Көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасау әдістері

Оқушылардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, мұратын қалыптастыруда қоршаған ортадағы көрнекті үгіт жұмыстарымен таныстырудың орны ерекше. Қазіргі кезде ауыл болсын, село болсын сәндік көркемдеу жұмыстарын жиі кездестіреміз. Солардың ішінде бала сезіміне ерекше қозғау салатыны сәндік монументальдық өнер туындылары. Бұл өнер шығармалары көлемділігімен де қоршаған ортадағы үйлесімділігімен де кімнің болса назарынан тыс қалмайды. Сондықтан мұндай жұмыстарды тәрбие беру жұмысында орынды пайдаланған жөн.

Шымкент қаласы – үлкен өнеркәсіп пен мәдениет орталығы. Қала көркі соңғы кезде әсем безендірілген көрнекті үгіт насихат жұмыстарымен толығып келеді. Көшелерде тұрақты орнатылған көркемдеу жұмыстары ерекше көз тартады. «Халықтар достығы», «Ешемен Қазақстан» атты көрнекті безендіру жұмыстарымен қала гүлдене түсуде. Мұғалім  осындай бағыттағы әңгімеден соң оқушыларды қала көшелеріне алып шығып өнер туындыларына мынадай жоспарда әңгіме өткізеді.

Монументалдық  көркемдеу  жұмыстарының    бір  түрі  — мозайкалық туындылар қала архитектурасымен үйлесім тауып ерекше сән түзейді. Темір жол вокзалы ауданындағы түрғын үйдің сыртқы қабырғасында тұтастай салынған көсем мен теміржолшылардың мозайкадан жасалған бейнелері Юбилейный проспектісіне ерекше сән беріп түр. Ә. Жангелдин көшесіндегі оқу өндірісті комбинатының көше жақ бетіндегі қабырғасына тұтастай салынған  мозайкалық шығарма осы оқу орнының қызметін көркем тілмен айтып тұрғандай. Бұл мозайкалық шығарманың мазмұны мен композицмнлық құрылысы  архитектуралық құрылыстың өзімен ғана    емес көше табиғатымен лайықты үйлесім тауып көрермендерге әсемдік сезімін туғызады. Қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан Шымкент — Ташкент автомобиль жолының бойында орналасқан  «Электр энергиясы өндірістік бірлестігі үйінің» қабырғасына бейнеленген мозайкалық туынды идеялық мазмұннымен де, композициялық орналасуымен де ұтымды шыққан туындылардың бірі.

Қаланы көркемдеу жұмысына соңғы кезде архитекторлар белсенді үлес қосып келе жатыр. Олардың қазіргі колданып жүрген әдістері — ою өрнектерді архитектурада көркемдеу элементі ретінде қолдану. Халық өнерінін негізгі элементінің архитектурада қолданылуы қазіргі кала көрінісіне ерекше сән береді.

Осыған байланысты қаладағы көптеген құрылыстарды көркемдеу элементі ретінде ою-өрнектер кең түрде қолданылып жүр. «Қазақстан» кинотеатрының іші сыртқы қабырғаларынан, темір жол вокзалы мен аэропорт үйінің кабырғаларынан мүйіз формалы ою өрнектерден құралған композицияны жиі көреміз.

Көркемдеу жұмыстарының бір түрі — монументалдық стенділер болып табылады. Мұндай көркемдеу жұмыстары Әл-Фараби және Ордабасы алаңдарында Дулати, Жангелдии, А.Асқаров көшелер, Республика және Тәуке хан проспектілерінде орналасқан. Монументалдық өнер саласына кіретін монументалдық портреттер соңғы кезде сәнді көркемдеу және көрнекті үгіт жұмысы ретінде архитектуралық құрылыстың алдыңғы көрінісін көркемдеуге қолданылып жүр. Тәуке хан проспектісінде университет және медицина академиясының үйінің фасадындағы безендіру суреттерінің орындалуы, қоршаған ортамен үйлесуімен және көрнектілігімен алыстан еріксіз көз тартады.

