Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы

Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық  субъектісінің  қоймасында  және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді.  Материалдық  құндылықтардың  коймадағы  есебінің  дұрыс  ұйымдастырылуы  олардың  дұрыс  сақталуына,  қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың    қалай    қойылғандығына    байланысты.     Қоймада    материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы,  сорты,  көлемі,  номенклатуралық  номері,  өлшем  бірлігі,  сақталып тұрган  материалдардың мөлшері  және тағы да  басқа көрсеткіштері  картон  немесе  фанерге  жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі.   Қоймада  материалдық  құндылықтардың  тек   қана  сандық  есебі жүргізіледі.  Материалдардың әрбір номенклатуралық номері  бойынша бөлек үлгілі   түрі   М   —   17   карточкасы   ашылады.

Бұл   карточкада   материалдық құндылықтардың аты, мөлшері, көлемі ,   өлшем бірлігі,  номенклатуралык номері   және   есептеу   бағасы   көрсетіледі.   Бұл   карточканы  жаңадан   кіріске  алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап,  одан кейін  кіріс  ету ордерімен  (реестр)  бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс —   шығысының   сорттық  —   сандық   есебі   сол   материалдарға  жауапты   адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы  басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.

Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына   материалдар   есебін   тиісті   түрде   жүргізуге   дайындалып   жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.

Қоймашы белгілеген   тәртіп   бойынша   толтырылған   алғашқы   құжаттардың   негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік –жинақтама  карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік – жинақтама  карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады.

Қоймалық сорттық карточканың дұрыс  жүргізілуін  бухгалтерия  бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі — жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері  есеп  карточкасының тиісті  жолына қол қояды. Қоймалық — сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі.

Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М — 18А қабылдау — өткізу регистрына тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мүндай жағдайда құжаттарды қабылдау — өткізу регистрын жасаудың керегі болмайды.

Егер орталық қойма немесе цех қоймасы шаруашылық субъектісі басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп картасын дұрыс жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және  шығыс  ету құжаттары белгіленген уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға табыс  етілуі  керек.

Шаруашылық  субъектісінің  орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдың ай соңындағы қалдық ведомосын (тізімін) тапсыру керек. Ведомость құрамыда өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір данасы жіберілген қателер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.

Материалдардың есебін жедел   оперативтік,   бухгалтерлік,   қалдықтық   әдіспен   жүргізген   жағдайда қоймалық есеп карточкамен қатар үлгілі түрі М — 20 қоймадағы материалдар қалдығын    есептеу    ведомосы    жүргізіледі.

Қойма    меңгерушісі    (бастығы) карточкалардағы      әрбір      ай      ішіндегі      жиынтық      деректері      бойынша материалдардың келесі  айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға    топталған    күйінде    көрсетіледі.    Бухгалтерияда    материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары   аз   болған   жағдайда  материалдарды   алған   адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар   тек   1    (бір)   айға   ғана   ашылып,   ай   соңында   бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының    құрылыс    басындағы    бөлімшелері    қоймалық    —    сорттық карточкасының   орнына   ай   сайын   материалдардың   кірісі,   босатылуы   және қалдығы жайлы үлгілі түрі М -19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл      есепте      материалдарға      жауапты      адамның      жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі.

Материалдық ресурстардың бухгалтериядағы есебін        ұйымдастыру.

Материалдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда олардың кірісі мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді. Мұндай есептік ұйымдастырылудың көп қиындығына байланысты аналитикалық есептеу жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.

Есеп жұмысына есеп регистірінің мүлде ұжымдық жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп мамандарының қайталап есеп беруі жұмысын біртіндеп қысқартады.

Соңғы кезге дейін бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық бағаларының есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Номенклатуралы нөмірлері карточка бөлек ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр бір құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін әр карточка бойынша материалдардың кірісі мен шығысының қорытындысын шығарып, олар жылдық айналым ведомостына жазылады.

Сөйтіп, бухгалтериядағы карточка қоймадағы жазылған деректер қайталанады. Айырмашылығы қоймадағы карточкада сандық есеп жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.

Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кей кездері кешігіп қалып отырады. Мұндай есеп материалдарға дер кезінде көмек жасауға жетілдірілген айналым ведомостін пайдаланып, жүргізілген сорттық, сандық есебінде орын алады.

Есептін бұл әдісін қолданылған кезден  бастап бухгалтерияда соттық, сандық, бағалы карточкалар пайдаланылмайтын болады. Шығысталған материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық айналым ведомосында жазылады.

Бұл әдісті пайдалануда бухгалтерия жұмысын жеңілдеткенмен кемшіліктер кездеседі. Ол  кемшілік қоймадағы материалдардың сандық есебі мен бухгалтерияда осындай есеппен қатар жүргізіледі.    Материалдардың  бұл екі есебі көбіне бір — бірімен есеп байланыссыз материалдар есебін одан әрі жүргізу негізінде жедел бухгалтерлік, оперативтік, салыстырмалы  есептеу әдісі пайда болады.

Егер ай бойы материалдарға кіріс, шығыс болса, онда саны мен

сапасы келесі айға жазылады. Материал қалдықтарының қойма карточкасы М -20 ведомосында сандық өлшемде көрсетілген материалдар жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың әр бір есептелу топтары мен синтетикалық шарттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Материалдардың сомалық есебі синтетикалық шарттар бойынша олардың ішінде әр бір материалдық топтары бойынша жүргізіледі. Өндірісте алдымен әр цех бойынша және шарттар материалдардың кіріс — шығыс №11 ведомоста топтастырылады. Ал №10 ведомоста өндіріске пайдалануға келіп түскен материалдар сонымен қатар сатылатын     материалдар     синтетикалық     шарттар     бойынша     көрсетіледі.  Пайдаланылған, сатылған материалдар №10 ведомость негізінде үлгілі түрі 10 -1 шығындарды есептейтін журналға жазады.

Құрылыста материалдардың бухгалтерлік жедел әдісі көбінесе үй қүрылыс комбинаттарында, өндірістік — технологиялық жинақтау басқармаларында, орталық қоймада тағыда басқа жерлерде қолданылады. Құрлысқа жүмсалатын материалдардың мөлшері ай аяғында қалдықтарды түгендеумен анықталады. Жедел бухгалтерлік әдіспен есеп жүргізбейтін кейбір ұйымдар орталық қоймада тек материалдар бойынша айлық есеп береді. Бухгалтерия қызметкері қойманың есеп беруімен бірге алғашқы құжаттарды да тексеруі керек. Есеп бергендегі ай бойы құрамында өзгеріс болмаған материалдардың ай басындағы саны мен сомасы сол күйінде келесі айға жазылады. М — 20 түрлі ведомостағы әр бір материалдар қалдықтары оның қоймадағы карточкадағы қалдықтарына әр қашан тең болуы шарт. Сондықтан бухгалтерия материалдардың әр бір номенклатурасы бойынша М — 20 түрлі ведомостағы материал қалдықтарының қойма қалдықтарына сәйкестігін жиі тексеру керек. Реестрге тапсырылған құжаттар таксировкалауға, қорапқа жинау және ярлыктармен белгілеуге жіберіледі. Құжаттардың алғашқы данасы ұзақ мерзімді есептік өңдеуге жіберіледі, ал екіншісі номенклатуралық номерімен құндылықтар топтары бойынша сақталу орнында қалады. Бұлар бухгалтериямен қоймада анықтамалық мақсатта қолданылады.

Жинақтау ведомосты материалдар есебі карточкасы мен материалдар қалдықтары кітабының берілгендерін бухгалтерия және қойма есебін салыстыру үшін жасалады.

Материалдар қалдықтар кітабы ай бойы бухгалтерияда қолданылып, ай соңында қоймаға беріледі. Онда қоймашы материал қалдықтарын жазып келесі айдың 1 — 3 — і аралығында бухгалтерияға қайтарылады. Жинақтау ведомостындағы материалдар қалдықтары кітабымен салыстырылады.

