Кадмий элементіне сипаттама

Кадмий элементі туралы қазақша реферат

Кадмий (Cd)-элемeнттepіне периодтық жүйесінің II ші тобындағы химиялық элемент, балқу температурасы 321,1°С,қайнау температурасы 766,5°С, тығыздығы 8,65г/см3.кадмийді 1817 жылы неміс физигі Ф.Штомейер ашқан.Кадмий күмістей ақ, жұмсақ металл, табиғатта тұрақты 8 изотопы бар. Негізгі минералдары гринокит,отавит,монтепонит. Изоморфты қоспа ретінде мырыш көбінесе сфалерит минералдарының құрамына кіреді.Құрғақ ауада кадмий тұрақты, дымқыл ауада оның бетінен оксидтің жұқа қабыршағы түзіліп, әрі қарай тотығуын тежейді. Кадмий буы сумен әрекеттесіп, сутек бөледі. Минералдық қышқылдармен өзара әрекеттесіп тұздар түзеді. Оның тұздарының ерітінділері гидролиздің нәтижесінде әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Балқу температурасының жоғары температурада кадмий галогендермен әрекеттесіп галогенидтер түзеді. Кадмийді қорғасын-мырыш,мыс кентастарын өңдеу кезінде өндіріп алады. Кадмий металл бетін коррозиядан қорғау үшін (кадмийлеу),аккумулятор жасауда; пегмент,шала өткізгіш материалды дайындауда, ядролық энергетикада, т.б. қолданылады.Кадмиийдің буы және оның қосылыстары улы. Бұл қосылыстармен демалған жағдайда олар қанға сіңіп, орталық жүйке жүйесін, бүйрек, бауырды жарақаттап, фосфор-кальций алмасуын бұзады.