсететін үдерістік ықпалдың концептуалды моделін ұсынады. 180 14001:1996  сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесінің моделі әр түрлі географиялық, мәдени және әлеуметтік шарттарды ескере отырып, барлық типті және өлшемді компанияларға ҚОБЖ (қоршаған ортаны басқару жүйесі) концепциясын қолдануға болатындай әзірленген. Мұндайда үдерістік ықпал қағидасы ҚОБЖ моделін құру концепциясына қарсылық тудырмайды.

«Қарашығанақ» кенорнында сапа мен қоршаған ортаны қорғаудың ЫМЖ-ға үдерістердің келесі топтары кіреді:

1. СМЖ және ҚОБЖ жоспарлау, талдау және жетілдіру үдерістері;

2. Құжаттама мен мәліметтерді басқару үдерістері;

З. Ресурстары басқару үдерістері;

4. Тұтынушылармен байланысты үдерістер;

5. Жобалау және әзірлеу үдерістері;

6. Сату-сатып алу үдерістері;

7. Өндіріс үдерістері;

8. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бағалау, талдау және басқару үдерістері;

9. Өнімдер мен үдерістерді өлшеу мониторингісінің үдерістері.

ЫМЖ-ның барлық үдерістері бөлінген және «Қарашығанақ» кәсіпорны бірегей үдерістік ландшафтысына сәйкес орындалады. ЫМЖ үдерістері өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Сапаның ЫМЖ үдерістері үш топқа бөлінеді: 1 — менеджмент үдерістері; 2 — негізгі үдерістер; 3 — қолдау үдерістері. Менеджмент үдерістері  «Қарашығанақ» кәсіпорны қызмет бағытын анықтайды және жоспарлайды, ал олардың шығыстары негізгі және қолдаушы үдерістердің кірістері болып табылады. Негізгі үдерістердің шығыс деректері менеджмент және қолдаушы үдерістерге арналған кіріс мәліметтері болып табылады. Қолдаушы үдерістер менеджмент және негізгі үдерістерді дұрыс және тиімді функциялауын қамтамасыз етеді.

Әрбір үдеріске берілген үдерістердің талаптарын белгілейтін және орындалуын реттейтін құжаттамалық әдістемелер (ДМ ЫМЖ) әзірленген.

Загрузка...