Бухгалтерияда жинақтау ведомостың негізге ала отырып (сальдолық әдіс қолданбаса) «Материалдар қозғалысының ақшалай көрінісі» ведомоста жазылады. Бұл ведомоста қоймадағы материалдар қозғалысы мен қалдықтары және ТЗР — ның орташа проценттік есебі көрсетіледі. Бұл ведомость екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорынға келіп түскен материалдардың нақтылы құны мен есептік бағасы және сомалары көрсетіледі. Екінші бөлімде «Материалдардың синтетикалық есебін жинақтаушы ведомость» немесе «Материалдардың қозғалысы мен қалдықтары туралы есебі» негізінде құрылады. Бұл бөлім берілгендері 20 — «Материалдар» бөлімдерінің шартары бойынша құрылған. Бас кітаппен салыстырылады. Бұдан көретініміз транспорт дайындаушы шығындары немесе шығысталған материалдардың нақты өзіндік құны мына бөлімдердің дебет шоттарында көрінеді: 8011/ 901 «Материалдық шығындар», 8031/921 «Материалдық шығындар»,8041/931 «Қосымша өндірістің  материалдық шығындары», 8011/901 «Материалдар шығындар» шотына көшіріліп жазылады.

Бухгалтерияда шығысталған материалдардың алғашқы құжаттарын негізге ала отырып «Материалдардың шығысталуын бөлу» таблицасы құрылады. Бұл кестеде тұтынушылардың цехы және шоттары, тапсырыстары, шығын статьялары, есептік басқадай объектілері немесе колькуляциясы және есептік бағасы бойынша материалдардың шығысы көрсетіледі.  Осы кесте бойынша Цех шығындары» ведомостына мынадай жазбалар жасайды: Дебет 8011/901, 8031/921,8041/931 шоттар, кредит  1310/201, 1311/202,1312/ 203, 1313/204,1314/ 205, 1315/206,1317/ 208.

Бухгалтерияда құндылықтардың сақталуына жүйелі түрде бақылау жасау мақсатымен әр бір материалдар қалдықтарына бақылау — таңдамалық тексеру жүргізілуі тиіс. Бухгалтерияның ең маңызды шешімдерінің бірі өндіріске материалдарды қолдануға бақылауды ұйымдастыру.

Ай соңында цехта қолданылмай қалған материалдарды өндірістік шоттарға сәйкес материалдар шоттарының берілгендерінің инвентаризациясы бағалауы есебімен шығарылады (дебет шоттар 20 «Материалдар» бөлімі, кредит  8011/901, 8031/921,8041/931). Жаңа айдың бірі күні бүл материалдар қалдықтары мынадай бухгалтерлік жазбалармен өндірістік шоттар есебіне жазылады. Дебет шоттары: 901, 921, 931. Кредит шоттар 20 «Материалдар» бөлімі.

Өндіріске қолданылатын материалдарға бақылау жасау үшін мынадай әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу, партия бойынша есеп, инвентаризация (түгендеу әдісі).

Нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу шоттардың бір түрін екіншісімен ауыстыру, нормадан тыс материалдарды босату жағдайында М -10 үлгілі түрдегі «Материалдарды алмастыру талап актісі» толтырылады.

Материалдардың әр партиясы бойынша ауытқуларды анықтауда партия бойынша есеп әдісі қолданылады. Бүл есеп цехтың жоспарлы кезекшілік бюрасы, мастер — распридителдермен іске асады. Есептік картада берілген партияны ашу нәтижесінде қандай көлемде және қандай детальдар алу керек екендігін және норма бойынша қалдықтар саны көрсетіледі. Нәтижелерді анықтау үшін нақты алынған детальдар саны нормативпен салыстырылады. Норма бойынша материалдар шығысы өңделген өнім санын шығын нормасына көбейту жолымен анықталады. Үнемдеу немесе шектен тыс шығын шығысталған материалдардың нақты санын нақты шығарылған өнімнің шығын нормасына салыстыру арқылы анықталады. Есептік картада ауытқу себептері мен материалдарға жауапты тұлға көрсетіледі. Партиялық есепті қолдану мүмкін болмаған жағыдайда ауытқушылық материалдың әр түрлі әр орындаушылар, бригада, бөлім немесе цех бойынша кезекті түгендеу көмегімен анықталады.

Цехтың ағымдық есебінің берілгендері негізінде бухгалтериядағы өндіріске материалдардың қолданылған, нормадан ауытқушылығы, үнемдеу немесе шектен тыс шығыстау себептері көрсетіліп рапорттар мен отчеттар тапсырылады.