Қалада монументалдық скульптура көптеп саналады. Олардың ішінде көлемді мүсін өнеріне кіретін Б.Момышұлы, Әл-Фараби, Абай, Мұратбаевтардың ескерткіштері бар. Экскурсия кезінде сынып оқушылары, жетекшілерімен бірге ескерткіштерге гүл қояды. Сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы кинотеатрдың, Ж.Шанин атындағы драма театрдың,  Шымкент қонақ үйі мен Абай паркінде орналасқан Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арнап орнатылған релефтері архитектуралық комплексті әсемдеумен қатар көше көркін арттыра түседі.

Қазақ халқының тұрмысында    қолданатын    бұйымдарын безендіру сәндік көркемдеу жұмыстарының бір түріне жатады. Мұндай халық мұрасын облыстық өлке тану музейінен көруге болады.  Киіз үймен оның жасау жиһаздарын жәіне зергерлік бұйымдарды олардың әсемдеу үлгілерімен оқушыларды таныстыру эстетикалық тәрбие берудегі маңызы зор.

Көркемдеу жұмыстарының бір түрі — қаланың көшелерін мерекелік көркемдеу болып табылады. Қала көшелерінде мереке алдында мерекеден кейінгі уақыттарда мерзімдік көркемдеу жұмыстарын өте жиі көруге болады. Мұндай көрнекті үгіт жұмыстарын балаға көрсетудің мақсаты көркемдік білім және эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларға көркемдік білім менэстетикалық тәрбие беру ісінде мектептің ішкі және сыртқы көріністерін әсем безендірудің маңызы зор. Баланы қоршаған ортаның бірі — мектеп. Сондықтан мектептің сыртқы кіре беріс бетін, коридор, фоэ, акті залы және кабинеттерін сәндік көркемдеу жұмысы әр уақытта бала назарын аударып, әсемдік сезіміне қозғау салады. Мектептердегі көркемдеу жұмыстары тақырыптарының әр алуандығымен интерьердегі лайықты орналасуымен орындау техникасының сапалылығымен назар аударатын үлгілері өте көп. Сондықтан оқушыларға өзі оқитын мектептің өнерімен таныстыру өте орынды.

Экскурсия кезінде монументальдық стендіні көрсету арқылы монументальдық, өнердің түрлерімен оның қоршаған әсемдік байланысы туралы берген түсінігі оқушылардың өнер ұғымдарын арттырып, қызығушылығын туғызды.

Оқушыларды өзін қоршаған ортаның өнерімен таныстыруды белгілі жоспар арқылы өткізіледі Әрбір экскурсияның жоспарын жасап, өнер туындыларын таныстыру барысындағы әңгіменің талдауларының конснектісін алдын ала дайындалады.

Қоршаған ортаның керкемдеу жұмыстарын балаларға таныстыруда олардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеріп отырылады. Бастауыш сыныптарда өзі оқитын мектептің, төртінші, бесінші сыныптарда мектеп жанындағы көшелерді, мәдени орындарды, алтыншы сыныптарда оқушыларды өндіріс орындарының көркемдеу жұмыстарын таныстыру жоспарланады. Көркемдеу жұмыстарын балаларға таныстыру барысында олардың мазмұнынын көркемдік ерекшеліктерімен өте тығыз болатындығына назар аударылады.

Көркемдеу жұмысының түрлерімен, орындалу техникасын жоғарғы сынып оқушыларыпа тереңірек таныстырып, олардың өздерін мектептің көркемдеу жұмысына қатыстыру орынды. Себебі балаға көркемдеу жұмысын көрсетумен қатар оларды көркемдеудіңпрактикалық іс әрекетіне қатыстырудың білім мен тәрбие берудегі ұтымды жақтары көп.

Көркемдік безендіру жұмысы қоршаған ортаны әсемдеумен қатар қоғамдағы маңызды мәселелерді насихаттап, көрнекті үгітке айналады. Бұл жағдай мектеп оқушыларына эстетикалық ықпал етумен қатар көркемдік білім негіздерін, бейнелеу өнері ұғымдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі.