Инновациялық стратегиялардың түрлері

Микро және макроорталығының жағдайына байланысты ұйымдардың стратегиясы келесі түрлерге бөлінеді:

1.     Белсенділер – шығармашылық, шабуылдық, озықтар;

2.     Енжарлар – бейімдеулік, қорғанулар , аутсайдерлер;

Белсенді стратегияларға: шабуылдық, авангардтық стратегиялары кіреді.

Енжар стратегияларына — тірі қалу стратегиясы, қорғану стратегиясы,  еліктеу стратегиясы, тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне көңіл бөлу стратегиясы жатады.

С. Д. Ильенкова инновациялық стратегиялардың келесі үлгілерін белгілейді:

1.     Шабуылдық–фирмалар, өз қызметін кәсіпкерлік бәсеке принциптерінің негізінде құрайтындарға мінездемелі;

2.      Қорғану–нарықта фирманың бәсеке позицияларын ұстап қалу үшін бағытталған;

3.     Еліктеу–нарық және технологиялық позициялары мықты қалыптасқан фирмалар ғана қолданады, пионерлерге жатпайды;

4.     Инновациялық стратегия, оның негізі тауардың тіршілік цикл теориясына салынған, яғни еңгізу, өсу, ер жету, басылу.

Д. Н. Оголева инновациялық стратегиялардың матрицасын ұсынады:

1.     Жаңарту;

2.     Технологиялардың жарым-жартысын жаңарту, жабдықтаудың және өнімнің жаңартулары;

3.     Өндірістің жүйелік жаңартуы, жаңалықтардың кластерлерінің негізінде;

4.     Радикал технологиялық шешімдердің еңгізуі және өндірістің өзгеруі.

А.М.Аньшин, А.А.Дагаев стратегиялардың келесі турлерін ұсынады:

1.     Ұлттық экономика деңгейіндегі макроэкономикалық инновациялық стратегиялары;

2.      Аймақтық инновациялық стратегиялар;

3.      Салалық деңгейдегі инновациялық стратегиялар;

4.      Микро деңгейдегі инновациялық стратегиялар.

Қазақстандық экономист Абдыгаппарова А., инновациялық процестердің стратегия үлгілерін анықтап қарайды:

1.     Қалдырылған стратегиясы — ескірген тауарлармен нарықта қалу ұмтылысын көрсетеді;

2.     Қорғану стратегиясы- бәсекешілерден қалмау мақсатын көздейді;

3.     Еліктеу стратегиясы — инновациялардың өндірісін патент лицензиясы мен франчайзинг негізіне бағытталған;

4.     Технологиялық жұлқыну стратегиясы–алдыңғы сатылардың технологияларын өтіп кете отырып, жаңа өнімдерге көшу;

5.     Артықшылықтардың салыстырма стратегиясы- кәсіпорынды дара қорлық потенциалымен қамтамасыз ететін өнімнің өндірісі;

6.     Тәуелді стратегиясы- кіші фирмалар ірі фирмаларға тәуелді болғанда ғана;

7.     Жаңа нарыққа шығу стратегиясы – нарыққа жаңа, ешкім өндірмейтін өніммен  шығу;