Материалдардың қозғалысының есебі бойынша шотаралық байланыстарды қарастырсақ:

1. Жабдықтаушылардан қосымша құн салығысыз келіп түскен материалдар          құны
Дебет 1310/201, 1315 206,1317/ 208;

Жабдықтаушылардың сальіқ счет — фактурасына қосылған қосымша құн салығы сомасына Дебет 1420/ 331 «Қосымшы құн салығы». Кредит 4110/671 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесу» счет — фактураның жалпы сомасына қоймаға материалдар түсіп кірістеледі.

Егер салық счет — фактурасы болмаса және Қазақстан Республикасының есебінде қосымша құн салығы бойынша есепте тұрмаған жеткізушілермен төленген қосымша құн салығы есепке алынбайды, яғни 1420/331 шот дебетіне қатысы жоқ.

2.         Негізгі   құралдарды   жоюдан   түскен   материалдар:  1315/ 206   «Басқадай материалдар»   дебеттеліп, 6160/  727   «Қаржыландырудан түскен басқада кірістер  шоты кредиттеледі.

3. Өндірістегі ақаудан алынған, өндіріс қалдықтары, өндірістен қоймаға материалдар кірістеледі.                       .     .

Дт:   1310/201 «Шикізаттар мен материалдар», 1311/202 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар,   бұйымдар,   конструкциялар»,   1312/203   «Отындар»,   1314/205   «Қосалқыбөлшектер», 1315/206 «Басқадай материалдар».

Кт:      2930/ 126   «Аяқталмаған   құрылыс»,  7440/ 821    «Жалпы   және   әкімшілік шығындар»,   6312/ 862 «Табиғи    апаттардан    болған    табыстар    (шығын)»,    6313/863 «Тоқтатылған   операциялар   табысы»,   8011/901   «Материалдық   шығындар»,  8031/ 921«Қосымша өндірістің материалдық шығындары»,

4. Қоймада сақтауға, тиеп — түсіру, тасмалдауға кеткен шығындар төленеді. Дебет:1310/201-1317/208.

Кредит:  4110/671   «Жабдықтаушылар мен, мердігерлермен есептесу», 2150/333  «Жеке тұлғалар берешегі», 1060/441 «Есеп айырысу» шоты, 1010/451 «Кассадағы ұлттық валюта», 3350/681 «Еңбек ақы бойынша есептесу», 3440/687 «Басқадай кредиторлық есептесу» бөлімінің шоттары.

5. Қоймадан материалдарды шығыстау: 20 «Материалдар» бөлімі шоттары 1310/201 -1315/ 206,1317/ 208 кредиттеледі .

Дебет: 1316/207 «Өңдеуге берілген материалдар», 8011/901 «Негізгі   өндірістік   материалдың шығындары»,   8031/921    «Қосымша   өндірістік материалдардың    шығындары»,    8041/931     «Әлеуметтік    саланың    материалдық шығындары».

 Кредит: 7210/821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» жөндеу және ғимаратты ұстауға кеткен, басқару және шаруашылық бағыттағы шығындар, 7450/845 «Негізгі емес қызметтің басқадай шығындары» — дебеттеледі, нақты құнымен жіберілген еншілес кәсіпорынмен есептесу.

Келісілген бағамен өткізілген материалдар — 1350/301 «Сатып алушылармен есеп айырысу»,        1210/ 322      «Тәуелдікәсіпорындардың    бережағы»,    2110/323    «Бірлесіп    бақыланатын    ұйымдардың берешегі және 6130/ 727 «Негізгі емес қызмет табысы» шот кредиттеледі

«Табиғи апаттар мен тоқтатылған операциялардан болған табыс (зиян)» бөлімінің шоттары дебеттеледі, табиғи апат салдарынан жоюға материалдарды босату. Жұмсалған материалдарды тұтынушылар шотынан есептен шығару олардың нақты өзіндік құнымен есептеледі.

Өткізілетін материалдардың өзіндік құны есепті кезеңдегі (шығын ретінде) табыс пен байланысты шығын ретінде есептелінеді. Барлық есептен шығару сомалары өткізудің таза құнымен материалдардың жетіспеушіліктері есепті кезеңдегі есептен шығару немесе шығыны болып есептеледі. Өткізудің таза құны қарапайым шаруашылық қызметінің барысындағы болжамдалған бағадан оларды сатуды ұйымдастыру мен жинақтауға кеткен шығындары алып тастағанға тең.