Загрузка...

Клиент сервер технологиясы

Загрузка...

Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан.Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.

Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі,мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады.Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды,мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер,әрі клиент болып қызмет атқара береді.Мұның ерекшелігі — әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады.Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

Егер компьютерлер саны аз болып,олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда,ең тиімді шешім – оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.

Мәліметтердің компьютерлерге тарылып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады.Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.

Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі.Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп,жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент,әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.

Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса,қалғандары тұрақты түрде  клиент болып табылады.Компьютерлік желілердің атқаратын  қызметтерінің  көп түрлілігіне  байланысты  серверлердің бірнеше типтері бар,олар:желілік сервер,файлдық сервер,баспа сервер,пошталық сервер т.б.

Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады.Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады.Желілік сервердің  жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс.Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау,басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан.Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді.Сервер ол файлдардың мәтінінен,немесе графикалық бейнелерден,немесе электрондық кестеден тұратын білуге тиісті емес.Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады.Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі.Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да,керекті өзгерістерді жасап,нәтижесін қайтадан серверге қайтарады.Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны  біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады.Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.

Баспа сервері желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы басқа желі құрылығыларынан тәуелсіз,күйде өзі жеке жұмыс жасайды.Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып,олардың мәліметтерін басып шығарады.Баспа сервері ретінде қуатты,жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.

Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда,пошталық серверлер пайдаланылады.Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады.Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін   Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.

Загрузка...